33
ұяшықтар түзеді. Артқы ұяшықтар жоғарғы, ортаңғы және алдыңғы
ұяшықтар ортаңғы мұрын жолдарымен қатынасады.
Торлы сүйек даму тұрғысынан кейінгі сүйектерге жатады.
Сынатәрізді сүйек, оs sphenoidale, денеден және үш жұп өсінділерден
тұрады.
Сынатәрізді сүйектің денесі, corpus ossis sphenoidalis, ортаңғы
бассүйек шұңқырын, мұрын қуысының жоғарғы, көзұяның медиалды
қабырғаларын және бассүйектің сыртқы негізін түзуге қатынасады.
Сынатәрізді сүйектің кіші қанаты, ala minor ossis sphenoidalis,көзұяның
жоғарғы қабырғасының бөлікшесі болып алдыңғы бассүйек
шұңқыршасының құрамына кіреді. Сынатәрізді сүйектің үлкен қанаты
ala
major ossis sphenoidalis, өзінің
милық бетімен facies cerebralis, бассүйектің
ортаңғы шұңқыршасына қараған, көзұлық беті;
facies orbitalis, көзұяның
бүйір қабырғасының бөлігі; жоғарғыжақ беті самайасты, қанат – таңдайлық
шұңқыршаларға бағытталған.
Самай беті, facies temporalis, самайастылық
қыр, crista infratemporalis арқылы екі алаңға бөлінген, олардың жоғарғысы
самай, ал төменгісі самайасты шұңқыршаларының
медиалды қабырғаларын
түзеді.
Қанаттәрізді өсінді, processus pterygoideus, бассүйектің сыртқы
негізінде орналасқан, алдынан бір-бірімен бітіскен, ал артынан ашық екі
табақшадан,
lamina lateralis et lamina medialis processus pterygoideus тұратын
түзіліс. Медиалды табақша төменінде қанат тәрізді ілмекпен
hamulus
pterygoideus аяқталады.
Сүйектің денесінің ішінде өзі аттас үлкен тесікпен жоғарғы мұрын
қалқанының артынан мұрын қуысына ашылатын
сынатәрізді қойнау,
sinus sphenoidalis орналасқан.
Сынатәрізді сүйек даму тұрғысынан аралас.
Оның үлкен қанаттарының латералды бөліктері, қанаттәрізді өсіндінің
медиалды табақшасы (қанаттәрізді ілмектен басқа) және сынатәрізді қалқан
34
даму үрдісінде екі сатыны өтсе, қалған бөліктері кейінгі сүйектерге
жатады.
Достарыңызбен бөлісу: