310
311
əртүрлі деңгейіне ие болады, бұл адамдардың дара ерекшеліктеріне,
педагогтардың тұлғасына, олардың орындайтын іс-əрекетінің типіне,
адамның белсенділік деңгейіне, оқытудың материалды-техникалық
жағдайларына байланысты болады.
Білім беру мазмұны – бұл тұлғаны дамытудың, адамның пəндік
жəне əлеуметтік құзыреттілігін дамыту деңгейі, ол оқыту үдерісінде
қалыптасады. Нəтижесінде, білім берудің мақсаты ретінде тұлғалық
əлеуетті «жетілдіру» алынады. Тұлғаны оқытудың дəстүрлі
технологиясының авторитарлы тəсілдерімен, əдістерімен жəне
жағдайларымен жетілдіруге бола ма? Əрине, жоқ.
Психологияда контекст «жағдаят» ұғымымен байланысты
(субъектіні белсенділікке ынталандыратын жағдайлар жүйесі). Яғни,
жағдаятқа сыртқы жағдайлар, субъект, оның байланыс құратын
адамдары енгізіледі.
Əрекет етпес бұрын, адам контексті ақпаратты көбірек жинауға
тырысады. Қазіргі туралы көп білетін болсақ, болашақты оңай
болжай аламыз. Психологтар озық көріністі (көңіл-күйдің баста-
масы, күту, интуиция) антиципация деп атайды. Мұнда адамның
іс-əрекетінің нəтижесіне əсер ететін оқиғаларға дейін ағзада
пайда болатын үдерістер туралы сөз болады. Антиципациялар
контекстердің əсерімен құрылады. Егер адамда белгілі контексте
тіркелген мінез-құлық үлгілері болмаса, оның ағзасы импульсивті
түрде жауап қайтарады.
Болжау немесе жобалау бастапқыны бір қадам алға жетілдіруге
негізделеді. Нəтижесінде, контекст субъектінің ойлауын белсендіре
алады жəне оны проблемалық, шығармашылық жағдаятқа енгізеді,
субъектіні жаңа контекстерге баули отырып, оның ашылуына ықпал
етуі мүмкін.
Психологиялық терминдерде, бұл түсіну – антиципация мен
рефлексия үдерістерінің бірлігін білдіретін болады. Антиципа-
ция болашаққа жол ашады, ал рефлексия өтілген жол бойынша
қозғалыстың дұрыстығын тексереді, ол шығармашылық үдерісте
кері байланыстың эквиваленті болады. Адам үшін қазіргінің мəні
өткен мен болашақтың контексінде айқындалады.
«Контекст» сөзінің ауқымды мағынасы болуы мүмкін: аталған
ұғыммен физикалық əрекетті, қылықты, репликаны, мотивтер
жүйесін белгілеуге болады. Нəтижесінде, контекстер əлеуметтік,
мінез-құлықтық, эмоционалды, тарихи, мəдени, əрекеттік болуы
мүмкін.
Бұл тұрғыда жоғары оқу орнындағы оқу үдерісі əлеуметтік
тəжірибенің көріністерінің бірі болып табылады, ол қоғамда бола-
тын жақсы жəне нашар заңдылықтарды көрсетеді. Салдарында, оқу
үдерісі – көпқырлы қоғамдық өмірдің үзіндісі ғана, ол оқытудың бір
технологиясына құрыла алмайды.
Адамның санасы мен психикасын шынайы түсіну олардың
«адамдардың өмірі мен іс-əрекетінің шынайы контексіне» енгізуді
талап етеді.
Бұл қағиданың жоғары оқу орнындағы кəсіби оқытуда үлкен мəні
болады, себебі өмірдің жəне болашақ еңбектің контекстері оқуды
тұлғалық мəнмен толықтырады, танымдық үдеріске енгізілудің ша-
масын анықтайды.
Контексті оқыту технологиясының мəні.
Контексті оқыту технологиясы тұрғысында, кез келген кəсіби
білім берудің негізгі мақсаты – студенттің болашақ кəсіби іс-
əрекеттің біртұтас моделін қалыптастыру болып табылады.
Жоғары оқу орнында оқытуға қатысты А.Н. Леонтьевтің біліктер
мен дағдыларды əрекеттік меңгеру туралы теориясы, үш жаһандық
қиындықпен кезігеді. Оларды саналы ұғыну қиын, алайда олар-
ды жеңу одан да күрделі. Мұнда тағы бір түсініктеменің жөні бо-
лады, осындай ақылды, пайдалы жəне тиімді контексті оқыту
технологиясының кең, ауқымды қолданысқа ие болмағанының
себебі болады.
Бірінші қиындық, кəсіби іс-əрекетті меңгеру белгілі бір сапалы
əрекеттің – оқу іс-əрекетінің аясында жəне оның құралдары арқылы
қамтамасыз етілуде көрініс табады, ол өзіндік ерекшеліктерімен си-
патталады.
Достарыңызбен бөлісу: |