Тҽжірибені орындау тҽртібі. Тәжірибе топпен жҥргізіледі. Эксперимент
жҥргізуші немесе оның кӛмекшісі әр сыналушыға бір корректуралық бланкіден
таратып тапсырманы орындау тәртібін жариялайды.
Сыналушыға нҧсқау. «Бланкіде қазақ алфавитінің әріптері тҧтас
мәтіндік тәртіппен арасында әр тҥрлі сӛздер орналастырылып басылған. Сіз сол
әріптер қатарын бірінші әріптен ең соңғы әріпке дейін ретімен зейін сала
қарастырып арасындағы сӛздерді тауып астын сызып қоясыз. Сӛзге қатысы жоқ
жанындағы әріптерді сызбай ҧқыпты жҧмысты орындаңыз. Тапсырманы
жылдам әрі дәл орындаңыз».
Сыналушыларға таратылатын бланкінің үлгісі
БЦКҤНИКВТҒГЩОЦАУДАНЗГУНЦЖАҢАЛЫҚХЭЬЧАДЕРЕКИКЕМ
КИХАНТРОДЧЯГЩГЦПРОКУРОРРГЦЕАГСЕАБЕСТЕОРИЯЕНТСД
ЖЗБЬАШАҢҒЫЙТРЦТАҚУРШРОФШУЙГЗХТЕЛЕДИДАРВОЛДЖШ
ЗХЮЭЛГШЬБДҼПТЕРШОГХЕЮТАҢЛЖИПРУОШЛАПТСЛХЭНИЗҚ А
БЫЛДАУЙЦОКЕНДШИЗХЬБАЖАЙЛАУПРОЛДВПНМАХАББАТБ
ФЫРПЛОСЛДКНЕСЛАКҾРІНІСЯЧСИМТЬҦЙҚЖЮҚУАНЫШГЭЛО
ФЦПЭЖДБАСАНОРАЙШМВЬТЛДЖЬЭГНЕЕКУЫФЙШРЕПОРТАЖЗ
Эксперимент барлық қатарды қарап болғаннан кейін бітеді. Эксперимент
жҥргізуші әр сыналушының жҧмыс орындау уақытын тіркейді және оны
жариялап отырады.
Нҽтижесін талдау:
1. Эксперимент жҥргізушідегі бағдарламалық (кілтпен) бланкімен
корректуралық сынақтың нәтижесі тексеріледі.
2. Сыналушының белгілеп сызған сӛздердің жалпы саны саналады.
3. Сызылмай жіберіліп қойған сӛздер саналады (р)
4. Дҧрыс емес сызылған сӛздер саналады (r)
5. Дҧрыс сызылған сӛздер саналады (m)
6. Уипплдың формуласы бойынша зейін таңдамалығының дәлдік (А)
кӛрсеткіші есептеледі.
7. Таңдаудың жылдамдығы (S) есептеледі.
8. Эксперимент жҥргізушімен бірге топтағы сыналушылардың барлығы
ҥшін зейін таңдамалығының және таңдау жылдамдығының орташа
мәні анықталады.
Эксперимент жҥргізушімен бірге топтағы сыналушылардың барлығы
ҥшін зейін таңдамалығының және таңдау жылдамдығының орташа мәні
анықталады [5; 192].
Әр сыналушының кӛрсеткіштерін топтың орташа мәнімен салыстырып
даралық мҥмкіндіктерін талдау. Зейіннің таңдамалылығын даралық ерекшелігі
туралы қорытынды жасау арқылы қорытынды жасаймыз, Осылайша ӛз
мақсатымызға жете аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |