Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет11/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   205
Акмеология

20
21
үдерісін есепке алады. Сондықтан қазіргі түсініктемелерде шыңның 
тарихи қалыптасқан екі анықтамасы бар: – акме символ ретінде: тау 
(шың) жəне кульминация (culminis – шың) – бір нəрсенің дамуы, 
көтерілуі, жоғары қысым нүктесі жəне fl uorite, кульминация ұғымын 
өркендеу мен гүлденудің символы ретінде қарастырады. 
Адамның өмірлік нығайтушы жəне жетекші функциясы ретінде, 
болашақты əлеуметтік оңтайлылықтың ілгері дамушы моделі 
ретінде болжауға ұмтылыс, тұлғаның осы үдерісте өзінің рөлін 
анықтауға деген ұмтылысы алынады. Акмеология дамудың негізгі 
принциптерінің бірін, яғни шыңға жетуді басқарады, ол жағымды 
əлеуметтік идеалды қалыптастыру арқылы болашақты дамытудың 
бағытын ұсынады. 
Акмеологияның дамуында төрт негізгі саты анықталады: 
– латентті – адамтанудың акмеологиялық аясын ғылыми тұрғыда 
тануда тарихи, мəдениеттанушы, əлеуметтік, философиялық, 
ғылыми, педагогикалық, тəжірибелік алғышарттарды бірте-бірте 
құрастыру; 
– номинациялық – осындай тектегі білімде əлеуметтік 
қажеттілікті саналы ұғыну; 
– инкубациялық – акмеологиялық мəселенаманы зерттеудің 
қажеттілігі туралы тұжырымдамалы ой-пікірдің туындауы жəне 
акмеологияның ерекше пəн ретінде кеңейту бағдарламасын ұсыну; 
– институционалды – əлеуметтік құрылымдарды құру: жоғары 
оқу орындарында жəне акмеологиялық ғылымдардың Халықаралық 
академиясында акмеологиялық кафедралар мен факультеттерді
зертханаларды құру. 
Қазіргі жағдайда, қоғамда жəне тарихта тұлғаның рөлін 
жеткілікті бағаламаудың нəтижесінде, оның мəртебесі қоғамның 
маңызды құрамдасы ретінде ғана емес, сонымен бірге ілгері дамудың 
маңызды факторы ретінде танылып келеді. Қазір тұлғаның алдына 
дайын шешімдері болмайтын күрделі мəселелер қойылады. Тұлға 
өзін тек жоғары білікті кəсіби маман ретінде ғана емес, сонымен 
бірге, өзін ойлай жəне əрекет ете алатын, белгісіздік, қарама-
қайшылық жəне тəуекел жағдайында дамуға қабілетті адам ретінде 
көрсетуі керек. Басқаша айтқанда, енжар орындаушыға қарама-
қарсы тип қалыптасуы қажет. Аталған қоғамдық жағдайда тұлғаның 
құндылығы, оны жетілдіру жəне өзінің кəсіби іс-əрекетін жəне 
əлеуметтік рөлін жоғары, тиімді жүзеге асыру қабілеті, толыққанды 
өмір сүруі туралы ғылым ретінде акмеологияны дамытудың өзіндік 
əлеуметтік тапсырысы болады. 
Білім берудің жаңа парадигмасы ретінде акмеологияны қарастыру 
мəселесіне А. А. Деркач, А. А. Бодалевтің зерттеулері арналады: 
«Кең мағынасында акмеологияның пəні ретінде, бір-бірімен өзара 
əрекеттесіп, ересек адамның ілгері дамуына ықпал ететін немесе 
кедергі келтіретін объективті жəне субъективті факторлар, сонымен 
бірге ересек адамға өзінің дамуында «акме» ұғымымен белгіленетін 
шыңға жетуге мүмкіндік беретін заңдылықтар мен механизмдер 
алынады».
Осылайша, акмеология төмендегі мəселелерді зерттейді: 
– жоғары жетістіктерге (шыңдарға) жету жолында қайта құрушы 
іс-əрекет үдерісінде кемелденген адамдардың шығармашылық 
əлеуетін өзіндік жүзеге асырудың заңдылықтарын; 
– шыңға жетуге ықпал ететін жəне кедергі келтіретін объективті 
жəне субъективті факторларды; 
– өмірлік шыңдарда оқытудың заңдылықтарын жəне іс-əрекеттегі 
кəсібиліктің заңдылықтарын; 
– өзіндік білім алу, өзін-өзі ұйымдастыру жəне өзін-өзі бақылауды; 
– қажеттіліктер мен бағдарлардан, өзіндік қызығушылықтардан, 
ғылым, мəдениет, техниканың дамуынан, кəсіп пен қоғамның дамуы-
нан туындайтын жаңа талаптардың əсерімен өзін-өзі жетілдірудің, 
өзін-өзі түзетудің жəне өзін-өзі ұйымдастырудың заңдылықтарын
өзіндік іс-əрекеттегі қабілеттер мен мүмкіндіктерді, жетістіктер мен 
кемшіліктерді саналы ұғынуды. 
Акмелогияның бағыттары: 
Қазіргі кезде жалпы акмеологиядан басқа, оның басқарушы, 
педагогикалық, əскери, спорттық жəне т.б. буындары пайда болды. 
Акмеологияның жалпы негіздері: 
1. Кəсіби акмеология, ол келесі буындарға бөлінеді: 
– педагогикалық акмеология; 
– əскери акмеология; 
– əлеуметтік акмеология; 
– мектеп акмеологиясы; 
– медициналық акмеология. 
2. Басқару акмеологиясы. 
3. Креативті акмеология. 
4. Синергетикалық акмеология. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет