Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары


Keywords: teacher, innovative education, innovative training, innovative activity,  innovative technology, teacher's readiness for innovative activity



Pdf көрінісі
бет167/210
Дата09.11.2023
өлшемі5.34 Mb.
#482770
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   210
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ЖАҢАРУЫ МЕН ЖАҢҒЫРТУЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ 31 01 2019

Keywords: teacher, innovative education, innovative training, innovative activity, 
innovative technology, teacher's readiness for innovative activity. 


356 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру 
саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері қатарында білім беру 
жҥйесін дамытудың басымдығы; әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-
физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық 
деңгейдегі білімге қолжетімділігі; жеке адамның білімдарлығын ынталандыру 
және дарындылығын дамыту кӛрсетіледі.Ал бҧл принциптердің іс жҥзіне асуы 
білім беру мазмҧнын жаңартумен тығыз байланысты. Білім беру мазмҧнын 
жаңарту білім беру жҥйесінің барлық деңгейлерін қамтуы керек. Мамандарды 
кәсіби даярлау жҥйесінің де бҧл процестен тыс қала алмайтыны тҥсінікті. 
Себебі, «жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары біліктілікті бере 
отырып мамандар даярлауға, олардың кәсіптік даярлығының деңгейін 
дәйектілікпен арттыруға бағытталады» [1]. 
Осы айтылғандарды дәйекті тҥрде жҥзеге асыру ҥшін адам ресурстарын 
даярлау сапасын арттыру, жеке тҧлға мен қоғамның қажеттіліктерін 
қанағаттандыру ҥшін Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі 
Стратегиялық даму жоспарының басымдықтары негізінде кӛп деңгейлі білім 
берудің ҧлттық жҥйесін жаңғырту мақсаты Қазақстан Республикасында білім 
беруді дамытудың 2011-2050 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын 
жасауға мҧрындық болды. 
Бҧл Бағдарламада «кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашылық 
тҧрғыдан шешуге, кәсіби қызметтің тҧлғалық және қоғамдық маңызын 
тҥсінуге, оның нәтижелері ҥшін жауап беруге қабілетті кәсіби қҧзыретті жеке 
тҧлғаны, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім 
беруді басқарудың тиімді жҥйесі қҧрылатыны» ерекше кӛрсетілген. 
Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта қҧрулар, экономиканы дамытудағы жаңа 
стратегиялық бағдарлар, «Ҧлт жоспары – 100 нақты қадам» қоғам ӛмірінің 
шешуші салаларын жаңғыртуға бағытталған. «Сендердің әлемдік білім 
ордасында оқып, әлемдік қаржы орталықтарында еңбек ететін боласыңдар. Біз 
сендердің алаңсыз білім алып, қалаған кәсіптеріңнің шыңына жетулерің ҥшін 
барлық жағдайды жасадық. Бҥкіл еңбегімізді, ерік-жігерімізді ҧрпақтың 
болашағы ҥшін сарп етудеміз. Тәуелсіздік жылдарындағы ең қиын кезеңге 
қарамай қолға алғанымыз – ол жастарға білім беру»,-деді Мемлекет 
басшысы [2]. 
Әлемнің жетекші елдерінің кӛпшілігі, олардың білім беру жҥйесін, білім 
берудің мақсатын, мазмҧны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап 
бағалайтын болды. Білім берудің басты мақсаты- білім алып, білік пен дағды-
машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және 
кәсіби біліктілікке ақпаратты ӛзі іздеп табу, талдау және ҧтымды пайдалану
жылдам қарқынды ӛзгеріп жатқан бҥгінгі дҥниеде лайықты ӛмір сҥру және 
жҧмыс істеу болып табылады. 
Қазіргі білім беру саласындағы педагогика ғылымында «инновациялық 
білім», «инновациялық даярлық», «инновациялық іс-әрекет», «инновациялық 
технология», «мҧғалімнің инновациялық іс-әрекетке даярлығы» және т.б. жаңа 
ҧғымдар пайда болды. 


357 
Инновациялық іс-әрекет – педагогикалық еңбектің сапасын арттыратын 
оқу-тәрбие процесін жаңа бағытта қҧру бойынша, тҥбегейлі ӛзгерістермен 
ерекшеленетін жаңаша іс-әрекет. Педагогтың инновациялық іс-әрекетке 
даярлығы дегеніміз – педагогтың инновациялық педагогикалық технологияны 
игеруі және оның ӛз іс-тәжірибесінде іске асыруына қажетті жаңа білім, білік, 
дағдыны меңгеруі. 
«Мҧғалім мен оқушының білімді игеруді бастау нҥктесі ӛзара ҥйлеспейтін 
болса, онда оқуда табысқа жету кҥмәнді болады. Егер білім игеруді бастау нҥктесі 
қолайсыз таңдалынып алынса, онда тіпті ең жақсы оқушылардың ӛздеріне де 
алған білімдерін есте сақтау қиындық тудырады...» делінген[3]. Осыған орай, әр 
кҥнгі сабақтарын жоспарлауда барлық педагогтар бірлесіп ынтымақтаса бір-
бірімен пікір алмасып ақылдасуға, ӛздерінің сҧрақтары мен болжамдарын 
қҧрастыруға, іс-әрекеттеріне, жҧмыстарына баға беруге, бір сӛзбен айтқанда, оқу 
ҥдерісіне қызығушылықпен әлеуметтік серіктестікте белсенді қатысуын 
ҧйымдастыру арқылы мақсатпен кҥтілетін нәтижелерге жетуге, педагогтардың ӛз 
бeтiншe бiлiм aлyғa, ҥйрeнyгe ҥйрeте отырып: 
- оқушылардың бoйындa iздeнic, шығaрмaшылық, ӛз oйын aшық, 
шынaйы тҥрдe бiлдiрy, cыни oйлay, ӛз-ӛзiн рeттey, ӛз-ӛзiн, бiр-бiрiн бaғaлaй 
бiлy қaбiлeттeрi дaмyының бacтaмacын қaлыптacтыруға болады. 
Педагогтерге инновациялық білім берудің негізгі міндеті-оларды 
ізденімпаз жаңашыл ҧстаз етіп даярлау, кҥнделікті білім мен біліктілігін кӛтеру, 
ӛз ісіне шығармашылықпен қарау, меңгерген инновациялық технологияның 
ерекшеліктерін ескере отырып кәсіби тҥрлендіре алу, ӛз ісіне сыни кӛзқараспен 
қарау, жеткен жетістіктері мен жіберген кемшіліктеріне педагогикалық талдау 
жасай алу, ӛзінің жеке технологиясын ӛмірге әкелу, оны әдіснамалық тҧрғыдан 
негіздеу, ҧдайы әдістемелік жетілдіріп отыру[4]. 
Болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының инновациялық іс-әрекетін 
ҧйымдастыру және даярлығын қалыптастыру оларға жҥйелі инновациялық білім 
беру арқылы жҥзеге асады. Онда: 
Біріншіден, болашақ кәсіптік оқыту педагогінің инновациялық білімді 
қайдан, қандай кӛлемде алатындығы айқындалады, қойылған мәселе шешіледі, 
оны шешудің тиімді жолдары қарастырылады. 
Екіншіден, болашақ кәсіптік оқыту педагогінің кәсіби білімдерін ҥнемі 
жетілдіруді, жаңартуды қажет ететіндіктен, инновациялық іс-әрекетке 
дайындау мазмҧны анықталады. 
Ҥшіншіден, инновациялық білімді меңгерген педагог ӛзінің теориялық алған 
білімін ӛз іс-тәжірибесіне енгізуге алғашқы қадамын жасауы тиіс. Бҧл мәселе 
педагогтің инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастырудың шешімін табады. 
Тӛртіншіден
педагогтің 
инновациялық 
іс-әрекетке 
даярлығын 
қалыптастырудағы педагогикалық инновация мен инновациялық іс-
тәжірибелердің мазмҧны ашылады. 
Бесіншіден, 
педагогтің 
инновациялық 
іс-әрекетке 
даярлығын 
қалыптастыру бағытындағы жаңажеке авторлық курстар, педагогикалық оқулар 
мен арнайы семинарлар, теориялық-тәжірибелік ғылыми конференциялар
педагогикалық тренингтердің мазмҧны сараланады және жҥзеге асырылады. 


358 
Алтыншыдан, педагогтің инновациялық іс-әрекетке педагогикалық 
технологияны меңгеруі бойынша әдістемелік жҧмыстар жаңа бағытта 
жҥргізіледі. 
Жетіншіден, педагогтің инновациялық технологияны оқу-тәрбие ҥрдісіне 
енгізу бойынша инновациялық-технологиялық жҧмыстардың мазмҧны 
айқындалады. 
Сегізіншіден, педагогтің инновациялық технологияны әдістемелік 
жетілдіруі бойынша шығармашылық ғылыми-зерттеу жҧмыстарының бағыты 
айқындалады. 
Тоғызыншыдан, инновациялық біліммен қаруланған, инновациялық іс-
әрекетке педагогикалық технологияның ерекшеліктерін диагностикалық 
саралаған, ӛз кәсібі жағдайында ӛзгертулер енгізе алатын, жоғары нәтижеге қол 
жеткізетін қазіргі заманғы педагогикалық технологияны оқу-тәрбие ҥрдісіне 
енгізуге педагог даяр болады. 
Болашақ кәсіптік оқыту педагогтарын оқыту мен тәрбиелеуде жаңа 
педагогикалық технология элементтерін пайдалану арқылы кәсіби білім 
сапасын арттырумен қатар, қоғамның жігерлі кәсіп иесін, бҥгінгі студент 
тҧлғасын қалыптастыру болып табылады. 
Кәсіби педагогикалық іс-әрекет дегеніміз - оқушының тҧлғалық, 
интеллектуалдық, іс-әрекеттік дамуына бағытталған және сонымен бірге, оның 
ӛзін-ӛзі дамытуы мен ӛзін-ӛзі жетілдіруінің негізі болып табылатын мҧғалімнің 
тәрбиелеуші және оқытушы ықпалы болып табылады. Бҧл іс-әрекет ӛркениет 
тарихында мәдениеттің пайда болуымен бірге, «ӛндірістік іскерліктер ҥлгілері 
(эталондарын) мен әлеуметтік мінез-қҧлық нормаларын жасау, сақтау және 
ӛсіп келе жатқан ҧрпаққа беру» міндеті қоғамдық даму ҥшін маңыздылардың 
бірі болған кезде пайда болған. Бҧл тіпті алғашқы қауымнан басталған, мҧнда 
балалар ҥлкендермен қарым-қатынас жасау барысында, оларға еліктеп, оларға 
ере отырып ҥйренген. Дж. Брунер оны «контексте оқыту» деп анықтайды. Дж. 
Брунер бойынша, адамзат «жас ҧрпақты оқытудың тек ҥш негізгі тәсілін 
ғана» біледі: жоғары приматтарда ойын процесінде дағдының қҧраушы 
компоненттерін ӛндіру, туземдік халықтарда контексте оқыту және тікелей 
практикадан оқшау мектептегі абстрактілі оқыту[5]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   210




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет