Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет168/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   205
Акмеология

328
329
Педагог ақпараттық жаңа көздерді айтуы мүмкін, кейде 
білімгерлердің ойларын өз бетімен ізденіс жасауына қажетті бағыт 
беруі мүмкін; кейде бір немесе біртұтас мəселелерді шешуді қамти-
тын, жобалау іс-əрекеті арқылы білімнің белгілі жиынтығын меңге-
руді қамтитын, тұлғаның белгілі мəселелерге деген қызығушылы-
ғын ынталандыруы мүмкін; сонымен бірге, алынған білімді 
практикалық тұрғыда қолдануды көрсете алады. Дж. Дьюи жобалар 
əдісін мектеп тəжірибесіндегі əмбебап əдіс ретінде қарастырды. 
Алайда, бұл əдісті дамыған ақпараттық ортада білімгерлердің 
өзіндік жұмысын ұйымдастыруда толықтырушы элемент ретінде 
дəстүрлі əдістермен үйлесімде қарастыру аса рационалды болып 
саналады. 
Білімгерлердің білімді өзіне шынайы қажетті білім ретінде 
қабылдауы үшін оның алдына маңызды мəселені қою жəне оны 
шешу қажеттілігін ұсыну керек. Сыртқы нəтижені көруге, зерделеуге, 
тəжірибеде қолдануға болады. Сыртқы нəтиже: іс-əрекет тəжірибесі, 
білім жəне біліктерді, құзырлылықтар мен құндылықтарды біріктіру. 
Жобалық оқыту теориясының негізгі ұғымдары ретінде, «жоба» 
жəне «жобалаушы іс-əрекет» дефинициялары алынады. Жоба 
деп дербес құрастырылған жəне дайындалған бұйым (қызмет) 
түсіндіріледі – идеядан бастап, оны жүзеге асыруға дейін. Жобалау 
іс-əрекеті – бұл жобаларды орындауға бағытталған іс-əрекет. 
«Жобалық оқыту», «жобалар əдісі», «оқу жобалау іс-əрекеті» 
ұғымдарын нақтылайық. Жобалық оқыту дидактикалық жүйе 
ретінде қарастырылуы мүмкін, ал жобалар əдісі – жүйенің 
компоненті, сонымен бірге білімді интеграциялайтын жəне өзекті 
білімді қолдануды, жаңа білімді меңгеруді қамтитын педагогикалық 
технология ретінде қарастырылады. 
Оқытудың міндеттерін кешенді шешу үшін əртүрлі əдістер 
қолданылады, атап айтсақ, білімгерлерді идеяны құрастырудан оны 
жүзеге асыруды қамтитын, қайта жасаушы іс-əрекет үдерісіне ендіру 
мақсаты болып саналатын шығармашылық жобаларды орындау 
қолданылады.
Нəтижесінде, оқытушы мен студенттің жобаны құру үдерісіндегі 
өзара əрекеті туралы сөз болғанда, жобалар əдісі туралы айту дұрыс 
болар еді. 
Осылайша, «жобалық оқыту», «жобалар əдісі», «оқу жобалау іс-
əрекеті» ұғымдары өзара байланысты, ал жобалар əдісі мен жобалау 
оқу əрекеті жобалық оқытудың компоненттері болып саналады. 
Жобалық – қазіргі заманғы ойлаудың анықтаушы белгісі. 
Жобалық ойлау, жобалау іс-əрекеті – болмысты жалпылау-
шы жəне негізделген тұрғыда тану үдерісі, оның барысында адам 
мəдени құндылықтарды құру бойынша жобаларды орындау-
да, технологиялық, психологиялық, педагогикалық жəне басқа 
білімдерді қолданады. 
Жобалық оқытуды қолданудың теориясы мен тəжірибесінің 
негіздері П.П. Блонский, П.Ф. Каптерев, П.Р. Поляков, В.В. Рубцов, 
В.Д. Симоненко, В.Н. Шульгин жəне т.б. ғалымдардың еңбектерінде 
құрастырылған. 
Қазіргі кезде педагогтар бұл əдіске білімгерлерді оқыту мен 
тəрбиелеудің өзіндік дидактикалық міндеттерін шешу үшін жүгі-
неді. Сонымен бірге, бұл кешенді əдіс болып саналады, себебі оны 
жүзеге асыру өз кезегінде, басқа проблемалық əдістердің жиынтығын 
қолдануды қамтиды: шағын топтарда оқыту, ынтымақтастық, «миға 
шабуыл», пікірталас, рөлдік ойын, проблемалық бағыттылық, реф-
лексия. 
Осы əдістердің жиынтығы тұлғалық-бағдарлы тұғырды адек-
ватты көрсететін, соған сəйкес құзырлылықтарды қалыптастыруға 
ықпал ететін дидактикалық жүйені құрайды. 
Қазіргі кезде жобалар технологиясы жаңа серпінге ие болды. 
Оқыту технологиясы ұғымына негізделе отырып, Е.С. Полат жо-
балар əдістемесін «нақты өнімді құру үдерісінде білімгерлердің 
белгілі тұлғалық сапаларын бір мезгілде қалыптастыруды жəне 
креативтілікті дамытуды, танымдық іс-əрекетті белсендірудің ди-
дактикалық құралы ретінде болатын, өзінің мəні бойынша ізденістік, 
проблемалық жəне шығармашылық əдістердің жиынтығы» ретінде 
қарастырады. Жобалық оқыту технологиясын қазіргі заманғы оқыту 
тəжірибесіне ендіру қажет. 
Жобалық оқытудың аса маңызды ерекшелігі ретінде оның 
диалогтығы, проблемалығы, контекстігі, интегративтілігі алынады. 
Диалогтық білімгерлерге жобаны орындау үдерісінде өзіндік 
«Менімен» жəне басқалармен диалогқа түсуге мүмкіндік береді. Дəл 
осы диалогта «тұлғаның еркін өзіндік ашылуы» жүзеге асырылады 
(М. М. Бахтин).
Проблемалық білімгерлердің өзбетінділігін көрсетуін, белсенді 
ойлау əрекетінің басталуын негіздейтін проблемалық жағдаятты 
шешуде туындайды, соның салдарында олар өздеріне таныс 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет