Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет36/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   205
Акмеология

68
69
«салыстырмалы түрде бір-бірінен тəуелсіз компоненттерден 
құралатын құбылыс, бірқатар компоненттер когнитивті салаға
қатысты, ал басқалары – эмоционалды салаға қатысты болады, бұл 
компоненттер бір-бірін тиімді мінез-құлықтың құрамдастары ретін-
де алмастыра алады». Дж. Равен атап көрсеткендей, «құзыреттіліктің 
түрлерінің» мəні ретінде, «мотивациялаған қабілеттер» алынады. Ол 
ұсынған тізімде құзыреттіліктің түрлерін саралы тұрғыда қарастыру 
берілген, онда «дайындық», «қабілет», «қатынас», «өзіндік бақылау» 
сияқты категориялар кең ұсынылған. Н.В. Кузьмина педагогикалық 
іс-əрекет материалында құзыреттілікті «тұлғаның интегративті қа-
сиеті» ретінде қарастырды. 
ЮНЕСКО-ның құжаттары мен материалдарында, білім берудің 
қаланған нəтижесі ретінде қарастырылуы қажет құзырлылықтар 
шеңбері айқындалады. ХХІ ғасыр үшін білім беру бойынша 
халықаралық комиссияның «Образование: сокрытое сокровище» 
атты баяндамасында Жак Делор білім берудің негізделетін 
«төрт сатысын» құрастырды, мəні бойынша негізгі жаһандық 
құзыреттіліктерді анықтады: 
• тануға үйрену; 
• əрекет етуге үйрену;
• бірге өмір сүруге үйрену;
• өмір сүруге үйрену. 
Жак Делор мұнда кəсіби біліктілікті меңгерудің маңызын 
ғана атап көрсетпейді, сонымен бірге топта жұмыс істеуге жəне 
алуан түрлі көптеген жағдаяттарды шешуге мүмкіндік беретін кең 
мағынасындағы құзыреттіліктің маңызын атап көрсетеді. 
1996 жылы Берндегі Еуропа Кеңесінің симпозиумында білім 
беруді қайта құру үшін түйінді құзырлылықтарды анықтаудың мəні 
туралы мəселе қойылды (key competencies), оларды өз кезегінде 
білімгерлер табысты жұмыс үшін, əрі қарай жоғары білім алу үшін 
меңгерулері қажет. В.Хутмахердің баяндамасында құзырлылық 
ұғымының біліктер, қабілеттер, шеберлік сияқты ұғымдардың 
қатарына енгенмен, мазмұнды түрде əлі анықталмағанын атап 
көрсетеді, барлық зерттеушілер «құзырлылық» ұғымының «білемін, 
қалай» ұғымдық өрісіне жақын екендігімен келіседі. Н. Хомскойдан 
кейін, В. Хутмахер пайдаланудың əрекеттегі құзырлылық екендігін 
атап көрсетеді. Басқаша айтқанда, құзырлылыққа негізделген 
тұғыр ең алдымен, тəжірибелік, əрекеттік жағын көрсетеді. Мұнда 
құзыреттілік пен білікті айыра білу керек. Білік – бұл бақылауға 
болатын өзгеше жағдайдағы əрекет. Құзыреттілікті дəстүрлі ұғым-
дардан – білім, білік, дағдылар, тəжірибеден айыратын ерекшеліктер: 
• оның интегративті сипаты; 
• тұлғаның құндылықты-мағыналық сипаттамаларымен арақаты-
нас; 
• тəжірибелік-бағдарлы бағыттылық. 
Осылайша, құзыреттілік əрекет етуге жалпы дайындық, оның 
өзгеше жағдайда жасау мүмкіндігі ретінде көрініс береді, оның 
сипаттамасын адамның əрекеттері мен біліктерін бақылай отырып 
айқындауға болады. Құзыреттілік білім мен жағдаяттың арасындағы 
байланысты құрудың əлеуетті мүмкіндігі, міндетті (проблема) шешу 
үшін қолайлы жəне оңтайлы əрекетті табу, анықтау қабілеті ретінде 
қарастырылады. «Құзыреттілік» ұғымы өзіндік тұлғалық сапаларды 
(мотивация, сапалық, сапалық-ерікті жəне т.б.) қамтиды, білім 
берудің гуманистік құндылықтармен арақатынастағы аса кең ұғымы 
ретінде анықталады. 
«Жалпы білім берудің мазмұнын жаңарту стратегиясын» 
құрастырушыларға сəйкес, «құзыреттілік ұғымы» – «… тек 
когнитивті жəне операционалды-технологиялық құрамдасты емес, 
сонымен бірге мотивациялық, этикалық, əлеуметтік жəне мінез-
құлықтық құрамдастарды қамтиды. Ол оқытудың нəтижелерін 
(білім мен білік), құндылық бағдарлар жүйесін, əдеттерді жəне 
т.б. қамтиды. Мұнда құзыреттілік əрдайым құзырлылықтың өзекті 
көрінісі болып саналады. 
Құзыреттіліктің мəнді сипаттамаларын талдау, мамандарға 
құзыреттілік тұғырдың мүмкіндіктерін көрсетеді: 
1. Білімді қайта жаңғыртудан бағдарлануға білімді қолдануға 
жəне ұйымдастыруға өту; 
2. Икемділікті арттыру стратегиясының негізінде орындала-
тын міндеттердің жəне еңбекке орналастырудың мүмкіндіктерін 
кеңейтуді алу; 
3. Білім беру үдерісінің нəтижесінің ортасына пəнаралық-ин-
теграциялық талаптарды қою; 
4. Еңбек əлемінде қолдану жағдаятының мақсаттарын аса тығыз 
байланыстыру; 
5. Адамзат іс-əрекетін кəсіби жəне өмірлік жағдаяттардың шексіз 
алуан түрлілігіне бағдарлау. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет