Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет164/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   205
Акмеология

320
321
мен бірге, студенттерге оны шешудің алгоритмі (тəсілі) беріледі. 
Мұнда ойлау талап етілмейді. 
Проблема проблемалық жағдаяттан бастау алады. Алайда, 
егер міндет «туа біткен» проблемалық жағдаят ретінде объективті 
түрде өмір сүретін болса, онда таным жəне ойлау субъектісінен тыс 
проблема болмайды. Проблема аталған проблемалық жағдаяттарға 
адамның психикалық күйі ретінде анықталады, ол меңгерген білім, 
əрекет құралдары мен тəсілдерінің көмегі арқылы шешудің мүмкін 
еместігін саналы ұғынумен сипатталады. 
Адамның санасында проблеманың пайда болуы, ықтималдық 
сипатына, проблемалық жағдаяттағы белгілі бір жағдайлардың 
көп болуына немесе жеткіліксіздігіне, таңдаудың екі немесе одан 
көп баламасының болуына, шешім қабылдау үшін уақыттың 
жетіспеушілігіне, 
оның 
критерийлерінің 
көптігіне 
немесе 
белгісіздігіне, шешімді бірлесіп қабылдаудағы жағдаятқа əртүрлі 
көзқарастардың болуына негізделеді. 
Проблема – бұл өзінің білімдегі кемшіліктерін саналы ұғыну, 
«білмеу туралы ақпарат» алу (К.Поппер). Бейнелі айтқанда, проблема 
– бұл танымдағы «ойық», ол тұлғаның өзіне, басқа адамдарға
табиғатқа берілетін сұрақтармен жабылады. 
Автордың алдын ала белгілеген тапсырмасымен немесе 
оқытушының бастапқы міндетті қоюымен салыстырғанда, 
проблеманың орталық буыны ретінде белгісіздік алынады. Оны ашу 
адамнан белгісіздің салыстырмалы мəніне қатысты болжамды ұсыну 
жəне оны іздеудің саласын ұсынумен, сонымен бірге осы болжамды 
бекітетін немесе теріске шығаратын зерттеуді ұйымдастырумен 
байланысты болады. 
Студенттердің проблемалық тұғырдағы танымдық іс-əрекетінің 
жолы, біршама мазмұнды, қызықты жəне өнімді. Студент ойлауды 
енгізуді талап ететін зерттеуші позициясында болады, жұмыстың 
барлық сатысында, біреуінен басқасында – құрастырылған міндетті 
практикалық шешу сатысында болады. 
Студенттердің екі жағдайдағы əрекетінің сатылары мен 
мазмұнын салыстыру тек проблемалық тұғырдың оның ойлауын 
дамыту мүмкіндіктерін қамтамасыз етуін көрсетеді. Бұл міндеттерді 
немесе тапсырмаларды қолданудан бас тартуды білдірмейді; мұнда 
оқытудың мазмұнында жəне білім беру үдерісінде проблемалық 
принципін жетекші принцип ретінде жүзеге асыру туралы сөз 
болады. 
Үш қайнар көзді анықтауға болады, оларға сүйеніп, контексті 
оқытудың теориясы мен технологиясы құрастырылған: 1) отандық 
психологияда дамыған оқудың əрекеттік теориясы; 2) белсенді, атап 
айтсақ проблемалық оқытудың формалары мен əдістерін қолданудың 
алуан түрлі тəжірибесін теориялық жалпылау; 3) студенттің болашақ 
кəсіби іс-əрекетінің пəндік жəне əлеуметтік контексінің, оқу іс-
əрекетінің үдерісіне жəне нəтижесіне мағына құраушы əсерін түсіну. 
Контексті оқыту теориясы Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, 
А.Н. Леонтьев, П.Я. Гальперин, В.В. Давыдов жəне т.б. ғалымдардың 
еңбектерінде көрсетілген əлеуметтік тəжірибені меңгерудің əрекеттік 
теориясын дамытудың бағыттарының бірі болып табылады. 
Соған сəйкес, оқытудың мазмұнын меңгеру студентке ақпаратты 
қарапайым беру жолы арқылы емес, оның қоршаған əлемнің заттары 
мен құбылыстарына бағытталған, өзіндік, ішкі мотивацияланған 
белсенділік үдерісінде жүзеге асырылады. 
Белсенді, «біржақты» іс-əрекет арқылы (А.Н. Леонтьев), 
əлеуметтік тəжірибені меңгеру, адамның психикалық функцияларын 
жəне қабілеттерін дамыту, оның объективті əлеммен, басқа 
адамдармен, өзімен қатынастар жүйесі арқылы жүзеге асады. Осы 
тұрғыда студенттің мақсаты, білім, білік жəне дағдыларды меңгеру-
ден құралмайды (олар қажет, алайда жеткіліксіз), ол маманның 
біртұтас кəсіби іс-əрекетін меңгеруінен құралады. 
Психологиялық əдебиеттерде əртекті контекстердің адам 
психикасына, санасына жəне іс-əрекетіне мағына құраушы əсері 
туралы мəліметтер өте көп, қабылдау иллюзиясынан жəне контекст 
бойынша семантизациядан бастап, шығармашылық ойлауға дейін. 
Контекстің нəтижесінде, адам нені күтуге болатынын біледі, оны 
саналы түрде интерпретациялай алады; əрекет етпес бұрын, ол 
барлық мүмкін болатын контексті ақпаратты жинауға тырысады; 
болашақты білу, қазіргіні жеңіл қабылдауға мүмкіндік береді. 
Мақсатты бағытталған мінез-құлық жүзеге асатын контексті есте 
сақтамаса, ол бұзылады, ағза көптеген күйлердің еркінде болады, 
нəтижесінде адам оны реттей алмайды. Осылайша, ішкі жəне 
сыртқы əлем адамға өзінен-өзі «берілмейді», ол белгілі пəндік жəне 
əлеуметтік контексте ұсынылады; кез келген психикалық құбылысты 
түсіндіру оны контекст ретінде зерттеуді талап етеді. 
Сондықтан танымдық іс-əрекет формасында студентке 
ұсынылатын кəсіби іс-əрекеттің пəндік жəне əлеуметтік контексте-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет