18
19
4) синергетикалық білім беру жүйесінде педагог пен оқушының
өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жетілдіруінің біріктіруші өлшемдері
тұрғысында білім беру сапасын бағалау: шығармашылық – жеке
адамның біртұтас дамуының жоғары деңгейі ретінде; денсаулық
– адамның өмірлік күш-қуатының біріктіруші өлшемі ретінде;
шығармашылық – адамның белсенділігі мен дербестігінің жоғары
деңгейі ретінде; кемелдену – өскелең жас ұрпақтың ересектенуінің
əрбір жас кезеңінде дамудың, білім беру мен тəрбие бірлігінің
біріктіруші өлшемі ретінде; кəсібилік – адамның кəсіби іс-əрекеттегі
маңызды күш-қуатын практикалық тұрғыда жүзеге асырудың
жоғары деңгейі, руханилығы ретінде.
Білім беру акмеологиясы білім берудегі акмеологиялық тұғырда
жобалаушы-бағдарлаушы, қайта құрушы іс-əрекет ретінде жəне
адамның əлеуметтік-мəдени болмысын өзіндік ұйымдастыру
саласында, білім берудің акмеологиялық тұжырымдамасын жүзеге
асыратын білім беру жүйесінің тиімді модельдерін құрады.
Білім беру акмеологиясы (Н.В. Кузьмина, А.А. Деркач,
А.А. Реан, В. Н. Максимова, Е.И. Степанова, Ю.А. Гагин жəне т.б.) –
бұл адамның дамуы, білім беру жүйесінің алуан түрлі типінде жəне
түрлерінде адам дамуында жəне іс-əрекетіндегі шыңдарға жету
туралы білімді, білім беру ортасында біріктіретін философиялық
жəне психологиялық-педагогикалық ғылым.
Қазіргі заманғы білім беруді ізгілендіру үрдісі, адам, оның дамуы
туралы білімге деген қызығушылықты біршама арттыруға, адамның
дамуы мен руханилығының тұтастығын түсіндіруге əкелді.
Акмеологиялық бағдар қазіргі қоғам үшін ерекше өзекті, онда
төмендеу, апатия, қамығу, руханилықтың болмауы, шарасыздық
күйлері басым болады. Соған орай, ересектерге білім беру жүйесінің
əлеуметтік рөлі, оның стратегиялық идеологиялық қызметі,
адамның өзіндік санасын қайта құру, даралықтың өзіндік дамуы мен
қалыптасу механизмдерін ашу біршама артты, бұл əсіресе педагогтің
дипломнан кейінгі білім алуы үшін ерекше маңызды.
Қазіргі заманғы акмеология қалыптасу сатысында келеді.
Акмеология – жаратылыстану, қоғамдық жəне гуманитарлық
пəндердің түйісуінде пайда болған жəне адамның кемелдену
сатысында дамуының заңдылықтары мен механизмдерін зерттейтін,
əсіресе осы дамудың аса жоғары деңгейіне жетуін зерттейтін ғылым.
Қазіргі заманғы білімнің үш негізгі əдіснамалық бағдары
бар: жаратылыстану-ғылыми, гуманитарлы жəне технологиялық.
Акмеологияның негізгі сипаттамаларын қарастырамыз.
1. Жаратылыстану-ғылыми бағдар дербес сала ретінде
бөлініп шығуға ұмтылыста көрінеді. Əдіснамалық тұрғыда ол көп
жағдайда классикалық жаратылыстану білімінде қалыптасқан
пəндік стандарттарға сүйенеді (эксперименттік деректерді сипаттау,
заңдылықтар мен механизмдерді зерттеу, олардың математикалық
тұрғыда сенімділігін қамтамасыз ету түрінде). Бірқатар акмео-
логиялық феномендерді талдауда (дарындылықтың табиғатын,
генетикалық жəне физиологиялық ерекшеліктерді, кəсіби шебер-
ліктің қалыптасуының психофизиологиялық алғышарттарын жəне
т.б.) жас ерекшелік психологиясынан, психогенетикадан, еңбек
психофизиологиясынан жəне т.б. салалардан жаратылыстану-
ғылыми білімдерге деген аппеляция жүзеге асады.
2. Гуманитарлы бағдар адам туралы ғылымдармен генетикалық
өзара əрекетке негізделетін онтологиялық байланыста жəне дербес
пəн ретінде олардан пəндік тұрғыда ажырауда көрінеді. Акмеология
пайда болғанға дейін ересектердің кəсібилігі, шығармашылығы,
оларға білім беру зерттелді, алайда шеберлікті, оның «акме»
атты шыңдағы түрлерін зерттеудің өзгешелігі акмеологиялық
технологияларды құрастыруға жəне ерекше мəселенаманың
туындауына əкелді.
3. Технологиялық бағдар техникалық ғылымдармен өзара əре-
кеттестікте (кибернетика, жүйелі техника, ақпарат теориясы жəне
т.б.) жəне практикалық бағдарланған білімнің нақты стандарттарын
қолдануда көрініс береді. Ескеретін бір жайт, акмеология техникалық
пəндермен жанама түрде байланысты, мысалы, адамзат факторын
техникада оңтайландыруды қамтамасыз ететін эргономика арқы-
лы байланыстыруға болады. Сонымен бірге, гуманитарлы білімді
технологияландыруда психотехника жəне ойын техникасы,
инноватика жəне рефлексия И.Семенов бойынша жəне техникалық
ғылымдарды ізгілендіруде (бионика, соционика, эвристика, си-
нергетика жəне т.б. пайда болуы) көрініс беретін қазіргі заманғы
праксеологияның акмеологияға əсерін ескеру қажет.
Зерттеудің негізгі əдісі ретінде, шыңдық тұғырды сипаттайтын
акмеологиялық аспект, бір шыңға жетудің нəтижесінен келесі
шыңдағы нəтижеге деген қозғалысты талдауды есепке алады, яғни
нақты нəтижеге жетудің бір шыңынан екінші шыңына жетілдіру
|