Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет34/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   205
Акмеология

64
65
А. В. Хуторской құзырлылық деп білімгерлерді міндетті даяр-
лауға қойылатын бірқатар талаптарды атайды, ал құзыреттілік деп 
қалыптасқан тұлғалық сапаны атайды (сипаттама). 
И.Д. Фрумин «құзыреттілік ұғымының күрделі тəжірибелік
міндеттерді орындаумен байланысты» екенін анықтайды. Аталған 
міндеттерді орындау, белгілі білімдер мен біліктердің болуын талап 
етіп қоймайды, сонымен бірге осы білімдер мен біліктерді қолдануға 
қажетті белгілі стратегиялар мен процедураларды талап етеді...». 
Білім беруде құзыреттілік тұғырды қолдану саласындағы пси-
хологтар мен педагогтардың көптеген зерттеулерін жалпылай келе 
(Т.Орджи, Дж. Равен, М.Холстед жəне т.б., И.Г. Агапов, А.А. Пин-
ский, В.В. Сериков, А.П. Тряпицына, А.В. Хуторской, С.Е. Шишов 
жəне т.б.), құзырлылық ұғымының білімгерлердің белгілі пəндік 
саладағы білімді меңгеруде, оның категорияларын ойлау білігінде
пəндік-бағдарланған міндеттерді шешуде көрінетін білімділік 
нəтижесін белгілеу үшін қолданылатынын атауға болады. 
Құзыреттілік адамның іс-əрекетке жəне оның пəніне тұлғалық 
қатынасын қамтитын, соған сəйкес құзырлылықты меңгеруі, игеру 
ретінде анықталады; білім мен тəжірибеге негізделген іс-əрекетке 
деген тұлғаның қабілеттілігі мен даярлығында көрінетін сапасы 
ретінде анықталады. 
Білім берудегі құзыреттілік тұғырды жүзеге асырудың бағыт-
тарына сəйкес (түйінді құзырлылықтар, жалпылама пəндік біліктер, 
қолданбалы пəндік біліктер, өмірлік дағдылар) құзырлылықтар 
келесі үлгіде бөлінеді: 
– түйінді құзырлылықтар – бұл адамның əлеуметтік-нəтижелі іс-
əрекеті үшін қажетті жалпы құзырлылықтары; 
– базалық – белгілі саладағы құзырлылықтар; 
– арнайы – нақты əрекетті орындау үшін, нақты мəселені немесе 
міндеттерді шешу үшін қажет құзырлылықтар. 
А.В. Хуторской келесі анықтама береді: түйінді құзырлылықтар 
– нақты қоғам жағдайында адамға жеке, кəсіби өмірдің нəтижелеріне 
жетуге, жағдайды түсінуге мүмкіндік беретін, аса жалпы (əмбебап) 
мəдени қалыптасқан əрекет тəсілдері (қабілеттер мен біліктер); бұл 
адамның өзінің құзыреттілігін тəжірибеде жүзеге асыру қабілеті. 
Оларды адам білім беру үдерісінде меңгерген біліктерді жетістікпен 
қолдану тəжірибесінің нəтижесінде меңгереді (тəжірибені жетіс-
тікпен жүзеге асыру жолы арқылы). 
С.Е. Шишов, В.А. Кальней, А.А. Пинский түйінді құзыреттіліктің 
белгілерін анықтап көрсетеді. Түйінді құзыреттіліктер: 
– біріктіруші табиғаты болады, яғни өзінің бойына мəдениет пен 
іс-əрекеттің кең аясына қатысты біртекті білімдер мен біліктерді 
қамтиды; 
– көпфункционалды, яғни құзыреттілікті меңгеру күнделікті, 
кəсіби жəне əлеуметтік өмірдегі алуан түрлі мəселелерді шешуге 
мүмкіндік береді; 
– пəндік жəне пəнаралық, яғни бір пəндік саладан екінші салаға 
алмастыру тəсілдерін алуан түрлі жағдайларда қолдануға болады; 
– көпшамалы, яғни түйінді құзыреттіліктер алуан түрлі ақыл-ой 
үдерістерін жəне интеллектуалды біліктерді қамтиды; 
– тəжірибелік іс-əрекетті сипаттайды. 
Құзыреттіліктің өзегі ретінде əрекеттік тəсілдер – əрекет 
тəсілдерінің жиынтығы алынады. Маңызды компонент – тəжірибе 
– адам меңгерген жекеленген əрекеттерді, міндеттерді шешудің 
тəсілдері мен жолдарын бірыңғай тұтастыққа біріктіру.
Түйінді құзыреттіліктің ерекшеліктеріне, іс-əрекеттің саласында, 
оқу əрекетінде тиімді əрекет ету қабілеті, міндеттерді өз бетімен 
шешу қабілеті, шешімнің тəсілдерін іздеу, оның жағдайларын нақ-
тылау, алынған нəтижелерді өз бетімен бағалау, өзекті өмірлік 
міндеттерді шешу қабілеттері жатады. 
А.В. Хуторской құзыреттіліктің қалыптасуы білім берудің 
мазмұнының құралдары арқылы жүзеге асатынын атап көрсетеді. 
Нəтижесінде студенттерде қабілеттер дамиды, күнделікті өмірдегі 
шынайы мəселелерді – тұрмыстық мəселелерден өндірістік 
жəне əлеуметтік мəселелерді шешу мүмкіндігі пайда болады. 
Тəжірибе көрсеткендей, түйінді құзырлылықтар тек өзіндік іс-
əрекет тəжірибесінде қалыптасады, сондықтан білім беру ортасы 
студенттің қалыптасуына ықпал ететін жағдайына қарай құрылуы 
керек. Мұнда əңгіме оқу курстарының мазмұны, білім беру үдерісін 
ұйымдастырудың түрлері туралы болып отыр. 
Құзыреттілікті дамыту – «адамның өмірінің бойында үзілмей-
тін, қалыптасуы себебінен аяқталмайтын үдеріс, себебі оның іс-
əрекет саласына шешуде жаңа тұғырларды талап ететін, аса күрделі, 
жаңа мəселелер енеді». 
Ғалымдар түйінді білім беру құзырлылықтарының (құзырет-
тіліктер) алуан түрлі тізімін ұсынады. Оларды жіктеудегі алуан 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет