Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет73/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   205
Акмеология

140
141
ретінде, тұлғалық-бағдарланған тренингті қолдануда «Мен» 
бейнесінде, өзіндік бағалауда, өзіндік қатынастан маңызды өзгеріс-
тер болады, субъектілік деңгейі артады, тұлғаның акмеологиялық 
мəдениетінің эмоционалды жəне операционалды компоненттерінің 
деңгейі біртұтас артады. 
Үздіксіз білім беру жүйесінде, студенттердің акмеологиялық 
мəдениетін дамытудың метатехнологиясын, рефлексивті диалогты, 
тұлғааралық жəне тұлғалық-топтық диалог ретінде анықтауға 
болады, оның құндылықты-мағыналық бағдары ретінде, өзін-өзі 
дамытуға деген шабыт алынады, ал мақсаты ретінде – шынайы 
мақсаттарды жəне өмірдің құндылықтарын анықтау арқылы, өзін-
өзі жүзеге асыруда, өзін-өзі дамытуда тұлғаның қажеттіліктерін 
өзектілеу, осы мақсаттар мен құндылықтарға сəйкес, шығармашалық 
əлеуетті өзектілеу. Рефлексивті диалогтың тиімділігі, оқытушының 
əлеуметтік-перцептивті жəне коммуникативті құзыреттілігімен 
қамтамасыз етіледі. 
Тұлғаның акмеологиялық мəдениетін акмеологиялық тұрғыда 
түсіндіру, ең алдымен, оны зерттеудегі теориялық-əдіснамалық 
тұғырларды 
құрастыруды, 
сонымен 
бірге 
акмеологиялық 
механизмдер мен детерминанттарды қамтиды. Біртұтас өзара 
байланыста акмеологиялық мəдениеттің басқа сипаттамаларын, 
заңдылықтары мен үрдістерін, құрылымы мен механизмдерін 
айқындау, əрі қарай студенттердің акмеологиялық мəдениетін тиімді 
қалыптастыру мен дамытумен байланысты тəжірибелік мəселелерді 
шешуге мүмкіндік береді. 
Адамзат іс-əрекетінің барлық заттық нəтижелерін сыртқы 
жағынан қамтып, өзінің ішкі мазмұны бойынша, мəдениет адамның 
қоғамдық тіршілік иесі ретінде, біртұтас жəне үйлесімді тұлға ретін-
де дамыту үдерісі болып саналады, адамның іс-əрекет субъектісі 
ретінде тіршілік ету тəсілі, оны жетілдіру шамасы, адамның өзін-
өзі дамыту үдерісін жеделдетуді қамтамасыз ететін тұлғалық жаңа 
құрылым, осы үдерісте жаңа жетістіктерді бекіту, оны əрі қарай 
өзіндік қайта құруларға даярлау үдерісі ретінде болады. Зерттеушілер 
нақты адамның тұлғалық саласына сəйкес келетін, жетілдірудің 
дəрежесін анықтайтын, белгілі іс-əрекеттің дамуының жоғары 
деңгейін қамтамасыз ететін, тұлғалық мəдениеттің алуан түрлерін 
айқындап, мəдениет ұғымының соңғы мəніне сүйенеді. 
Осылайша, өзін-өзі дамытудың тиімділігі, акмеге жету жəне өзін-
өзі жүзеге асырудың факторы ретінде, белгілі тұлғалық сапаның 
– акмеологиялық мəдениеттің қалыптасуымен жəне дамуымен 
негізделеді. 
Тұлғаның акмеологиялық мəдениетін қалыптастыру сатыларын 
зерттеу, осы тұлғалық жаңа құрылымды қалыптастырудың 
алғышарттарын айқындауға мүмкіндік берді. Акмеологиялық 
сауатталық сатысы, психикалық үдерістерден тұратын динамикалық 
тіректі өзектің қалыптасуымен байланысты болатыны көрсетілді, 
онда аталған жаңа құрылым (акмеологиялық мəдениет) нақты іс-
əрекетте немесе жағдаятта байқалады жəне дамиды. 
Екінші сатыда – акмеологиялық құзыреттілік сатысында 
жаңа құрылым аса айқындала түседі, нақты іс-əрекетте, мінез-
құлықта бекиді, тіректі өзек жетілдіріледі, оның элементтерінің 
тұрақтылығы, өзін-өзі өзектілеу, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі жүзеге 
асыру жағдаятының шегіндегі динамикасы артады. 
Өзіндік акмеологиялық мəдениет сатысында, қалыптасқан 
жаңа құрылым белгілі типтегі, түрдегі жəне белгідегі психикалық 
күйлерді қайта жаңғыртады, сонымен бірге басқа психикалық 
күйлерді құрамдас элемент ретінде негіздейді. 
Акмеологиялық мəдениет тұлғалық мəдениеттің үш түрінің; 
рухани, психологиялық жəне адамгершілік мəдениеттің өзара 
əрекеттестігінде туындайтын нəтиже беруші үйлесімділік болып 
саналады. 
Акмеологиялық 
мəдениеттің 
қызметтері 
айқындалған: 
біріктіруші, координациялық, жобалаушы жəне реттеуші, сонымен 
бірге акмеге жетудің жəне өзін-өзі жүзеге асырудың тиімділігінің 
детерминанттары болып саналатын тұлғалық сапалар, бір мез-
гілде акмеологиялық мəдениеттің белгілі деңгейіне: өзіндік 
трансценденция қабілеті, өзін-өзі жүзеге асыру қабілеті, өзіндік 
дамытуға даярлыққа жетудің нəтижесі болып саналатын нəтиже 
болып табылады. 
Осылайша, акмеологиялық мəдениет негізгі функциялар, 
тұлғалық сапалар жəне əрекеттік көріністер жүйесі ретінде қа-
растырылады, олардың қалыптасуы акмеге жетудің, өзін-өзі жүзеге 
асырудың факторы ретінде акме-бағдарланған тиімді өзіндік 
дамытудың жағдайы, алғышарты болып саналады, сонымен бір 
мезгілде, адамның қалыптасуын тұтастық ретінде, оның өзін-өзі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет