Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет37/210
Дата09.11.2023
өлшемі5.34 Mb.
#482770
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   210
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ЖАҢАРУЫ МЕН ЖАҢҒЫРТУЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ 31 01 2019

Ҽдебиетер 
1. Мемлекет 
басшысы 
Н.Ә.Назарбаевтың 
Қазақстан 
халқына 
жолдауы. 
Қазақстандықтардың әл-ауқатының ӛсуі: табыс пен тҧрмыс сапасын арттыру 2018 
жылғы 5 қазан 
2. Василькова Ю.В. Методика и опыт работы социального педагога. – М., 2001.9 
3. Мардахаев Л.В. К вопросу о технологии в социальной педагогике // 
4. Социальная работа: Теория, технология, образование. – № 1. – С. 49-50. 
5. Социальная педагогика / Под ред. М.А. Галагузовой. – М., 2002 
 
 
МЕКТЕПАЛДЫ БАЛАЛАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Ашубаева О.Б. 
№5 Арқалық қаласының жалпы білім беретін орта мектебінің мҧғалімі 
Қазақстан, Арқалық 
 
Комарова Д.К. 
п.ғ.м, аға оқытушы 
С.Бәйішов атындағы педагогикалық университеті 
Қазақстан, Ақтӛбе 
 
Аннотация. Очень сложная тенденция, в которой постепенно формируется 
готовность ребенка к обучению в школе, и один из путей реализации этого процесса - 
совместная работа родителей, учителя и психолога. 
Ключевые слова: тенденция, формирования, готовность, ребенок, обучения,школа, 
путь реализация, процесс,совместная работа .родители, учитель, психолог. 
Summary. A very complex trend in which the child's readiness for school is gradually 
formed, and one of the ways to implement this process is the joint work of parents, teachers and 
psychologists. 
Key words: trend, formation, readiness, child,learning, school, path implementation
process, teamwork, parents, teacher, psychologist.


83 
Мектепке бару - әр баланың ӛмірінде ӛзгерісті кезең. Мектепте білім алу 
алғашқыда оның ӛмірін тҥбегейлі тҥрде ӛзгертеді. Кӛптеген «болады», 
«болмайды», «керек», «тиісті», «дҧрыс», «дҧрыс емес» деген сӛздердің 
барлығы бірінші сынып оқушысына ауырлық тҥсіреді. Себебі бала кҥнде 
мектепке барады, жҥйелі және ауыр еңбектенеді, кҥн режимін сақтайды, тҥрлі 
ережелер мен тәртіпке бағынады, ата-анасы мен ҧстаздардың талаптарын 
орындайды, сабақта және ӛзге де жҧмыстарда жақсы нәтижелерге қол 
жеткізеді. Жаңа талаптарға, тәртіптерге, ережелерге бейімделу керек. Бірінші 
сынып оқушыларының тең жартысы бҧл тапсырмаларды орындайды. Алайда 
жаңа шарттарға дағдылану кезеңі балаларда жиі, тоқсан бойына, ал 
кейбіреулерінде барлық бірінші оқу жылына созылады. Психологиялық 
кӛмекке ата-аналар ҥнемі мысалы, мынадай мәселелермен жҥгінеді, бала 
шектен тыс ақылды және қалыпты психикалық дамыған, мектепке барудан бас 
тартады, мҧғалімдермен, қҧрдастарымен дауласады және т.б. Мҧндай 
мәселелерді ҥлкендер ӛздерінің әдістерімен шешуге тырысады: баланы сабақ 
оқуға мәжбҥрлейді, талапшылдық деңгейін жоғарылатады. Бҧл дәстҥрлі 
әдістердің әсері ереже сияқты, маңызды әсер етпейді.
Баланың ӛз бетімен шешім қабылдай алатындай және еріктілікті 
дамытуға жағдайлар жасап, Швейцар психологы Ж. Пиаженің пікірінше 
«Баланың мектептегі оқуға дайындығының ең жоғары деңгейі бҧл баланың 
кеңістікте және уақытта бағдарлай алып, ӛзін басқа адамның позициясында 
сезіну біліктілігінің қалыптасуы», - деген. Яғни, мектепке дейінгі баланың 
кеңістікті және уақытты қабылдай алуы, оның оқу материалын меңгерудің 
жолын жеңілдетеді [1]. 
Баланы оқуға дайындауда ҥлкен және кіші моторикасына ерекше мән 
берген жӛн. Ғалымдардың айтуынша баланың саусақтарының дамуы ақыл-ойы 
мен сӛйлеуінің қалыптасуында маңызды роль атқарады.М.М. Кольцова ӛзінің 
еңбектерінде «Бала мектепке барар алдында кӛру-моторлы координациясы 
біршама дамыған болуы тиіс және қолдың саусақтары мидың сӛйлеу аймағы 
болып табылады» деген. Яғни, бала жҥгіріп, секіріп допты лақтырып және 
ҧстап алу әрекеттерін еркін орындап, қайшымен, қарындашпен, қыл-қаламмен 
жҧмыс істеу біліктілігі дамыған болуы керек. Балаға сурет салғызу, әртҥрлі 
заттардан қҧрастыру, пластилинді илеу баланың саусақтарын дамытып қана 
қоймай, ойлау қабілетін де дамытады. Сурет сала алмайтын және пластилинмен 
жҧмыс істей алмайтын баланың жазуға икемі болмайды. Кез-келген
5-6 жастағы бала 3 минуттан артық жаза алмайды тез шаршап қате кӛп 
жіберетін болады және 2-3 минут сайын баланың қолын демалдырып отыруды 
қатал есте сақтағаныңыз жӛн. Бала жазу дағдыларын меңгеруде әрбір жетістігін 
мақтап «Сенің қолыңнан келеді,біз кӛмектесеміз», «Сен істей аласың» деген 
сенімділік сӛздерді жиі айтуыңыз қажет, ӛйткені қуатты сӛздер баланың 
табысқа жетуіне әсерін тигізеді.Бала жазу жазуда қарындашты немесе қаламды 
дҧрыс ҧстап ҥйретуіңізді ҧмытпаңыз. Сонымен бірге баланың сӛйлеуін 
дамытуда сурет бойынша сӛйлем қҧрастыртып, ертегілерді немесе әңгімелерді 
оқып, кітаптағы суреттерге зейін қойып қарауына аса мән беріңіз және «Мына 
суретте не бейнеленген? Адамдардың аты кім? Олар не істеп жатыр?» деген 


84 
сҧрақтарды қою арқылы кітапқа қызығушылығын арттыруға болады. Ата-ана 
баласын санауға ҥйретуде «Ҥстелде неше кесе? Суретте неше доп? Киімде 
неше тҥйме?», - деген сҧрақтар қойып баланы санауға жаттықтыруға болады.
Мектепке дейінгі баланың оқу материалын меңгеруде, кеңістікті және 
уақытты қабылдай алуы маңызды рӛл атқарады. Сӛйтіп, бала мектепте оқудың 
жаңа жағдайларына еркін ене алатындай дайындықтан ӛтеді .Мектепке дайындық 
баланың ҥйлесімпаздылығынан туындайтын кезде оңтайлы мҥмкіндіктері арқылы 
жан-жақты тәрбиеленуі мен дамуын талап етуі бала оқу және тәжірибе мәселесін 
шешу ҥшін ӛзіндік білімін пайдалануы, танымдық әрекеттері мен ойлануы 
жеткілікті даму деңгейін кӛтерілуі тиіс. Сонымен балаларды мектепке 
психологиялық даярлау бағыттарын тәжірибеде жҥзеге асыратындар-ата-аналар, 
мҧғалімдер және мектеп және балабақша психологтері [2]. 
Баланың мектептегі оқуға психологиялық дайындығын анықтау 
диагностикасын практик психолог немесе педагогикалық және даму 
психология 
саласындағы 
маман 
ӛз 
мойнына 
алады. 
Ӛйткені 
психодиагностикалық және психокоррекциялық жҧмыстардың жҥргізудің қыр-
сырын тек психолог қана біледі. Психологтың міндеті психодиагностиканың 
әдістемелерін қолдану арқылы және зерттеу нәтижелеріне сҥйеніп, 6 жастағы 
баланың оқуға дайындығын анықтайды. Яғни, баланың оқуға дайын немесе әлі 
дайын еместігі жайлы қорытынды жасалынып, оқуға дайын емес балалармен 
таным ҥрдістерін дамыту мақсатында индивидуалдық және топтық сабақтар 
ҧйымдастырылады. Сонымен бірге коррекциялық – дамыту жҧмыстарын 
жҥзеге асыруда бағдарлама қҧрылады. Ал педагогтарды оқу жылдың басында 
болашақ бірінші сыныптағы балалардың мектептегі оқуға психологиялық 
зерттеуде алынған нәтижелермен таныстырады. 
Әсіресе мектептегі оқуға дайын емес балалардың жағдайларына ерекше 
кӛңіл бӛліп, қандай балалармен жҧмыс істеу керектігін жайлы ақпарат алып 
және оқу-тәрбие ҥрдісінде жҧмыс істеудің әдіс-тәсілдерін ӛзбетімен немесе 
психологтың кӛмегімен таңдауға болады. Мектепке дайын емес балаларды 
оқытуда оқушыларды жиі мадақтап,оқуда баланың табысқа жетудің 
жағдайларын тудыру керек. Сабақ барысында балалар бір орында отырудан 
әбден жалығады. Оларға эмоциялық бәсеңдеу қажет болған соң айғалайды. 
Сондықтан сабақта қозғалыс ойындарды тиімді қолданып және сергіту сәттерін 
жиі ӛткізіп тҧрған дҧрыс. Егер баланың сабақта кӛп қозғалуына мҥмкіндік 
жасаса, ағзаның барлық жҥйесінің қызметін және физиологиялық кҥш қуатын 
жақсартуға мҥмкіндік жасайды. Бҧл сабақты тез игеруіне кӛмектесіп, баланың 
жҧмысқа қабілеттілігі жоғарылайды. Жалпы баланың оқуға психологиялық 
дайындығын қазан және сәуір айларында анықтап отыруға болады.Кез-келген 
ата-ана баласының ӛсіп-жетілуінде, рухани кҥшті етіп тәрбиелеу жолында 
алуан тҥрлі қуаныш пен қиыншылықтарды бастарынан ӛткізе отырып, оның 
рухани және ақыл-ойы мен дене қҧрлысы жағынан жан-жақты даму дәрежесіне 
жеткізуге баулиды. Мҧғалім баланы оқуға дайындауда ата-анасымен бірлесе 
отыра жҥргізеді. Оларға іс-әрекеттің мазмҧны ӛзгерген кезде баланың мінез-
қҧлқы да, ішкі психикалық ӛмірі де ӛзгеретінін және осы кезде баласына аса 
қажет екендігі тҥсіндірілуі керек [3]. 


85 
Баланың мектептегі оқуға дайындығы біртіндеп қалыптасатын аса 
кҥрделі ҥрдіс және бҧл ҥрдісті жҥзеге асырудың бірден бір жолы - ата-ананың, 
мҧғалімнің және психологтың бірігіп жҧмыс істеуі. Бала балалық шақтан ӛзіне 
белгісіз, таныс емес дҥниенің есігін ашқаннан кейін, баланың ӛмір сҥру 
тіршілігін тҥбегейлі ӛзгертеді. Яғни, баланың мектеп ӛміріне еніп және ӛзінің 
әлеуметтік ортада «МЕН» дегенін қалыптастыра алып, жоғарыдан кӛріне алуы, 
баланың білімді, табысты және нәтижелі игеріп кетуіне ықпал жасайды. 
Тҥйіндей келе, бҧл баланың жеке тҧлғасының қалыптасуы және ақыл-ойының, 
таным ҥрдістерінің дамуы болып табылады. Демек, баланы мектепке даярлау 
мәселесі ӛз ӛзектілігін жоғалтпайтын әлі де зерттеуді қажет ететін міндетті 
мәселелердің бірі болып қала бермек.Сондықтан адамдыққа баулу жҧмысының 
ережесі балабақшадан бастап, нақтылы мақсатты кӛзделуі шарт. Әр бала ӛз 
ісімен қылығына жауапкершілікпен қарап ҧялу, кешірім сҧрау сияқты әдептерді 
ҥйренуі керек.
Мектепалды даярлық жастағы баланың яғни, бес-алты жасқа қараған 
балалардың дамуында елеулі ӛзгерістер болады. Бала денесінің салмағы 
шамамен айына 200 г, бойының ҧзындығы 0,5 см артады. 5-6 жасында баланың 
бойы - 116 см, денесінің самағы - 21,5 кг жетіп, кеуде қуысының кӛлемі 67 см 
жетеді.Баланың мінез-қҧлық әрекетін реттеуде бас ми қыртысының рӛлі 
артады. Жоғары жҥйке жҥйесінің қызметі жетіледі. Балалардың қимыл 
белсенділігі артып, негізгі қимыл әрекеттерін жетік меңгереді. 5-6 жастағы 
балалардың қозғалысы, кӛбінесе, жігерлі, әрі нақты болып, әсемдік пен 
жеңілдікке ие болады. Балалар жҥгіріп келіп биіктік пен ҧзындыққа тоқтамай 
секіруді, заттарды нысананы кӛздеп дәл лақтыруды беріліп орындайды. Олар 
допты бір қолымен қағып ала алады, бір орында тҧрып, аяқтарын кезектестіріп 
секіре алады. 
Мектепалды даярлық жастағы баланың әлеуметтік даму ситуациясы 
ересектермен қарым-қатынас жасаудың ситуациядан тыс-жеке тҧлғалық тҥрінің 
пайда болуымен ерекшеленеді. Дамудың алдыңғы кезеңінде қатынас мазмҧны 
ситуациядан тыс болады, яғни сол ситуация шеңберінен шығады, теориялық 
болады. Ересек адам бала ҥшін білім кӛзі болып қана қоймай, сонымен қатар 
әлеуметтік қарым-қатынастардың, адамның іс-әрекетінің мәні мен нормалары 
жӛніндегі білім кӛзі де болып табылады. Бала қарым-қатынас, моральдық 
нормалар жайлы сҧрақтар қоя бастайды. Бҧл жастағы бала ӛз кҥйзелісін, пікірі 
мен бағалауды ересектердің пікірімен ара салмағын анықтай алады. Мҧндай 
қатынастың басты мотиві - ӛзара тҥсіністік пен әсерлену.Бҧл кезеңде баланың 
айналаны танып-білуге қҧштарлығы артқаны соншалық, ол ҥлкендерге 
қоршаған әлем туралы ӛзін қызықтырған сан алуан сҧрақтар қоя алады. Ересек 
адам бала ҥшін жаңа білім кӛзі, кҥмәндәнудің шешімін табатын эрудит болады. 
Мектепалды даярлық жастағы баланың ересектермен жан-жануарлар, 
машиналар, табиғат қҧбылыстары жайлы әңгімелессе, ал мектепке дейінгі 
ересек жастағы балалар мінез-қҧлық мәдениеті ережелері, ӛзі және ата-аналары 
жайлы әңгімелескісі келеді. Жетекші мотив тҧлғалық мотивке айналады. 
Қатынас жасаудың негізгі қозғаушы кҥші, нақты атқаратын қызметіне 
қарамастан, адам болып саналады [4]. 


86 
Мектепалды даярлық жастағы баланың ӛзін барлық жағынан «жарылыс» 
(бҧл, әсіресе, балабақшаға баратын балаларға тән) тҥрінде кӛрсете алады. 
Қҧрдастар ересектерден асып ӛтіп, бала ӛмірінде ерекше орынға ие болады. 
Қарым-қатынастың негізгі мазмҧны іскерлік ынтымақтастық пен біріккен ойын 
әрекеті арқылы ашылады. Балалардың қарым-қатынасы, әсіресе, сабақ және ойын 
әрекеті ҥстінде айқын кӛрінеді. Бала қҧрдастарының әрекетіне сынай қарап, іштей 
қызғанады, оларды ӛзінше бағалайды және ҥлкендердің бағалауын ӛзіндік 
әсермен қабылдайды. Кейбір жағдайда қҧрдасының сәтсіздіктеріне бірге 
қамығады. Бірақ мҧндай қатынас тҧрақты бола бермейді. Ол ӛз мҥмкіншіліктері 
мен жетістігіне мақтанып, ӛзін басқадан биік ҧстайды, ӛзгені қызғанады, оны 
ӛзіне бәсекелес санайды. Қарым-қатынасында жиі жанжалдасып қалу сипат 
алады. Ызақорлық пен қымсыну сезімінің пайда болуы әсерінен қарым-қатынас 
шиеленісе тҥседі. Әрдайым ӛзінің артықшылығын дәлелдеу мақсатында басқа 
балаларды ӛзімен салыстырып отырады. Қарым-қатынаста ҥлкендердің де, 
қҧрдастарының да оның пікірімен санасқанын, ӛзіне сыйластықпен қарағанын 
қалайды. Сонымен қатар, ӛзара қарым-қатынасында тҥсініспеушілік пен 
жанжалдарды болдырмаудың жолын табуды меңгеру арқылы баланың қарым-
қатынас қҧзіреттілігі қалыптасады.Осы кезеңнің маңызды жаңалығы - мінез-
қҧлық еркіндігі. Барлық психикалық процестер (қарапайымнан кҥрделіге дейін), 
қатынас жасай білу мектеп жасына дейінгі баланың негізгі іс-әрекеті - ойында 
дамиды. Мысалы, ойында рӛл атқара отырып, бала ойын міндетіне барлық ӛзінің 
тезаралық, импульсивті әрекеттерін бағындырады. Ойын барысында бала, 
ересектердің тікелей тапсырмасын орындағаннан гӛрі, зейіндерін жылдамырақ 
шоғырландырады, кӛбірек есте сақтайды. Балалармен ойнай отырып, олардың 
талап-тілектерін ескереді, келіспеушіліктерді шешеді, жаңа жоспар қҧрады және 
оны іске асырады. Басқа сӛзбен айтқанда, қатынас жасай білуге ҥйренеді. 
Ауыстырғыш заттармен ойнай отырып, шартты кеңістікті кӛз алдына ойша 
елестетеді. Кӛз алдына елестетін кеңістіктегі әрекет практикасы шығармашыл 
қиялды дамытуға мҥмкіндік жасайды. Ӛнімді іс-әрекет тҥрлері - сурет салу, 
қҧрастыру ойынмен бір тҧтасқан. Бала сурет сала отырып, қандай да бір сюжетті 
ойнайды, текшелерден қҧрастыра отырып, оны ойынға енгізеді. Мектепке дейінгі 
ересек жаста ӛнімді іс-әрекет нәтижесі дербес мәнге ие болады, сӛйтіп ол ойыннан 
біртіндеп арылады.Бҧл кезеңде мінез-қҧлықтың жаңа маңызды еркін тҥрі пайда 
болады. Бала бҧрын ӛзінің эмоционалдық кӛңіл-кҥйін кез келген ортада еркін 
кӛрсетсе, енді ӛзінің іс-әрекетінде тәртіп нормалары мен қағидаларын сақтайды. 
Дегенмен де бҧл кезеңде ӛзін-ӛзі ҧстай білу дағдысы қалыптасу сатысында 
болады. Алғаш рет «ӛзін қалай ҧстау керек?» деген сҧрақ туады[5]. 
Бала санасында ӛз әрекетін реттеп отыратын ӛзін-ӛзі ҧстау тәртібінің 
ҥлгісі қҧрылады. Сол ҥлгі арқылы бала ӛз әрекетін реттеп отырады. Ӛз 
мҥмкіншіліктерін, нені істей алатындығы мен істей алмайтындығын сезеді, 
ӛзгелермен қарым-қатынаста ӛз орнын біледі, ӛз әрекетін ғана емес, ішкі жан 
кҥйінің тербелістерін (қуаныш, реніш, қобалжу, толқу, т.б.) де сезінеді, 
ҥлкендердің талаптарын тҥсініп, ӛз пікіріне сай келсе саналы тҥрде орындай 
алады. Психологтардың пайымдауынша, бес жастан кейін олармен «келісуге», 
тапсырмалар беруге, жаңа іспен қызықтыруға болады. 


87 
Дәл осы кезеңде ӛзін-ӛзі ҧстаудағы еркіндік бала психикасының дамуы 
мен жан дҥниесінің қалыптасуының кӛзі болып табылады. Бала нені қаласа, 
соған жетуге тырысады. Оның ӛзін-ӛзі ҧстауы айналасындағы жағдайға 
байланысты емес, ӛз шешіміне қарай болады. Осы қҧбылыстар бала дамуының 
барлық саласында кӛрініс табады және бекітіледі. 
Дҥниетанымдық тҥсініктері. 5-6 жастағы балалар қоршаған әлем мен ӛзі 
туралы тҧрмыстық тҥсініктерді біледі. Кҥнделікті тіршілік тҥсініктері - бҧл 
кҥнделікті сӛйлеу тілімен байланысты ҧғымдар. Осыған орай мектепке дейінгі 
ересек жастағы балалардың тҥрлі дҥниетанымдық мәселелер туралы ӛзіндік 
тҥсініктері бар. Жағдайдан тыс-тҧлғалық қарым-қатынас пен сюжеттік-рӛлдік 
ойындардың нәтижесінде баланың ҥлкендердің ӛзара қарым-қатынасы мен 
әлеуметтік жағдайы туралы тҥсініктері қарқынды дамиды. Сӛздік-қисынды 
ойлау қабілеттерінің дамуы кейбір тҥсініктердің нақты-бейнелі мазмҧнының 
абстрактілі, ерікті салыстырмалы тҥрін жасайды. Ӛзін ерекше бағалап, ӛзінің 
«мен»-дігін жақындарынан да, достарынан да оқшау қояды.Бҧл кезеңде бала 
жаны тез жараланғыш келеді. Сонымен қатар кӛптеген балаларда 
ашуланшақтық, ҧялшақтық, ызақорлық, ӛзін-ӛзі кӛрсетуге қҧмарлық сияқты 
қасиеттер пайда болады. Ҥлкендер бҧл ӛзгерістерді дер кезінде байқап, тиісті 
шаралар қолданбаса, ол бала бойында ӛмір бойы сақталып қалуы мҥмкін. 
Ең бастысы, бҧл кезеңде бала психикасы қалыптасу мен даму ҥстінде 
екендігін естен шығармауымыз керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   210




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет