Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет137/210
Дата09.11.2023
өлшемі5.34 Mb.
#482770
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   210
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ЖАҢАРУЫ МЕН ЖАҢҒЫРТУЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ 31 01 2019

Зейіннің кӛлемі - адамның бір кӛргенде-ақ қабылдаған объектілер саны. 
Зейін кӛлемін анықтау ҥшін тахистоскоп аспабы қолданылады. 
Зейін кӛлемін анықтау ҥшін уақыттың 1/10 секунд ішінде 10-12 
бірліктерден тҧратын сандар, әріптер неше тҥрлі кескіндер жиынтығы 
кӛрсетіледі. Осы уақыт ішінде кӛріп қабылдау әбден жеткілікті, бірақ, кӛрінген 
барлық кескіндерді саналы тҥрде бейнелеуге уақыт аздау. Сыналушы адам тек 
бірнеше объектілердің ғана атын атап, ӛзгелерін жӛнді байқай алмайды. Ересек 
адам зейінінің кӛлемі ӛзара байланыссыз 4-6 бірлікке тең. Егер әріптерден 
мағыналы сӛз қҧрастырсақ, онда кӛрінетін әріптердің саны едәуір кӛбейеді. 
Бірақ бҧл жағдайда сӛздің ӛзі тҧтасқан бір объект болады да, сыналушы сӛз 
әріптерінің орны ауысқанын, кейбіреуінің тҥсіп қалғанын аңғара алмайды. 
Объектілерді топтастыру арқылы зейіннің кӛлемін ҧлғайту топтың жеке 
қасиеттерін байқап, аңғара білуге кедергі болмауы керек. 


305 
Зейіннің бӛлінуі деп адамның кез келген іс-әрекет кезінде зейіннің бір 
мезгілде бірнеше объектіге бағытталуын айтады. Бір мезгілде ӛлең жаттап, әрі 
қарапайым қосу мен азайту амалына есеп шығарып кӛрсек, мҧның оңай емес 
екенін бірден байқаймыз. Мҧндайда бір әрекет екінші әрекетке кедергі болады. 
Іс-әрекет ҥрдісінде зейін бір-ақ нәрсеге ауады. Себебі оның физиологиялық 
негізі-ми қабығындағы оптимальдық қозу ошағының жалғыздығы. Кҥнделікті 
ӛмірдегі іс-әрекетінде адам ӛзінің зейінін бӛле білуді жетілдіріп, тәрбиелеуі 
қажет. Мысалы, жас ҧстаз ӛз зейінін бірнеше объектіге бӛле алмағандықтан
сыныптағы оқушыларды жекелеп кӛре алмайды. Сабақ айтып тҧрып, қате 
жіберуі де, оқушылар жауабындағы қателерді де байқамай қалуы мҥмкін. 
Мҧғалім назары ӛзі айтып тҧрған материалға ғана ауады. Дегенмен, 
ҧстаздық тәжірибесі біртіндеп жетіле тҥскендіктен, оның оқу материалын 
меңгеруі мен тҥсіндіруі жеңілдей тҥседі, зейіннің оған бӛлінуі де ширап, сыныпты 
толық меңгеретін болады. Әрбір нәрсеге зейін аудару іс-әрекет ҥстінде дамып, 
бірті-бірте адамның жеке басының маңызды сапасына айналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   210




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет