Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет22/200
Дата23.10.2023
өлшемі2.15 Mb.
#481502
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   200
АА Досаев Адам анатомиясы оқулық

Самай сүйек, os temporale, төрт бөліктен: қабыршақтық, squama
temporalis; емізіктәрізді, pars mastoidea; дабылдық, pars tympanicа және
тасты (пирамида), pars petrosa (pyramis) құралған. Самай сүйектің
қабыршағы бассүйектің төбесін құрауға қатысса, дабыл және тасты бөліктері
оның негізін жасайды. Дабыл бөлігі және бассүйектің сыртқы негізінде
сыртқы есту өтісін шектейтін жұқа табақша.Тасты бөліктің 3 жиегін, 3 бетін
және ұшын айырады. Алдыңғы және жоғарғы жиектері; margo anterior et
margo superior, ортаңғы бассүйек шұңқырына қараған алдыңғы бетін
шектейді. Жоғарғы және артқы жиектерінің, margo superior et margo
роsterior арасында бассүйектің артқы шұңқыршасын құрауға қатысушы
артқы беті орналасқан, ал төменгі беті facies inferior болса бассүйектің
сыртқы негізін түзеді.
Самай сүйектің пирамидасында: ішкі есту өтісі,  meatus acusticus internus;
дабыл қуысы, cavitas tympanica оның ішінде үш есту сүйекшелері орналасқан
malleus, балғаша,incus, төс,stapes, үзеңгі және лабиринт (ішкі құлақ), 
labyrinthus (auris internus) сонымен қатар бірнеше өзектер орналасқан. 
Емізіктәрізді бөлік, ұяшықтардан cellulae mastoidea, емізіктәрізді өсінді,
ішіндегі ең кеңі емізіктәрізді үңгір, antrum mastoideum. 
Самай сүйек даму тұрғысынан аралас : пирамидамен емізіктәрізді
бөліктері кейінгі , ал қабыршақ пен дабыл бөліктері алғашқы
сүйектерге жатады. 
Мисауыт сүйектерінің негізгі бөліктерінің нақтылы көрсеткіштері –
3-ші кестеде берілген. 
Бет өзегі, canalis facialis, ішкі есту өтісінің meatus acusticus internus
түбінен басталып,әрі қарай пирамиданың ішімен латералды бағытталып
hiatus canalis nervi petrosi majoris-қа жетеді, сол жерде 90 градустық


35 
бұрышпен иіліп, бет өзегінің имегін, geniculum canalis facialis түзеді. 
3 кесте. Сүйектердің бөліктері және беттері 
Сүйектердің
атаулары 
Негізгі құраушы 
бөліктері 
Беттері 
Маңдай сүйек, 
os frontale 
1. мұрын бөлігі,pars nasalis; 
2. қабыршақ squama frontalis; 
3. көзұялық бөлік, pars orbitalis 
(жұп) 
- сыртқы беті, facies
externa; 
- ішкі (милық) беті, 
facies interna (cerebralis) 
Шүйде сүйек, 
os occipitalе 
1. базилярлық бөлік, pars basilaris; 
2. қабыршақ, squama occipitalis; 
3. латералды бөлік, pars lateralis 
(жұп) 
- сыртқы беті, facies
externa; 
- ішкі (милық) беті, 
facies interna (cerebralis); 
Шеке сүйек, 
os parietale 
 
- сыртқы беті, facies
externa; 
- ішкі (милық) беті, 
facies interna (celebralis) 
Торлы сүйек, 
os ethmoidale 
1. тесіктелген (торлы) табақша, 
lamina cribrosa; 
2. перпендикулярлы табақша, 


36 
lamina perpendicularis; 
3. торлы лабиринт, 
labirinthus ethmoidalis 
көзұялық бет - facies 
orbitalis 
Сынатәрізді сүйек, 
оs sphenoidale
1. Сынатәрізді сүйектің 
денесі; corpus ossis sphenoidalis; 
2. Кіші қанаттар, ala minor (жұп); 
3. Үлкен қанаттар, ala major (жұп); 
4. Қанаттәрізді өсінді processus 
pterygoideus 
- милық бет, facies 
celebralis; 
- көзұялық бет - facies 
orbitalis; 
- жоғарғы жақтық бет, 
facies maxillaries; 
- самайлық бет, facies 
temporalis 
Самай сүйек, 
оs temporale 
1. Самай сүйек қабыршағы, squama 
temporalis; 
2. Емізіктәрізді бөлігі, pars 
mastoideа; 
3. Дабыл бөлігі, pars tympanicа; 
4. Тасты бөлік, (пирамида) 
pars petrosa ( pyramis) 
- сыртқы беті, facies
externa; 
- ішкі (милық) беті, 
facies interna (celebralis); 
- алдыңғы беті, facies 
anterior; 
-артқы беті, facies 
posterior; 


37 
- төменгі беті, facies 
inferior 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет