322
«Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010
жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасында», «Орта бiлiм беру жҥйесiн
ақпараттандырудың»
мемлекеттiк бағдарламасында, «Бастауыш және орта
кәсiптiк бiлiмдi ақпараттандырудың» бағдарламасында бiлiм беру жҥйесiн
ақпараттандыруды жҥзеге асырудың негiзгi бағыттары ретiнде мына
мәселелерге баса назар аударылған:
Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды оқыту процесiне
енгiзу жӛнiндегi нормативтiк – қҧқықтық базаны жетiлдiру;
орта бiлiм беру ҧйымдарын интернет желiсiне қосу;
бiлiм
берудiң
барлық
деңгейлерiнде
қашықтан
оқыту
технологияларын әзiрлеу және енгiзу;
жаңа ақпараттық технологияларды
оқыту процесiне енгiзудi
қамтамасыз ететiн ғылыми – зерттеу және әдiстемелiк жҧмыстарды жҥргiзу;
ақпараттық және телекоммуникация технологияларын бастауыш, орта
және жоғары кәсiптiк бiлiм саласында қолдана алатын мамандар даярлау;
оқыту технологиясының аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз
етiлуiн қадағалау;
оқытудың инновациялық технологиясын қалыптастыру.
Қазiргi таңда дидактикалық оқыту жҥйелерiн қалыптастырудың
перспективалық бағыттарының бiрi – мультимедиалық технологияларды оқыту
процесiнде
пайдалану.
Оқытуда
мультимедиалық
технологияларды
пайдаланудың теориялық және практикалық аспектiлерiн Ю.Н.Егорова,
дидактикалық аспектiлерiн Н.В.Клемешова, тҧжырымдамалық аспектiлерiн
О.Г.Смолянинова, орта мектептiң информатика, математика пәндерiн оқытуда
мультимедианы пайдалану әдiстемесiн С.С.Кравцов, Т.Г.Пискунова, жоғары
оқу
орындарында
студенттердiң
ӛзiндiк
жҧмыстарын
дамытудағы
мультимедианың мҥмкiндiктерiн Д.Э.Френки, студенттердiң болашақ кәсiби iс
– әрекетiнде мультимедиалық технологияларды
пайдалану даярлығын
қалыптастыру мәселелерін О.Г.Смолянинова, О.В.Лобач, А.И.Гридюшко,
Е.Я.Шипнягова, жоғары оқу орындары оқытушыларының оқу – әдiстемелiк iс –
әрекетiнде
мультимедианы
пайдалану
әдiстемесiн
Т.Ю.Волошинова,
В.Г.Казаков, мультимедиалық оқыту кешендерiн бағдарламалық жабдықтау
жолдарын И.В.Голубятников секілді ғалымдар ӛз еңбектерiнде зерттедi [1].
Бiлiм беру жҥйесiнiң жаңа талаптары мен жоғарыдағы ғалымдардың
зерттеу еңбектерiнiң нәтижелерiн ескере отырып, мынадай тҧжырымға келуге
болады: ҥздiксiз бiлiм беру жҥйесiн жетiлдiрудiң негізгі бағыттарының бiрi
ретiнде мультимедиалық технологияларды қолдану бҥгiнгi кҥннiң
басты
талабы. Сондықтан да, оның техникалық және дидактикалық мҥмкiндiктерiн
дамыту, онан әрi зерттеу маңызды болып табылады.
Жалпы алғанда, мультимедиалық технологияларды бiлiм беру саласында
дер кезiнде игеру және тиiмдi пайдалану бҥгiнгi кҥндегi маңызды
қажеттiлiктердiң қатарынан саналады. Осы қажеттiлiктерге байланысты
мынадай iс – әрекеттер орындалуы тиiс:
педагогикалық процесте мультимедиалық технологияларды тиiмдi
пайдалана алатын мҧғалiмдердi даярлау;
323
оқу орындарының ақпараттық технологиялар базасын ҥнемi жаңартып отыру;
оқу-әдiстемелiк жҧмыстарды бiлiм берудi дамытуға бағытталған
бағдарламалар негiзiнде жаңаша сипатта жҥргiзу.
Айта кетуіміз керек, осы мәселелерге байланысты алаштың зиялы қауым
ӛкiлдерiнiң бiрi А.Байтҧрсыновтың «Қазақ» газетiнде жариялаған «Мектеп
керектерi» атты мақаласындағы: «Ең әуелi
мектепке керегi - бiлiмдi,
педагогика, методикадан хабардар, оқыта бiлетiн мҧғалiм. Екiншi - оқыту iсiне
керек қҧралдардың қолайлы һәм сайлы болуы. Қҧралсыз iс iстемейдi, һәм қҧрал
қандай болса, iстеген iс те сондай болмақшы. Ҥшiншi - мектепке керегi
белгiленген бағдарлама. Әр iс кӛңiлдегiдей болып шығуы ҥшiн оның ҥлгiсi, я
мезгiлдi ӛлшеуi болуы керек. Ҥлгiсiз я ӛлшеусiз iстелген iс - ол я артық, я кем
шықпақшы» - деген пiкiрi бҥгiнгi таңда да қҧндылығын жойған жоқ [2].
Жоғарыда аталған мәселелерге жекелей тоқталатын болсақ, бiрiншiден,
мультимедиалық технологиялардың орасан зор потенциалдық мҥмкiндiктерiн
оқыту процесiнде талапқа сай пайдалана алатын бiлiмдi, бiлiктi мҧғалiмдердiң
болуы қажет. Себебi, «Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005 –
2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасына» сай елiмiзде 2007 жылдың
соңына дейiн жалпы мектептiң 66,4%-ы мультимедиалық технологиялармен
жабдықталды. Ал,
қазiргi таңда, жоғары оқу орындарының педагогикалық
мамандықтарының оқу бағдарламаларында студенттердiң тек компьютерлiк
технологияларды ғана меңгеруiне ден қойылып, олардың мультимедиалық
технологияларды игеру қажеттiлiгi ескерiлмеген. Бҧл, жоғары оқу орнын бiтiрген
ертеңгі педагог маманның кәсіби іс-әрекетінде мультимедиалық технологияларды
ӛз дәрежесiнде пайдалана алмайтындығын аңғартады.
Екiншiден, оқу орындарының ақпараттық технологиялар базасын
жаңарту қажеттiлiгi олардың жаңа бағдарламалық қҧралдармен жҧмыс жҥргiзуі
ҥшiн техникалық мҥмкiндiктерiн жетiлдiрiп отырудан туындайды.
Әлемдік
желi арқылы бiлiм беруде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды
қолданудың тиiмдiлiгiн арттыру ҥшiн орта мектептердi жаңа ақпараттық
технологиялармен жабдықтаудың, мультимедиалық қҧралдармен қамтамасыз
етудiң қажеттiлiгi айқындала тҥседi.
Ҥшiншiден, жалпы білім саласында оқу – әдiстемелiк жҧмыстарды
жандандыру, жаңаша сипатта ҧйымдастыру жоғарыда аталған мемлекеттік
бағдарламаларды
басшылыққа ала отырып, кезең – кезеңiмен жҥзеге асыруды
қажет етеді [3].
Мультимедиа әртҥрлі типті ақпараттарды ӛңдеу мен ҧсынудың тиімді
қҧралы болып табылады. Сондықтан да, мультимедиаға сипаттама беру, оның
ерекшелігін анықтау ҥшін алдымен информатика ғылымы зерттейтін ақпарат,
ақпараттандыру, ақпараттық процесс ҧғымдары, ақпарат тҥрлері және оларды
ҧсыну әдістері қарастырылуы қажет.
Ақпарат термині латынның informatio – танысу, тҥйсiну, тҥсiну деген
сӛзінен шыққан. Алғашқы кезде ақпарат ҧғымына «бір
адамнан екінші бір
адамға ауызша, жазбаша немесе басқа да әдістер арқылы берілетін мәлімет
және осы мәліметті беру мен қабылдау процесі» деген анықтама берілді. Кей
жағдайда ақпаратты ғалымдар материя, энергия сияқты философиялық
324
категориялардың қатарына жатқызады. Мысалы, Р.Ф.Абдеевтiң еңбегiнде
кӛптеген ғалымдардың ақпаратқа берiлген анықтамалары келтiрiлген.
Солардың бiрнешеуiне тоқталайық:
ақпарат – қҧрылымның кҥрделiлiк ӛлшемi (Моль);
ақпарат – таңдау ықтималдылығы (Яглом);
ақпарат – энтропияның терiстiгi (Бриллюэн).
Бiздiң тҥсiнiгiмiзше, кең мағынада ақпарат – әлемнiң келбетi, ал, тар
мағынада – кез келген объект немесе субъект жӛнiндегi мәлiмет.
Достарыңызбен бөлісу: