414
отбасылық ӛмірге дайындау. Қазіргі таңда бҧған теріс процестердің ӛсуі
салдарынан отбасылық тҧрмыс жағдайының нашарлауы, неке мен отбасылық
қарым-қатынастың балама тҥрлерінің таралуы, отбасылық беделінің тӛмендеуі,
балалардың болуы, ажырасулардың ҧлғаюы және ҥй ішіндегі зорлық-зомбылық
мәселері кең етек жая бастаған [1; 130].
Неке дегеніміз - ерлі-зайыптылар арасындағы мҥліктік және мҥліктік емес
жеке қатынастарды туғызатын, отбасын қҧру мақсатымен заңдарда белгіленген
тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек
пен әйелдің арасындағы тең қҧқықты одақ. Ал отбасы - деп некеден,
туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың ӛзге де
нысандарынан туындайтын мҥліктік және мҥліктік емес жеке қҧқықтар мен
міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын
нығайту мен дамытуға
жәрдемдесуге тиісті адамдар тобын айтамыз. Неке азаматтық хал актілерін
тіркеу (АХАЖ) органдарында ресімделгенде заңды деп танылады және белгілі
бір қҧқықтық салдарлар туғыза алады. Шіркеулерде, мешіттерде некені қиюға
заң тиым салмайды, бірақ олардың қҧқықтық кҥші жоқ. Некеге тҧру ҥшін заң
некеге тҧрудың жағымды және жағымсыз жақтарын белгілейді. Неке тҧрудың
жағымды жақтарына: некеге тҧрушы еркек пен әйелдің ӛзара ерікті келісімі
және олардың неке жасына жетуі жатады [2,24].
«Неке» ҥйлену келісімі болып табылатын, ең кем дегенде екі куәгердің
алдында жарияланатын ҥйленуге еш кедергі жоқ ер
мен әйелдің бір-біріне
ерлізайыпты болуға деген нақты шешімдері. Неке ол бақытты болашақтың,
отбасы іргетасының алғашқы кірпіштерінің қалануы. Діни шарттарына сай рҧхсат
етілген неке ерлізайыптылардың бір-біріне халал етілуімен туысқандық, нәпақа,
мҥліктік теңдік, мәхір(қалыңдық сыйы) сынды қҧқықтарды туындатады. Некені
Ардақты Пайғамбарымыз (с.у.с) «Неке менің сҥннетім. Менің сҥннетімді
қолданбағана адам менен емес. Ҥйленіңдер, мен басқа ҥмметтерге сендердің
кӛптіктеріңмен мақтанамын» (Ибн Мәжә, «Неке», 1) деген [3].
Психоанализдің негізін салушы З.Фрейд некеге тҧрудың
себебін алғаш
ойлағандардың қатарында болған, соның салдарынан неке анықтамасына
бірнеше тҥсініктің дҥниеге келуіне мҥмкіндік туыдырды. Психоаналитикалық
тҧрғыдан неке тҧжырымдамасын К.Хорнидің «Әйелдер психологиясы»
еңбегінде некенің кӛпжақты мәселерімен қақтығыстары,
оның жалпы
ерекшеліктері туралы айтылған. К.Юнгтің психоаналитикалық неке
концепциясы Хорниден тҧлғааралық қатынас есебінде ерекшеленеді.
К.Роджерс гуманистік тҧжырымдамасында неке барлық жағынан ҧзақ уақыт
бойы жҥретін процесс, сондықтықтан ол жҥйелі ӛсу мен дамудан тҧрады [4].
Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» 1998 жылғы
17желтоқсандағы №321-1 Заңының 10-бабына сәйкес неке жасы еркектер мен
әйелдер ҥшін он сегіз жас болып белгіленеді. Дәлелді себептер болған жағдайда
мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал
актілерін жазу органдары
неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге тӛмендетуі мҥмкін. Неке жасын
тӛмендету туралы ӛтінішті некеге тҧруға тілек білдірушілер немесе олардың
ата-аналары, не қорғаншылары (қамқоршылары) белгіленген неке жасын
тӛмендету қажеттігін туғызатын себептерді кӛрсете отырып қозғай алады.
415
Барлық жағдайларда неке жасын тӛмендетуге тек некеге тҧрушылардың
келісімімен ғана жол беріледі. Неке жасына толмаған адамдар арасындағы
некеге ата-аналарының не қорғаншыларының келісімімен ғана рҧқсат
етіледі
[2] Осы Заң Қазақстан Республикасындағы неке-отбасы қатынастары, сондай-ақ
оларды жҥзеге асырудың кепілдіктерін белгілеп, реттейді, отбасының дамуың
Қазақстан Республикасы мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты деп
анықтай отырып, оның қҧқықтары мен мҥдделерің қорғауды қамтамасыз етеді.
Осы Занда пайдаланытын негізгі ҧғымдар:
неке – ерлі-зайыптылар арасындағы
мҥліктік және мҥліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын қҧру
мақсатымен зандарда белгіленген тәртіппен тараптардың
ерікті және толық
келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең қҧқықты одақ;
Достарыңызбен бөлісу: