Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет177/200
Дата23.10.2023
өлшемі2.15 Mb.
#481502
түріОқулық
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   200
АА Досаев Адам анатомиясы оқулық

Асықты жілік нерві (n.tibialis) (L
4
-S
3
) тақым шұңқырының тамыр-нерв шоғырының 
қзұрамында (бұл жерде тамырлардың артында орналасады) беткей жүре отырып, балтыр-
тақым өзегіне кіріп, malleolus medialis-ты айналып өтіп, аяқ басының табандық бетіне барып, 
медиалды және латералды табан нервтеріне бөлінеді. Асықты жілік нервінен тақым шұңқыры 
аймағында балтырдың медиалды терілік нерві (n.cutaneus surae medialis) шығып, балтыр 
бұлшықеті бастарының арасынан (аяқтың кіші теріасты нервінен сыртқа қарай) төмен 
бағытталып, дәнекер тармақтар арқылы n.cutaneus surae lateralis-пен бірігеді. Балтырдың артқы 
топ бұлшықеттеріне, тізе буынының капсуласына, сирақ-асық буынының медиалды бөлігіне 
және тілерсек буындарына көптеген тармақтар береді.
Табанның латералды нерві (n.plantaris lateralis) аттас артерия және венамен бірге 
табанның латералды жүлгесімен жүре отырып, беткей және терең тармақтарға бөлінеді. Беткей 
тармағы Ү бақайдың сыртқы, латералды және медиалды беттерінің, ІҮ бақайдың сыртқы және 
латералды беттерінің терісін және табанның осы бақайларға сәйкес келетін бөлігінің терісін 
нервтендіреді; бұдан басқа, осы тармақ ІҮ, Ү бақайлардың дисталды бунақтарының сыртқы 
бетінің терісін нервтендіреді. Терең тармақ mm.interossei dorsales et plantares, lumbricales
III, IY, 
adductor hallucis, flexor hallucis brevis пен кіші бақай томпағының бұлшықеттерін 
нервтендіреді. 
Табанның медиалды нерві (n.plantaris medialis) аяқ басының медиалды жиегінде аттас 
артериямен бірге бүккіштер ұстағышының беткей және терең жапырақшаларының арасындағы 
өзекте орналасады. Табанның медиалды артерияларымен және веналарымен бірге m.abductor 


314 
hallucis brevis пен бақайлардың қысқа бүккіштерінің медиалды жиегінің арасындағы ұңғылда 
дисталды бағытталады. Нерв бұл жерде табанның медиалды-дисталды жартысының терісін, І-
ІІІ бақайлардың табандық беті мен ІҮ бақайдың медиалды жағының терісін нервтендіретін 
тармақтарға бөлінеді. Бұдан басқа, табанның медиалды нерві m.flexor digitorum brevis пен 
mm.lumbricales І, ІІ-ге, үлкен бақай томпағының үлкен бақайды әкелетін бұлшықетінен басқа 
бұлшықеттеріне және үлкен бақайдың қысқа бүккішінің терең басына бұлшықеттік тармақтар 
береді. 
Құйымшақ өрімі (plexus coccygeus) (S
5
-Co
1
) құйымшақ бұлшықеті мен құйымшақ-
қылқан байламының жамбастық бетінде орналасады. Одан артқы өтіс аймағының терісін 
нервтендіретін артқы өтіс-құйымшақтық нервтер шығады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет