252
нервтік импульсті тек нейроннің
денесіне қарай өткізсе, ал аксон импульсті нейронның
денесінен тек ары қарай (басқа нейронға немесе ағзаға) өткізеді.
Нервтік импульс бір
нейроннан екінші нейронға – нейронаралық синапс арқылы беріледі.
Қызметіне байланысты нейрондардың: сезімтал, аралық (ендірме) және қозғалтқыш
деп үш түрі ажыратылады.
1.Сезімтал (афференттік, рецепторлық)
нейрон. Бұл нейрондардың ерекшеліктері –
олардың денелері орталық нерв жүйесінен тыс орналасқан және дендриттері аксонына
қарағанда ұзын болады. Сезімтал нейрондардың өсінділері әдетте дендрит және аксон деп
аталмайды, дендриті –
шеткі өсіндісі, аксоны – орталық өсіндісі деп аталады. Сезімтал
нейронның шеткі өсіндісі рецептордан басталып, орталық өсіндісі жұлында немесе мида
аяқталады. Рецепторлар сыртқы немесе ішкі ортада әсер ететін тітіркендіргіштерді (
ақпаратты ) нервтік импульске айналдырады. Орналасқан
жеріне байланысты
рецепторлардың үш түрін ажыратады.
1.Экстероцепторлар сыртқы орта тітіркендіргіштерін қабылдайды. Олар теріде
және ауыз, мұрын қуыстарының шырышты қабықтарында, сезім ағзаларында орналасып -
жанасу, температуралық және ауырсыну сезімдерін қабылдайды.
2.Интероцепторлар ішкі ағзаларда орналасқан. Олар ішкі ортаның химиялық және
механикалық әсерлерін қабылдайды.
3.Проприоцепторлар тірек-қимыл мүшелерінде (бұлшықеттерде, сіңірлерде,
шандырларда, байламдарда сүйекқапта және буын қапшықтарында) орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: