Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет165/200
Дата23.10.2023
өлшемі2.15 Mb.
#481502
түріОқулық
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   200
АА Досаев Адам анатомиясы оқулық

Әкететін нерв (VІ) 
Әкететін нерв, n.abducens- VІ жұп нерві, қозғалтқыш, ол ми көпірінде орналасқан 
қозғалтқыш ядроның, nucleus n.abducens нейрондарының аксондарынан түзілген. Нерв 
миден көпір мен сопақша ми пирамидасының арасындағы көлденең жүлге арқылы 
шығады да көзұяға бағыт алады. Нерв мидің қатты қабығын тесіп өтіп, үңгірлі қойнау 
ішінде тікелей веналық қан ортасында ішкі ұйқы артериясымен қатар орналасады. 
Әкететін нерв көзұяға көзұяның жоғарғы саңылауы арқылы кіреді, латералді жаққа 
ауытқып да көз алманың латеральді тік бұлшықетін невртендіреді. 
Бет нерві (VІІ) 
Бет нерві, n.facialis – бассүйектің VІІ-жұп нерві, сезімтал, қозғалтқыш және 
парасимпатикалық талшықтардан тұрады. Қозғалтқыш талшықтары, ми көпірінің 
тереңінде, бет төмпешігінің астында орналасқан қозғалтқыш ядроның аксондарынан 
құралған. Сезімтал талшықтар, бет өзегінің иіліміндегі сезімтал иін түйінінің, ganglion 
geniculi, псевдоуниполярлы жасушаларының орталық өсінділерінен түзілген. Көпірде 
сезімтал талшықтар жеке жол ядросында, nucl.solitarius бітеді. Бет нервінің 
парасимпатикалық преганглионарлық талшықтары ми көпірінің жамылғысында жатқан 
екі парасимпатикалық (секреттік) ядролардан: жоғарғы сілекей бөлетін ядро, 
nucl.salivatorius superior көзжас ядросынан nucl. lacrimalis, басталады. Бет нерві миден 
VІІІ жұптан ішке, көпір-мишық бұрышынан шығады. Топографиялық бет нервінің үш 
бөлігін ажыратады: беттік өзекке кіргенге дейін, беттік өзекте, беттік өзектен шыққаннан 
кейін. 


298 
Бірінші бөлігінде нерв тармақтар бермейді. Бет нервінің екінші бөлігінен үш тармақ
шығады: 
1) Үлкен тасты нерв, n.petrosus major, құрамы бойынша парасимпатикалық. Ол жоғарғы 
сілекей бөлетін және көз жас ядроларының аксоны болатын преганглионарлық 
талшықтардан түзілген. Үлкен тасты нерв, бет нервінің иіні тұсында басталып, онана әрі 
самай сүйек пирамидасындағы аттас өзек арқылы өтіп, саңылау арқылы пирамиданың 
алдыңғы бетіне шығады. Онан әрі аттас жүлгемен жыртық тесікке жетіп, ол арқылы 
бассүйек негізінің сыртында орналасқан қанаттәрізді өзекке кіреді. Өзек нервті 
қанаттаңдай шұңқырында орналасқан қанаттаңдай түйініне жеткізеді. Нерв қанат таңдай 
түйінінің нейрондарында бітеді. Айта кету керек, қанат тәрізді өзекте үлкен тасты нервке 
ішкі ұйқы артериясы өрімінен симпатикалық нерв – терең тасты нерв, n.petrosus 
profundus қосылады, біріккен нерв, қанаттәрізді өзектің нерві, n. canalis pterygoidei деп 
аталады. 
Бұрын көрсетілгендей, қанаттаңдай түйіні жоғарғы жақсүйек нервінен түйіндік 
тармақтар, rami ganglionares алады, ал оның постганглионарлық талшықтары таңдай 
нервтерімен, nn.palatini, мұрынның артқы нервтері, nn.nasales posteriorеs, құрамында 
ауыз және мұрын қуыстарының шырышты бездеріне жетеді.
Көзжас безіне қанаттаңдай түйінінен шығатын постганлионарлық секреттік талшықтар 
басында бетсүйек нерві құрамында болады, сонан соң одан бөлініп анастамоз арқылы 
көз жас нервіне (көз нервінің тармағы) қосылады. 
2) Дабыл ішегі, chorda tympani, ірі аралас нерв. Ол, тілдің алдыңғы 2/3 бөлігін сезімтал 
дәм сезумен қамтамасыз ететін дәм сезу талшықтарынан және төменгі жақсүйекасты 
және тіласты сілекей бездеріне, тілдің майда бездеріне баратын парасимпатикалық 
преганглионарлық 
(секреттік) 
талшықтардан 
құралған. 
Парасимпатикалық 
преганглионарлық талшықтар жоғарғы сілекей бөлетін ядроның нейрондарынан 
басталып төменгі жақсүйекасты және тіласты түйіндердің нейрондарында бітеді.
Сілекей бездеріне осы түйіндердің парасимпатикалық постганглионарлық талшықтары 
келеді. Дабыл ішегі бет нервінен беттік өзектің төмендеген бөлігі тұсында шығады да 
кері қайтып дабыл қуысына кіреді, сөйтіп самай сүйек пирамидасынан тас-дабыл 
саңылауы арқылы шығады. Дербес нерв болып 5-10 мм өткеннен соң дабыл шегі тіл 
нервімен қосылып (төменгі жақсүйек нерві тармағы) оның құрамында тіл бүртіктеріне
және вегетативтік түйіндерге жетеді. 
3) Үзеңгі нерві, n.stapedius, қозғалтқыш, бет нервінен беттік өзектің төмендеген бөлігінде 
шығады, үзеңгі бұлшықетін нервтендіреді. Бет нервінің беттік өзектен шыққаннан 
кейінгі тармақтары: 


299 
1) артқы құлақ нерві, n. auricularis posterior – құлақтың артқы бұлшықетіне
бассүйек үстілік бұлшықеттің шүйделік қарыншасына; 
2) қос қарыншалы тармақ, ramus digastricus– қос қарыншалы бұлшықеттің артқы 
қарыншасына 
3) біз– тіласты тармақ, ramus stylohyoideus – біз– тіласты бұлшықетіне.
Сонан соң бет нерві шықшыт безіне кіріп бір– бірімен қосылған 5-6 тармақтарға 
бөлінеді. Сонымен шықшыт безі ішінде шықшыт өрімі, plexus parotideus, түзіледі. 
Онан 5 қозғалтқыш тармақтар шығады: 
1) самайлық тармақтар, rami temporalis, бассүйек үсті бұлшықетінің маңдайлық 
қарыншасына, құлақтың алдыңғы бұлшықетіне және көздің дөңгелек 
бұлшықетіне; 
2) бетсүйектік тармақтар, rami zуgomatici, көздің дөңелек бұлшықетіне және 
бассүйектің үлкен бұлшықетіне; 
3) ұрттық тармақтар, rami buccales– бетсүйектің үлкен және кіші бұлшықетіне, 
жоғарғы ерінді көтеретін бұлшықетке, ұрт бұлшықетіне, езуді көтеретін 
бұлшықетке, күлкі, мұрын және ауыздың дөңгелек бұлшық еттеріне; 
4) төменгі жақсүйектің жиектік тармағы, ramus marginalis mandibulaе, езуді түсіретін 
бұлшықетке, төменгі ерінді түсіретін бұлшықетке, иек бұлшықетіне; 
5) мойындық тармақтар, ramus colli– мойынның тері асты бұлшықетіне. Бұл тармақ 
төменгі жақсүйек бұрышының артымен мойынға өтіп мойын мойын өрімінің 
көлденең нервімен қосылып, беткей мойын ілмегін, ansa cervicalis superficialis, 
түзеді. Қалған қозғалтқыш тармақтар құлақ қалқаны бүртігінің алдында желпініш 
тәрізді орналасып бірнеше рет соңғы тармақтараға бөлінеді; 
Сонымен, 
бет нерві нервтендіреді: барлық бет бұлшықеттерін,(ымдау 
(мимикалық)), үзеңгі бұлшықетіне, тілдің алдыңғы 2/3 бөлігіндегі дәм сезу бүртіктерін, 
төменгі жақсүйек асты және тіл асты сілекей бездерін, таңдайдың шырышты бездерін, 
мұрын қуысын және көзжас безін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет