84
Мiне осылай когеренттi толқындардың қабаттасуының салдарынан кеңiстiктiң әрбiр нүктесiнде
жарық интенсивтiлiгiнiң күшейiп, не бәсеңсуiнiң уақыт бойынша өзгермейтiн орнықты бейнесiн
алу
жарық интерференциясы деп аталады.
Жоғарыда
анықтағанымыздай
орнықты
интерференциялық суреттi
алудың негiзгi шарты
жарық көздерiнiң
когеренттi
болуы. Алайда,
жарықтың шығуы жекелеген атомдарда өтетiн
процесстермен байланысты болғандықтан,
табиғи
жарық көздерi бiр-бiрiне ешқашанда когеренттi
болмайды. Сондықтан, әдетте интерференциялық
суреттi бiр жарық көзiнен шыққан толқындарды екiге
жiктеп, қайтадан қабаттастыра отырып алады.
Оның
мысалдары Френельдiң қос призмасы (1 - сурет),
Ньютон
сақиналары 2 - сурет) және жұқа қабыршықтағы
интерференция
(3 - сурет).
Жұқа
қабыршықтағы
интерференцияны бiз сабын көпiршiктерiнiң немесе
асфальттағы шалшық бетiне тамған майда түрлi-түстi болып
құбылып тұратын дақ түрiнде байқаймыз. Мұның себебi
қабыршыққа түскен жарық
оның жоғарғы және төменгi
беттерiнен
шағыла
отырып,
бiр-бiрiмен
қабаттасып
интерференцияланады.
Интерференция
құбылысы әртүрлi
зерттеу
жұмыстарында
өте
дәл
өлшеулер
жүргiзуге
мүмкiндiктер бередi. Себебi, мұндай өлшеулер кезiнде
жарықтың толқын ұзындығымен шамалас болатын өте
аз өзгерiстiң өзi интерференциялық суретте өлшеуге
болатын
елеулi
ығысуларға
алып
келедi.
Интерференция
құбылысын
пайдалана
отырып
өлшеулер жүргiзуге арналған құралдарды интерферометрлер деп атайды.
Алғашқы жасалған
мұндай құралдардың бiрi Майкельсон интерферометрi. 1887 жылы А.Майкельсон және Э.Морли
осы құралдың көмегiмен "жарықтың жылдамдығына Жер қозғалысының әсерi бола ма?" деген
сұраққа жауап iздеген әйгiлi тәжiрибесiн жасады. Эйнштейннiң салыстырмалы теориясын жасауда
бұл тәжiрибенiң шешушi роль атқарғаны ғылым тарихынан белгiлi.
Интерференция құбылысы сонымен қатар әртүрлi беттердiң өңделу сапасын тексеруге, оптикалық
құралдарда жарықтың әртүрлi линзалардың бетiнен шағылып, бейненiң сапасының төмендеуiн
болдырмауға т.с.с. қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: