82
83
1.4 Кəсібилікті дамытудың жалпы жəне ерекше акмео-
логиялық факторлары
Тақырыптың негізгі ұғымдары: акмеологиялық факторлар,
акмеологиялық жағдайлар, акмеологиялық талдау, акмеологиялық
зерттеу, акмеологиялық өлшемдер, акмеологиялық заңдылықтар,
акмеологиялық тұғыр.
Акмеологиялық факторлар – іс-əрекеттегі жоғары кəсібилікке
жетуді негіздейтін негізгі себептер (қозғаушы күштің сипатына
ие) жəне кəсібиліктің басты детерминанттары болып саналады.
Факторлар – бұл адамның кəсіби іс-əрекеттің шыңдарына, яғни
жоғары жетістіктерге өзіндік қозғалысын негіздейтін объективті
себептер.
Акмеологиялық жағдайлар – іс-əрекеттегі жоғары кəсібилікке
жету тəуелді болатын маңызды жағдайлар.
Акмеологиялық факторлар мен жағдайлар мазмұны бойынша
жақын болғанмен, оларды теңестіруге болмайды. Тұлғаның
дамуының əртүрлі сатыларында олардың əртүрлі мəні болады, олар
кəсібилікке жетуге əртүрлі əсер етеді. Акмеологиялық зерттеулерде
маңызды жағдайлар ретінде, нышандар, жалпы жəне арнайы
(атап айтсақ, кəсіби) қабілеттер, отбасы тəрбиесінің жағдайлары,
бастауыш, орта жəне жоғары сыныптардағы тəрбие, кəсіби оқу
мекемесіндегі білім беру, кəсібиліктің бастапқы кезеңіне жататын
жағдайлар айқындалады.
Жастардың дарындылығын дамыту мəселелерін талдау
үдерісінде мазмұны бойынша акмеологиялық маңызды жағдайлар
анықталды. Оларға жататындар:
– қоғамдық-тарихи сұраныс (қоғамға талантты тұлғалар, өз ісінің
танымал кəсіпқойлары шынымен қажет пе), еркіндік, қысымның
болмауы, сөзсіз бағыну ахуалының болмауы, шеберліктің жоғары
беделі;
– лайықты өмірлік деңгей (күнкөрісті іздеуде өзінің талантын
алмастырмау мүмкіндігін ұсынатын);
– қоғамның ашықтығы, білім беруге жəне мəдени құндылықтарға
барлығы үшін теңдей қолжетімділік;
– құрмет пен мадақтаудың əрекеттік жүйесінің болуы.
Акмеологиялық факторлардың екі түрін ажыратуға болады:
1) нəтижеге жетуге бағытталған шынайы іс-əрекетте көрінетін
объективті факторлар;
2) кəсіби іс-əрекеттің жетістік шамасының субъективті ал-
ғышарттарымен байланысты субъективті факторлар (мотивтер,
бағыттылық, қабілеттер, құзыреттілік, шеберлік, қанағаттану,
шығармашылық).
Акмеологиялық факторларды жүйелі тұғырда жіктеуге болады.
Жүйелі тұғырда олар жалпы, ерекше жəне бірегей болуы мүмкін.
Жалпы факторларға мотивацияның жоғары деңгейі, күтпеген
нəтижелерге жетуге қажеттілік, кəсіби-тұлғалық стандарттар, кəсі-
биліктің шыңдарына деген өзіндік қозғалыс жатады.
Акмеологиялық талдау – кəсібилікті зерттеудегі акмеологиялық
жағдайлар мен факторларды анықтау үдерісі. Ол маңызды категория
болып келеді. Акмеологиялық талдаудың пəні ретінде, қоғам
мен тұлғаның алдында барынша жауапты іс-əрекетті жүзеге асы-
ру жағдайында барлық психикалық механизмдердің болуының
жоғары түрлерінің қалыптасуын жəне жоғалуын зерттеу алынады.
Акмеологиялық талдау мен зерттеулер ғылыми негізделген прин-
циптерге сүйенген жағдайда нəтижелі болады.
Акмеологияда негіз құраушы ретінде əдіснамалық принциптер
алынады:
– жүйелілік, күрделі əртүрлі деңгейдегі жүйелерді қарастырады;
– адамды индивид, тұлға, іс-əрекет субъектісі, даралық пен
универсум ретінде даму үдерісінде зерттеу;
– акмеология тұрғысында екі тең объектіні – адамды жəне іс-
əрекетті бір мезгілде зерттеу;
– жекеде жалпыны, жалпыда жекені зерттеу;
– даму жəне психологиялық детерминизм;
– белсенділік;
– инварианттылық.
Жүйелілік принципі. Жүйелі тұғырдың базасында акмеология-
ның теориялық-əдіснамалық негіздерін құрастыру, дербес жəне
өзекті ғылыми бағыт болып табылады, себебі акмеологияда
зерттелетін факторлар мен мемлекеттік, материалды жəне рухани
салада əрекет ететін болашақ ұйымдар үшін кəсіпқойларды даярлау
арасындағы жүйелі тəуелділікті көрсетеді.
Адамды, оның қозғалыстағы дамуын зерттеудің қажеттілігі
принципі. Адамзат көрінісінің алуан түрлілігінде кəсібиліктің
дамуын зерттеуді қамтиды.
|