Үлкен тасты
нерв өзегі ,
canalis nervi
petrosi majoris
бет өзегі, имекті аймақ,
geniculum canalis
facialis
үлкен тасты нерв
саңылауы, hiatus
canalis nervi petrosi
majoris
- үлкен тасты
нерв,n. pertosus
major (бет нервінің
тармағы)
Дабыл ішегі
өзекшесі,
canaliculus
chordae tympani
бет өзегінің
емізіктәрізді тесігі,
foramen stylomastoideum
тасты дабылдық
саңылау, fissura
petrotympanica
- дабыл ішегі,
chorda tympani
(бет нервінің
тармағы)
Дабыл
өзекшесі,
canaliculus
tympani
дабылдық шұңқырша,
fossula petrosa (aperturа
inferior canaliculi
tympanici)
кіші тасты нерв
саңылауы, hiatus
canalis n. petrosi
minoris
- дабыл нерві, n.
tympanicus
(тіл – жұтқыншақ
нервінің тармағы)
Бұлшықет –
түтіктік өзек,
canalis
musculotubarius
а) semicanalis m.
tensoris tympani
б) semicanalis
tubae auditivae
дабыл қуысы, cavitas
tympani
пирамида ұшы, apex
pyramis
- m. tensor tympani;
- pars ossea tubae
auditivae
Ұйқы өзегі,
canalis caroticus
сыртқы ұйқы тесігі,
foramen caroticum
externum
ішкі ұйқы тесігі,
foramen caroticum
internum
- ішкі ұйқы
артериясы, a.
carotis interna;
39
- ұйқы өзегінің
веналық өрімі,
plexus venosus
caroticus internus;
- ішкі ұйқы өрімі,
plexus caroticus
internus;
(симпатикалық
сабаудың жоғарғы
түйінінен) ganglion
superius truncus
sympathicus
Ұйқы-дабылдық
өзекшелер,
canaliculi
caroticotympanici
ұйқы өзегі, canalis
caroticus
дабыл қуысы,
cavitas tympanica
- ұйқы-дабылдық
артериялар,aa.
caroticotympanici a.
carotis interna
(ішкі ұйқы
артериясынан);
- ұйқы-дабылдық
нервтер, nn.
caroticotympanici
(ішкі ұйқы
өрімімен, дабыл
нервінен pl.
caroticus internus et
n.tympanicus)
Емізіктәрізді
өзекше,
canaliculus
mastoideus
мойындырық
шұңқыршасы, fossa
jugularis (foramen
mastoideum)
(емізіктәрізді тесік)
емізіктәрізді-
дабылдық саңылау,
fissurа
tympanomastoidea
(aperturа canaliculi
mastoidei)
- кезбе нервтің
құлақ нерві, ramus
auricularis n. vagi
Төменгі жақсүйек, mandibula денесінен және жұп тармақтардан
құралған. Төменгі жақтың тармағы тәждік, processus coronoideus және
40
буындық (айдаршықтық) processus articularis (condylaris) өсінділерімен
аяқталады.
Желбезек сүйек, vomer мұрын қуысының қалқасын түзуге қатынасады.
Тіласты сүйек, os hyoideum мойын аймағында орналасқан: оған көмей
мен мойынның тіласты сүйегі асты және тіласты сүйегі үсті бұлшықеттері
бекиді. Сүйектің шығу тегі мен дамуы ескеріліп тіласты сүйегі,бассүйектің
беттік бөлігі сүйектеріне жатқызылды.
Тіласты сүйек денесі, corpus ossis hyoidei, және 2 жұп өсінділерінен;
үлкен мүйіз, cornu majиs, кіші мүйіз, cornu minus тұрады.
Жоғарғы жақсүйек, maxilla, денесін және төрт өсіндіден құралған.
Жоғарғы жақсүйек денесінің, corpus maxillae, төрт бетін ажыратады: Мұрын
қуысының бүйір қабырғасын құрауға қатынасатын мұрын беті, facies
nasalis, көзұяның төменгі қабырғасын түзуге үлесі бар, көзұялық бет, facies
orbitalis, қанаттәрізді – таңдай шұңқырдың алдыңғы бетін түзуге
қатынасатын самайасты беті, facies infratemporalis және көбінде иттістік
шұңқырымен, fossa canina, белгілі алдыңғы бет, facies anterior.
Жоғарғы жақсүйек денесінің ішінде мұрын қуысының ортаңғы мұрын
жолына ашылатын жоғарғы жақсүйектік ( Гаймор қуысы), sinus maxillaris
(Higmori) орналасқан.Бұл қуыс басқа қалған қуыстардан айырмашылығы,
тек осы қуыспен ғана нәресте туылады, ал басқа бассүйектік қуыстар
кейіннен постнатальды кезеңде қалыптаса бастайды. Бассүйектердегі ауалы
қуыстардың қалыптасу уақыттарымен қатынастары туралы деректер
төмендегі кестеде көрсетілген.
5 кесте. Бассүйектердегі ауалы қуыстардың қалыптасу уақыттарымен қатынастары
туралы деректер
Қуыстардың атаулары
Қалыптасу мерзімі
Қатынастары
Жоғарғы жақсүйектік қуыс, ұрықтық дамудың 5-6 - мұрын қуысы (ортаңғы мұрын
41
sinus maxillaris
айларында
жолы, meatus nasi medius)
Маңдай қуысы, sinus
frontalis
туылғаннан соң
12- айда
- мұрын қуысы (ортаңғы мұрын
жолы, meatus nasi medius)
Торлы сүйек
ұяшықтары,cellulae
ethmoidalis :
а) алдыңғы
б) ортаңғы
в) артқы
туылғаннан соң
9-12 ай өткенде
а) - мұрын қуысына (ортаңғы
мұрын жолы, meatus nasi medius)
б) - мұрын қуысына (жоғарғы
мұрын жолы, meatus nasi
superior)
Емізіктәрізді ұяшықтар,
cellulae mastoideae
туылғаннан соң
5-8 ай өткенде
- емізіктәрізді қайнау дабыл
қуысымен байланысқан, cavitas
tympanica
Жоғарғы жақсүйектің маңдайлық өсіндісі, processus frontalis maxillae,
мұрын қуысының бүйір, ал көзұяның медиалды қабырғаларын түзуге,
таңдайлық өсінді, processus palatinus, сүйектік (қатты) таңдаймен және
мұрын қуысының төменгі қабырғасын құруға; ұяшықтық өсіндінің,
processus alveоlaris ұяшықтарында тіс түбірлері орналасқан; беттік өсіндісі,
processus zygomaticus бет сүйегімен қосылады.
Таңдай сүйек, os palatinum горизонтальдық және перпендикулярлық
табақшалардан, lamina horizontalis et lamina perpendicularis құралған.
Горизонтальдық табақша сүйекті таңдайдың бір бөлігі мен мұрын
қуысының төменгі (түбі) қабырғасын құруға қатынасады. Перпендикулярлық
табақша мұрын қуысының бүйір қабырғасының құрамына кіреді де, қанат-
таңдайлық шұңқырының медиалды қабырғасын түзеді. Перпендикулярлық
табақшадан қанат-таңдайлық тілікпен бөлінген көзұялық және сынатәрізді
өсінділер processus orbitalis et processus sphenoidalis шығады, ал
42
пирамидалық өсінді, processus pyramidalis сынатәрізді сүйектің қанаттәрізді
тілігіне ене орналасқан.
Көзжасы сүйегі, os lacrimale көзұяның медиалды, ал мұрын қуысының
бүйір қабырғаларының құрамына кіреді.
Төменгі мұрын кеуілжірі, concha nasalis inferior, мұрын қуысының бүйір
қабырғасындағы жоғарғы жақсүйектің кеуілжірлік қырымен, crista
conchalis, таңдай сүйектің перпендикулярлық табақшасына бекіп, төменгі
мұрын жолын шектейді. Оның үш өсіндісін айырады: көзжасы өсіндісі,
processus lacrimalis; жоғарғы жақсүйектік өсінді, processus maxillaris; торлы
өсінді processus ethmoidalis.
Бет сүйек, os zygomaticum, маңдай, самай және жақсүйектердің беттік
өсінділерімен байланысқан. Самай сүйектің беттік өсіндісімен қосылып бет
доғасын, arcus zygomaticus түзеді. Бассүйектің беттік бөлігінің кейбір
сүйектерінің басты бөліктері № 6 кестеде келтірілген.
6 кесте. Бассүйектің беттік бөлігінің кейбір сүйектерінің басты бөліктері
Сүйектердің
атаулары
Негізгі құраушы
бөліктері
Беттері
Төменгі
жақсүйек,
mandibula
1. денесі, corpus mandibulae;
2. тармағы, ramus mandibulae; (жұп)
Жоғарғы
жақсүйек,
maxilla
1. денесі, corpus maxillae
2. маңдайлық өсінді, processus
frontalis;
3. таңдайлық өсінді, processus
palatinиs;
4. ұяшықтық өсінді, processus
- мұрындық беті, facies
nasalis;
- көзұялық беті, facies
orbitalis;
- самайастылық беті, facies
infratemporalis;
- алдыңғы беті, facies
43
alveоlaris;
5. беттік өсінді, processus
zygomaticus
anterior
Таңдай сүйек,
os palatinum
1. перпендикулярлық табақша,
lamina perpendicularis;
- сынатәрізді өсінді, processus
sphenoidalis;
- көзұялық өсінді, processus
orbitalis;
2. горизонтальды табақша, lamina
horizontalis;
- пирамидальды өсінді, processus
pyramidalis
Бассүйектің онтогенезі
Бастың бет пен мисауыт сүйектері әр түрлі ұрықтық негізден дамиды.
Бассүйектің мисауыт бөлігінің негізі мен төбесінің даму көздері әр түрлі.
Мисауыт сүйектерінің дамуы
Мисауыт сүйектері хорданың краниальды ұшын қорғай орналасқан бас
сомиттерінің склеротомдарынан ми дамуымен бір уақытта қалыптасады.
Эмбриогенездің 1-айында жарғақты бассүйек дамиды. Ол құты (футляр)
тәрізді миды қамтыған мезенхималық тегі бар таза дәнекер тіннен тұрады.
Осы түзілістерден мисауыт сүйектері дамиды; маңдай, шеке сүйектер,
самай сүйектің қабыршақтық және дабыл бөліктері, шүйде сүйектің
қабыршағының жоғарғы бөлігі дәнекер тіннен дамып шығады.
Эмбриогенездің 2-ай шамасында шеміршектік негіз пайда болады. Осы
кезде хорданың бастық шетінен парахордальдық, ал олардың алдынан
прехордальдық табақшалар түзіледі.
44
2-айдың соңына таман шеміршектік табақшалар мен шеміршектік қалталар бір-
бірімен
жақындасып, бассүйектің шеміршектік негізін құрады. Осы кезеңде
бассүйектің шеміршектік негізінде ми нервтері өтетін тесіктер мен өзектер
қалыптасады.
Шеміршектік қапшықтардың табақшалармен бірігуінің нәтижесінде
шеміршектік аймақтар пайда болады. Олар: көзұялық, лабиринттік және
шүйделік.
Торлы аймақ, прехордальдық табақшалардың алдыңғы шеттерінің
мұрын қапшықтарымен бірігуінен түзілген. Келесі кезеңдерде басқа бет
сүйектерінен энхондральдық дамуымен ерекшелінетін торлы сүйекпен
төменгі мұрын кеуілжірі қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |