318
ПАРАСИМПАТИКАЛЫҚ БӨЛІК
Вегетативті нерв жүйесінің
парасимпатикалық бөлігінің (pars parasympathica)
симпатикалық бөліктен айырмашылығы аздаған ағзалар мен тіндерді нервтендіреді.
Сонымен, парасимпатикалық бөлік қан тамырларының көп бөлігінің бірыңғай
бұлшықеттерін, бүйрекүсті бездерін, несепағарды, түкті қапшықтар мускулатурасын және
т.б. нервтендірмейді.
Парасимпатикалық жүйенің негізгі қызметі жүрек жиырылуын баяулату, кейбір қан
тамырларын кеңейту (коронарлы тамырларды тарылтады), бездер секрециясын (сілекей,
асқазан бездері және т.б.) жоғарылату, ішектер перистальтикасын күшейту,
қарашықтарды тарылту және т.б.
Парасимпатикалық бөліктің орталық және шеткі бөлімдерін ажыратады.
Парасимпатикалық бөлік орталықтары көзқозғалтқыш, бет,
тіл-жұтқыншақ, кезбе
нервтердің құрамында жүретін түйінге дейінгі талшықтардан, интрамуралды түйіндерден
(кірпікті, қанат-таңдай, құлақ, төменгі жақсүйекасты түйіндері), ішкі ағзалық жамбас
нервтері мен олардың байланыстарынан тұрады.
Кірпікті түйін (ganglion ciliare) көлемі кішігірім, көру нерві мен көздің сыртқы тік
бұлшықетінің арасында орналасады. Оның түйінге дейінгі
тармақтары қосымша ядрода
(ортаңғы мида) басталып, көз қозғалтқыш нервінің аттас түбіршігінің (radix oculomotoria)
құрамында жүреді. Бұл талшықтар кірпікті түйін жасушаларында аяқталады, түйіннен
кейінгі талшықтары қысқа кірпікті нерв (nn.ciliares breves) құрамында нұрлы қабық пен
кірпікті дененің бірыңғай салалы бұлшықетті талшықтарына барады. Кірпікті түйін
арқылы (онда аяқталмай) парасимпатикалық талшықтардан басқа симпатикалық түйіннен
кейінгі талшықтар (І мойынқ симпатикалық түйіннен көз артериясының өрімі арқылы)
және үшкіл нервтің сезімтал талшықтары (мұрын-кірпік нервінің тармақтары) өтеді.
Қанат-таңдай өрімі (ganglion pterygopalatinum) бассүйектің аттас шұңқырында
орналасады. Түйінге дейінгі талшықтары аралық нервтің (көпірдің дорсалды бөлігінде)
сілекей бөлетін жоғарғы ядросынан шығатын үлкен тасты нерв құрамында жүреді.
Түйіннен кейінгі талшықтар түйіннен бет нервінің көзжас
нервімен анастомозы арқылы
көзжас безіне барады. Соңғысының құрамында түйіннен кейінгі парасимпатикалық
талшықтардан басқа бездерден сезімтал талшықтар, симпатикалық талшықтар (І мойын
симпатикалық түйінінен шығатын түйіннен кейінгі талшықтар терең тасты нерв арқылы)
және ішкі ұйқы артериясы өрімінен (самай сүйектің тасты бөлігінің ұйқы өзегінде)
талшықтар болады.
Құлақ түйіні (ganglion oticum) сынатәрізді сүйектің үлкен
қанатының төменгі
бетінде орналасады. Оған парасимпатикалық талшықтар дабыл нервінің, кейін кіші тасты
319
нервтің құрамына енетін төменгі түйін деңгейінде тіл-жұтқыншақ нервінің төменгі
сілекей бөлетін ядросынан түйінге дейінгі талшықтар келеді. Нерв талшығы жыртық тесік
шеміршегін тесіп өткеннен кейін құлақ түйіні жасушаларымен байланысады. Түйіннен
кейінгі талшықтар құлақ-самай нервінің құрамында шықшыт безіне барады. Соңғысының
сезімтал талшықтары сол нерв бойымен жүреді, ал түйіннен кейінгі симпатикалық
талшықтары шықшыт безіне ортаңғы менингиалды артерия өрімінен келеді.
Төменгі жақсүйекасты түйіні (ganglion submandibulare) сопақша, қысыңқы келген,
жақсүйекасты безінің үстінде, тіласты нервінің сабауына жақын орналасады. Түйінге
дейінгі талшықтары аралық нервтің жоғарғы сілекей бөлетін ядроларынан,
тіл нервіне
(үшкіл нерв тармағы) қосылатын дабыл ішегі арқылы жүреді. Түйіннен кейінгі
талшықтары тіласты, жақасты және көптеген ұсақ сілекей бездеріне барады.
Симпатикалық түйіннен кейінгі талшықтар бұл бездерге ішкі ұйқы нерві (бірінші мойын
симпатикалық түйінінен) құрамында келеді. Бездерден сезімтал талшықтар тіл нервінің
құрамында өтеді.
Кезбе нерв (n.vagus) құрамында қозғалтқыш (ерікті) және сезімтал талшықтардан
басқа парасимпатикалық түйінге дейінгі және түйіннен кейінгі талшықтар болады. Кезбе
нервтің дорсалды ядросынан басталатын түйінге дейінгі талшықтар кезбе нерв сабауында
жататын жасушаларда, ішкі ағзалардың интрамуралды немесе экстрамуралды вегетативті
түйіндерінде (ganglia cardiacа, celiacа, aorticorenalia, mesenterica superior және т.б.) үзіледі.
Кезбе нервтің түйіннен кейінгі талшықтары айтарлықтай кең таралады:
жұтқыншақтың
шырышты қабығының бездері, қалқанша без, өкпе, жүрек, кеңірдек,
бронхтар, асқазан,
жіңішке ішек, тоқ ішек сигматәрізді ішекке дейін, бауыр, бүйректер, көкбауыр, ұйқы безі.
Вегетативті нерв жүйесінің жамбас бөлігінің орталығы жұлынның сұр затының ІІ-
ІҮ сегізкөз сегменттерінде жатады. Орталықтан түйінге дейінгі талшықтар алдыңғы
түбіршіктер құрамында, ары қарай ІІ-ІҮ сегізкөз нервтерінің алдыңғы тармақтарымен
бірге foramina sacralia pelvina арқылы шығады.
Олар осы жерде бөлініп, ішкі ағзалық
жамбас нервтері (nn.splanchnici pelvini) түрінде жамбас және төменгі құрсақасты
вегетативті түйіндеріне немесе тікелей жамбас қуысы ағзаларының (vesica urinaria, uterus,
rectum және т.б.) интрамуралды парасимпатикалық түйіндеріне барады.
Ішкі ағзалық жамбас нервтері ішектер перистальтикасын күшейтеді, артқы өтістің
ішкі қысқышын босаңсытады және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: