315
2. Вегетативті нерв жүйесінде рефлекторлы доғаның тек эфферентті звеносы
болады, бұл доғаның афферентті звеносы нерв жүйесінің
басқа бөліктерімен ортақ
болады.
3. Импульстер жылдамдығы вегетативті нерв жүйесінің эфферентті талшықтары
бойымен 10 м ̸ с, ал нерв жүйесінің басқа бөліктерінің эфферентті талшықтары бойымен
100 м ̸ с-қа дейін.
4. Вегетативті нерв жүйесінің талшықтарында нерв жүйесінің басқа бөліктерінің
эфферентті талшықтарымен салыстырғанда жұмсақ қабық мүлде
болмайды немесе әлсіз
дамыған, сондықтан бұл талшықтардың диаметрі кіші (5-6 мкм).
5. Вегетативті нерв жүйесінің орталық бөлігі де, шеткі бөлігі де біркелкі емес
таралған, яғни ошақтар түрінде орналасады.
6. Соңғы нейрон денесі шетте орналасады. Олардың
жиынтығы перифериялық
вегетативті түйін түзеді.
7. Вегетативті нерв жүйесінің орталығынан шығатын эфферентті талшық ағзаға
баратын жолында вегетативті түйіндерде үзіледі және сәйкесінше түйінге дейінгі және
түйіннен кейінгі деп бөлінеді.
8. Вегетативті нерв жүйесі жүректі,
қан және лимфа тамырларын, лимфа
түйіндерін, бездерді, ішкі ағзалардың
паренхимасы мен қабырғаларын, көз ядросын
нервтендіреді, сондай-ақ тіндерді қоректендіреді (И.П.Павлов).
Вегетативті нерв жүйесінің бас миы мен жұлында орналасатын нерв жасушалары
мен талшықтар кешенінен тұратын орталығын және көптеген вегетативті түйіндерден,
нервтерден, нерв өрімдерінен тұратын шеткі бөлігін ажыратады.
Топографиялық принцип бойынша вегетативті нерв түйіндерін
омыртқа
бағанасының екі жағында орналасқан паравертебралды, алдында орналасқан
превертебралды және ішкі ағзалар қабырғасында орналасқан интрамуралды деп бөледі.
Қызметтік антагонизм негізінде вегетативті нерв жүйесін симпатикалық (pars
sympathica) және парасимпатикалық ( pars parasympathica) деп бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: