45
висцеральдық болса, басқалары желбезектік деп аталады.
Бірінші висцеральдық доғадан екі есту сүйекшелері: балғаша, төсше
және Меккел шеміршегі дамиды. Төменгі жақсүйектің дамуы Меккел
шеміршегінің дистальды бөлігін қоршай орналсқан мезенхимадан басталады.
Бұл шеміршек біртіндеп кері дамып бір уақытта ғайып болады. Сондықтан
төменгі жақсүйектің денесімен тармақтары, кейіннен шеміршек негізінен
дамыған сүйектік бөлшектерімен қосылған эндосмальды сүйек болып
табылады. Төменгі жақсүйектің екі өсіндісі де энхондральды дамиды.
Екіншісі висцеральдық доғаның (тіласты шеміршегі) ортаңғы
бөлігі кері дамып ақырында біз-тіласты байламына айналады. Шеміршектік
доғаның проксимальды бөлімінен есту сүйекшесі – үзеңгіше және самай
сүйегінің пирамидасымен бітіскен шеміршектік бізтәрізді өсінді дамиды.
Бассүйектің мисауыт бөлігі
Жоғарыда тоқталғандай бассүйектің мисауыт бөлігі оның негізі мен
күмбезінен (төбесі) тұрады. Екі бөліктің шекарасы,
protuberantia occipitalis
externa –дан басталып,
linea nuchae surerior-мен
porus acusticus externus-тің
үстін бойлай
basis processus mastoideus-ке жетеді. Әрі қарай шекара
basis
processus zigomaticus ossis temporalis – пен
crista infratemporalis alae majoris
ossis sphenoidalis –
тар арқылы өтіп,
processus zigomaticus ossis frontalis-қа
жалғасады,
margo supraorbitalis-пен
sutura nasofrontalis -та бітеді.
Достарыңызбен бөлісу: