Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет163/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   205
Акмеология

318
319
ші факторы болып табылады. Оны белсенді формада сабақта 
қолданылатын оқытудың мазмұнын жəне оқу материалын қа-
лыптастыруда ескеру қажет. 
Студент нақты жағдаят ойдан құрастырылған болса жəне 
кəсіп саласында шынайы болмысты білдірмесе немесе оның 
қызығушылығына сəйкес болмаса, аталған жағдаятты зерттемейді.
Керісінше, егер материал күнделікті өмірде шешілетін жəне кезігетін 
сипаттамалық мəселелерден құралатын болса, оның қызығушылығы 
күрт артады. Бұл жағдайда студенттің танымдық белсенділігі, осы 
мəселені зерттеудегі жеке қызығушылықпен, оны шешу тəжірибесін 
меңгерумен, аса тиімді əдістерді игерумен негізделетін болады.
Іс-əрекеттің шығармашылық сипаты, оқу үдерісінде жəне кез кел-
ген кəсіби саладағы танымға деген қуатты стимул болып табылады. 
Проблемалық оқыту принциптерін жəне оқу-танымдық іс-əрекетінің 
зерттеу сипатындағы принциптерді жүзеге асыру, білімгерлердің 
шығармашылық қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бұл өз 
кезегінде олардың жаңа білімді белсенді, дербес жəне топтық іздеуге 
ынталандырады. Шығармашылық ізденіс қызықтырады жəне баули-
ды, зерттелетін мəселенің тереңіне енуді талап етеді, таным объектісі 
болатын дербес жаңалыққа əкеледі. 
Жарысу – танымдық іс-əрекетті белсендендірудің қуатты ын-
таландырушы факторы. Алайда, оқу үдерісінде ол үздік бағалар 
үшін жарысуға тірелмейді. Мұнда басқа мотивтер əрекет етуі 
мүмкін. Ешкім жолдастарының алдында «ұятқа қалғысы» келмейді, 
əрбір білімгер өзінің қабілетті екендігін көрсетуге тырысады: олар 
тəжірибе алмасуға дайын болады, өзінің аналитикалық ойлау, 
мəселелерді білу қабілетін көрсеткісі келеді жəне т.б. Жарысу ын-
таландырушы фактор ретінде, ашық түрінде əдеттегі сабақтарды 
жүргізуде өзін белсенді формада көрсетеді (мысалы, пікірталас 
үдерісінде). Ол ойын формасында өткізілетін сабақтарда біршама 
дəрежеде байқалады. 
Контексті оқыту – кəсіби бағдарланған оқыту. Мұнда бар-
лық білім болашақ кəсіби іс-əрекет контексінде беріледі жəне 
оқытылады. Əртүрлі əдістемелердің жалпы негізі ретінде кəсіби 
контекст алынады. Мұнда пəнаралық сабақтастық байланыстарды 
атап өту қажет. Онсыз контексті оқытудың мəні жоғалады. Контексті 
оқыту тұжырымдамасы кəсіби оқытуда, оқу мекемесінің əртүрлі 
типтерінде өнімді болады. 
Жоғары оқу орнында оқытудың негізгі мақсаты ретінде болашақ 
мамандардың тұлғасын жалпы жəне кəсіби дамыту, олардың біртұтас 
кəсіби іс-əрекетті меңгеруі алынады. 
Əдетте «ақпарат» жəне «білім» ұғымдары теңдестіріледі. 
Алайда, ақпарат объективті ұсынылған семиотикалық білім болса 
(жазбаша немесе ауызша мəтін), онда білім əрдайым субъективті 
– бұл шынайы əлемнің бейнесі, оның адам санасындағы көрінісі. 
Ақпарат білім мəртебесіне келесі жағдайларда ие болады: 1) есте 
сақталып қоймайды, ол адамның өзіндік ойы арқылы жүреді жəне 
сол арқылы саналы ұғынылады; 2) оның негізінде белгілі теориялық 
немесе практикалық əрекеттер орындалады. Сондықтан, егер студент 
емтихан билетіндегі теориялық сұрақтарға жауап беріп, практикалық 
сұраққа жауап бере алмаса, ол ақпаратты меңгерген болып саналады, 
алайда білімді меңгерген болып саналмайды. Мұндай «формалды 
білім» тез ұмытылады жəне оқытудың мəнсіздігін сезінуге əкеледі. 
Ең алдымен, оқытудың мазмұнын меңгеру мен жобалаудың 
адекватты бірлігін таңдаудағы тұғырды анықтау қажет. Мұндай 
бірлік ретінде, дəстүрлі түрде «ақпараттың бөлігі», тапсырма жəне 
міндет алынады. 
Өмірде жəне кəсіби іс-əрекетте əрине, міндеттер бар, оларды 
шешімнің таныс тəсілдерін меңгеріп шешу қажет. Ең күрделі 
тапсырмаларды компьютер жақсы шешеді, ол алдын ала ұсынылған 
алгоритмді «еске түсіреді». Сонда компьютердің ойлау жүйесі бар 
ма? Əрине, жоқ. Ойлау белгілі бір қарама-қайшылық туындағанда 
пайда болады, оны машина түсіне алмайды. Ойлаудың бірлігі 
ретінде, міндет емес, проблема алынады. 
Міндет пен проблеманың ортақ қайнар көзі болады – проблема-
лық жағдаят. Осы жағдайға енетін адамның қарама-қайшылықты 
саналы ұғынуы, оның жаңа білімге деген қажеттілігінің пайда 
болуына əкеледі. Проблемалық жағдаятты талдау нəтижесінде, ол 
міндетке немесе проблемаға қайта құрылуы мүмкін. Мұның бəрі 
ойлаудың енгізілуінің қажеттілігін негіздейді. 
Оқу міндеті – бұл адамдардың практикалық немесе зерттеуші 
тəжірибесіндегі өткен проблемалық жағдаяттардың жалпылама 
белгілік моделі. Қарама-қайшылықтан жəне белгісіздіктен «та-
зартылған» жағдаяттар міндеттерге (тапсырмалар) қайта құрылады, 
олар теориялық ақпаратпен қатар «мəдени консервілер» ретінде 
оқытудың мазмұнын құрайды. Міндеттің жағдайларын құрастыру-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет