Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет163/200
Дата23.10.2023
өлшемі2.15 Mb.
#481502
түріОқулық
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   200
АА Досаев Адам анатомиясы оқулық

Иіс сезу нерві (І) 
Иіс сезу нерві, nn. оlfactorii – І жұп нерві. Ол мұрын қуысының иіс сезу аймағының
шырышты қабығындағы биполярлы иіс сезу жасушаларының орталық өсінділерінен 
құралған. Иіс сезу нерві біртұтас сабауға жиналмайды, бірақ торлы сүйектің тесіктелген 
табақшасы арқылы бассүйек ішіне өтетін бірнеше будалар (15-20) қалыптастырады. Иіс 
сезу нерві иіс сезу буылтығының жасушаларында аяқталады. 
Көру нерві (ІІ) 
Көру нерві, n.opticus – ІІ жұп нерві, торлы қабықтың соқыр дақ (көру нерві дискісі) 
аймағында жақындасатын торлы қабықтың ганглиялық қабатының мультиполярлы 
нейрондарының аксондарынан түзілген. Көру нервінің құрамында 1 млн. шамасында 
талшықтар бар, сондықтан оның жуандығы қабықтарымен бірге 4 мм құрайды. 
Топографиясы бойынша көру нерві төрт бөліктен тұрады: 
1) Көз іші бөлігі - склера мен тамырлы қабықты тесіп өтеді; 
2) Көзұялық бөлік – көз алмасы мен көру өзегі аралығында; 
3) Өзек іші бөлігі – көру өзегінің ұзындығымен бірдей; 
4) Бассүйек іші бөлігі – ми негізінде, торлы қабық астындағы кеңістікте, көру 
өзегінен көру қиылысына дейін. 
Көру нервінің жалпы ұзындығы 50 мм шамасында. Сонымен бірге ең ұзыны 
көзұялық бөлігі (25-30 мм) Көру нерві көзұяда жан-жағынан ішкі және сыртқы 
қынаптармен қоршалған, олар мидың қатты және жұмсақ қабықтарының жалғасы, әрі 
қарай склераға ұласады. Қынаптар арасында, мидың қабықаралық қуыстарына ағып 
шығатын көзіші сұйықтығы бар саңылау тәрізді қынапаралық кеңістік жатыр. 
Көзұялық бөліктің орта жерінде көру нервінің сабауының астынан торлы 
қабықтың орталық артериясы (көз артериясының тармағы) кіреді, ол сәйкес венамен бірге 
көру нервінің ішінде орналасады. Ми негізінде оң және сол көру нервтері бір-бірімен 
жақындасып жартылай көру қиылысын – «Хиазма» құрады. 
Көз қозғалштқыш нерві (ІІІ) 
Көз қозғалтқыш нерві, n.oculomotorius – жұп нерві. Ол қозғалтқыш және 
вегатативтік ядролардың аксондарынан түзілген. Талшықтар құрамы бойынша аралас 
нерв. Жұп қозғалтқыш ядросы ірі ол 5 сегменттен тұрады. Әр сегмент көз алмасының 
белгілі бір бұлшықетімен жоғарғы қабақты көтеретін бұлшықеттің нервтенуін қамтамасыз 
етеді. Сыңар қозғалтқыш ядро-орталық сыңар ядро, қозғалтқыш ядроның төменгі 


291 
сегментімен бірге, көз алмасын ортаңғы жазықтыққа бір уақытта жақындауын 
(конвергенция)қамтамасыз ететін көз алмасының медиалды тік бұлшықетін нервтендіруге 
қатынасады. Парасимпатикалық ядро-көз қозғалтқыш нервінің қосымша ядросы 
(Якубович ядросы), nucl.oculomotorius accessotius, қарашық қысқышымен кірпікті 
бұлшықеттерді нервтендіреді. Көз қозғалтқыш нерві ортаңғы миден аяқша-аралық 
шұңқырдан (сәйкес жүлгеден)шығады, сонан соң алға бағыт алып үңгірлі қойнаудың 
бүйір бетімен өтіп көзұяның жоғарғы саңылауы арқылы көзұяға келіп шығады. Көзұяға 
кірмес бұрын нерв, жоғарғы және төменгі тармақтарға бөлінеді.
Жоғарғы тармақ таза қозғалтқыш, ол көз алмасының жоғарғы тік бұлшықетін және
жоғарғы қабақты көтеретін бұлшықетті нервтендіреді. 
Төменгі тармақ – аралас. Құрамындағы қозғалтқыш талшықтар төменгі және 
медиальді тік бұлшықеттерді, сонымен бірге көз алмасының төменгі қиғаш бұлшықетін 
нервтендіреді.
Төменгі тармақтан шығатын вегатативтік талшықтар көз қозғалтқыш түбіршігін 
(radix oculomotorius) құрап кірпікті түйінге бағытталады. Бұл түбіршіктің құрамында көз 
қозғалтқыш нервінің қосымша ядросының түйін алды дейін парасимпатикалық 
талшықтары өтеді.
Кірпікті түйін жасушаларының түйіннен кейінгі талшықтары қысқа кірпіктік 
нервтер (nn. ciliares breves) көз алмасына жетіп, қарашық қысқышын және кірпікті 
бұлшықеттерді нервтендіреді, сөйтіп аккомадацияны жүзеге асырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет