Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет45/210
Дата09.11.2023
өлшемі5.34 Mb.
#482770
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   210
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ЖАҢАРУЫ МЕН ЖАҢҒЫРТУЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ 31 01 2019

қалыптастыруда уақыт талабының бірі қазақ-орыс-ағылшын тілдерін жетік 
меңгеру. 
Тілді шет тілі ретінде немесе екінші тіл ретінде оқыту әдісінің қазіргі 
мәселелерінің бірі - тілдің жасанды ортасын қҧру. Жасалған жағдаяттардың 
кӛмегімен бірден бірнеше оқушыны белсенді тҥрде қатыса алатын сӛйлеу 
әрекетінің тӛрт тҥрінің екеуі тыңдап тҥсіну мен сӛйлеуге ҥйрету.
Тыңдап тҥсіну нәтижесінде оқушы қабылдаған хабардың мәнін ҧғына 
алады. Тілді оқытуда қандай әдіс қолданылса да, ол әдіс оқу ҥрдісінің алдында 
тҧрған дидактикалық міндетті шешуі керек.
Оқу ҥрдерісінде бҧл әдіс ҧлы педагог тәжірибесінде жасанды тҥрде емес, 
нақты, ашық қолданылғаны айқын, ол екі ҧлтттың балаларын тікелей қарым-
қатынасқа тҥсіруі. Мысалы, «Алтынсариннің таңдамалы педагогикалық 
мҧралары» кітабында былай деп келтірілген: « ...Ыбырай Алтынсарин 
балаларға сабақты қызықты, тҥсінікті етіп ӛткізуші еді. Ыбырайдан оқыған 
балалар, небәрі ҥш айдың ішінде оқи білетін және орысша, татарша жаза 
білетін болды. «Шәкірттерім аздап орысша сӛйлей, біле бастаған кезде, мен 
оларды орыс балаларымен араластырып жіберемін. Оған менің заң жағынан 
хақым бар. Қысқасы, бҧл шәкірттерім тӛрт жыл ішінде, мектепті бітіргенге 
дейін, әжептәуір сӛйлеп,ол-пҧлды біліп қалар деген ҥмітім зор» [4;119].
Орынбор қаласында оқып жҥрген кезінде және сонда қызмет етіп жҥрген 
жылдары Ы.Алтынсарин Орынборда Шекара комиссиясының тӛрағасы болып 
қызмет атқарған белгілі шығыстанушы ғалым, профессор В.В.Григорьевпен 
танысып, жақын болып және онымен достасып алады да, оның бай 
кітапханасын еркін пайдаланады. Соның арқасында, ол орыс және шетел ақын-
жазушыларының, ағартушы-ғалымдарының шығармаларын кӛптеп оқып, 
олармен мол танысады.
Сӛйтіп небәрі жетіжылдық мектепті бітіріп шыққан Ыбырай, ӛздігінен 
оқып, ерінбей ізденіп, талмай еңбек етуінің арқасында жан-жақты мол білімі 
бар, ой ӛрісі ӛте кең, оқымысты адам болып шығады.
Педагог іс-әрекетінің тиімді болуы және белгілі бір нәтижеге қол жеткізу 
ҥшін, ӛзі жақсы меңгерген әдістері болуы қажет. Ол кейде, бір әдістің ӛзін 
бірнеше мақсатқа пайдалануы мҥмкін. Бірақ, оқытушы қай әдісті таңдамасын, 
оның тіл ҥйренушінің қабылдауына жеңіл, тиімділігі мол, нәтижелі болуын, ең 
негізгісі, дидактикалық мақсат-міндеттерге сәйкес келуін ескеруі керек.
Бҧл қағиданы ағартушы «Қазақтарға орыс тілін ҥйретудің бастауыш 
қҧралында»жақсы, ҧғынықты кӛрсете білген. Ол, ӛз кітабында былай деп жазады. 
«Әуелі оларға зат есімге ғана жататын зат аттарын ҥйретемін, солардан кейін 


103 
заттың сынын кӛрсететін сын есімді ҥйретемін. Осылардан кейін, зат есімді 
олардың сынымен қосып-ақ, адам сияқты сӛйлем қҧрып ҥйретемін» [5;35].
Осы еңбегінің келесі бір жерінде ол: «... қазақ балаларына орысша 
кітаптарды оқытуға, оқығандарын, тҥсінгендіріп отыруға кіріспей тҧрып, 
олардың жеке сӛздерді болсын және негізгі грамматикалық ережелерді болсын 
бірқатар жҥйелі әзірліктен ӛткізуі керек болды.
Мҧндай, алдын-ала әзірлік жасалмаса, оқушылардың тҥсінігі тым 
шалағай болып шығады, ешбір грамматикалық ереже жайында белгілі бір 
тҥсінік алуға оқушылардың шамасы келмей қалады, кӛпке дейін «она» деген 
сӛздің орнына «он» деп, «иду» деген сӛздің орнына «шел» деп тағы сол сияқты 
қателер жасап жҥретін болады»-деп, оқушылардың қызығуын, белсенділігін 
арттырудың ерекше маңыздылығын атап ӛтті [5;48].
Ҧлы ҧстаздың қҧрастырған «Орыс тілін қазақтарға ҥйрету туралы 
бастауыш қҧрал» кітапшасының алғы сӛзіне назар аударсақ тӛмендегідей жайға 
тап боламыз: 
1.«... Жетекші қҧралда YIII бӛлімнен тҧратын пәндердің атауларын 
оқушылардың жатқа білуі жӛнінде, әрбір бӛлімнің аяғында кӛрсетілген 
грамматикалық ережелерге жетекші қҧралдарда жасалғаннан гӛрі, біршама 
кӛбірек тоқталу керек, сондай-ақ соңғы ҥлгілерін берілген мағлҧматтары 
бойынша оқушыларға жаңа сҧрақтар беру және сӛздердің родқа, жекеше-
кӛпше, септік жалғауларына және т.б. қарай белгілі бір ӛзгерістерін олар 
игергендерінше осыған теңдес мысалдарды кӛрсету керек. 
2.Оқушылар осы жетекші қҧралды ӛткеннен кейін, олардың әр қайсысы 
қол жеткен даярлығына сәйкес және жетекші қҧралдың аяғына берілген ҥлгіге 
сәйкес, шәкірттердің қазақ тілінен орыс тіліне жазбаша аударуына жаттығуын 
ҧдайы жҥргізуін ҧсынады. Ӛйткені, аудармалар ҥшін қҧрастырған «Қазақ 
хрестоматиясы» тым тиімді болады. Сондықтан, ол осы жетекші қҧралдың 
жалғасы қызметін атқарады. 
3.Сонымен, бҧл жетекші қҧрал толыққанды грамматиканы емес, қайта тек 
қана орыс тілінен және оның негізгі заңдарымен әңгімелесу және жазу кезінде 
дҧрыс пайдалану ҥшін, осы тілмен танысуға арналған жетекші қҧрал ғана 
болғандықтан, мҧғалімдер, кейіннен шәкірттер орыс кітаптарын енді тҥсіне 
бастаған кезде, осында келтіре алмаған грамматиканың неғҧрлым егжей-
тегжейлі, әрі жеке ережелерімен таныстыруға тиіс. Мҧның ӛзі ҧсынылып 
отырған жетекші қҧрал бойынша оқытылатын тілдің негізгі ережелерін игерген 
оқушылар ҥшін, қиынға соқпайды» [6;117]. 
Қорыта айтқанда, Ы.Алтынсарин еңбектерінде балаларға білім беруде 
қолданған әдістері практикалық тҥрде тілді тез меңгеруге бағытталған әдістер. 
Олар,оқушының тілдік дағдыларын, толыққанды білім алуын қалыптастыруға 
бағытталған жҧмыстардың бірі.
Педагогтің тілдік материалдарды бір-бірімен сабақтастыра, байланыстыра 
білуі, тақырыпты меңгеруге зор ықпалын тигізетінін Ы.Алтынсарин ӛзінің 
еңбегінде, оны тәжірибе жҥзінде дәлелдеп берген. Бҧл мәселе, қазақ-орыс-шет 
тілін оқытып жатқан педагогтарды бір сәтте болса ойландыратын жағдай деп 
ойлаймын.


104 
Тағы бір айта кететін жағдай, оқыту мақсатына жету ҥшін, оқушының 
тілді тҥсініп, ауызекі сӛйлеу актісіне қатысуы. Әрине, ауызекі сӛйлеуде тҥрлі 
қиындықтар кездеседі. Сӛйлеуші сӛйлеу ҥдерісін ӛзі бақылай алмайды, яғни ӛз 
қатесін ӛзі бірден кӛре де, ести де алмайды, ӛйткені жағдаятқа байланысты, тіл 
ҥйренуші тілдің мазмҧнын, тілдік қҧралдарды ӛзі таңдайды. 
Ы.Алтынсарин еңбектеріне сҥйене отырып, ӛркениетті Қазақстанның әр 
оқушысына заман талабына сай білім беруде, жеке тҧлға қҧзіреттілігі — ӛзін 
кӛрсете білуі мен қалыптастыруы жолында тілді ҥйретуде ізденіс пен 
талпыныс қажеттігін естен шығармағанымыз абзал.
Тіл маманы (қазақ-орыс-шет тілі) ӛз мамандығы аясында теория жҥзінде 
ғана жетік болуымен қатар, оқушыға тіл ҥйретуде қарым-қатынас жасауда 
интербелсенді әдістерді қолдана отырып, ӛзін де, ӛзгені де дамыту жолындағы 
міндетті жҥзеге асырса деп тілейміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   210




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет