10
Сонымен, ғалымдардың еңбектерінде креативті тҧлғалардың бірнеше
сапалары кӛрсетіледі, олардың негізгілері: педаготік қызметтегі зерттеушілік
мәдениет; ой қорытуының дербестігі; белгісіз жағдайларға шыдамдылық
танытуы; мамандық бағыты бойынша қҧзіретті болуы; тәуекелге бел бууы және
тапсырманы жоғары деңгейде ҥлкен кәсіпкерлікпен орындауға ҧмтылуы.
Креативті тҧлғалардың ӛзіне тән мотивациялық бағдары - оның
қызығушылықтарының кӛп болуы. Олар жаңа тәжірибеге ашық ҧмтылады және
жаңашылдықты
қолдайды.
Сондықтан
да
болашақ
педагогтердің
шығармашылық
қабілетін дамытуда, креативті тҧлға болып қалыптасуының
мәні зор. Сондай-ақ, креативтілік болашақ педагогтердің ғылыми –зерттеушілік
іс-әрекетін дамытуға даярлығын қалыптастырудағы негізгі сапалық
кӛрсеткіштерден тҧрады:
1) конгнитивтік (танымдық) сапалары – қоршаған әлемді тҥсінуі,
қҧбылыстардың мәнін білуге ҧмтылуы, танымдық ынтасының тҧрақтылығы
және т.б.
2) креативтілік (шығармашылық) сапалары – ойлау белсенділігі,
шығармашылық шабыт, қиял, болжай білу, ой тереңдігі,
қарама-
қайшылықтарды кӛре білу немесе сезу; ӛзекті мәселені табу; шығармашылық
қызығушылығының тҧрақтылығы және т.б.;
3) әдіснамалық (ҧйымдастырушылық) сапалар – тапсырманың мақсаты
мен мәнін тҥсіну, мақсатқа жетуде іс-әрекетті оңтайлы ҧйымдастыру, нәтижеге
жетудегі
табандылық, рефлексиялық ой-санасы, коммуникативтік қабілеттері
және т.б.
Қорыта келгенде, Елбасының „Қазақстандықтардың әл-ауқатының ӛсуі:
табыс пен тҧрмыс сапасын арттыру― атты жолдауындағы «Мектепке дейінгі
білім беру сапасын тҥбегейлі жақсарту ҥшін білім беру ісінде 4 К моделіне:
креативтілікті, сыный ойлауды, коммуникативтілікті
дамыту және командада
жҧмыс істей білуге басты назар аударуды талап еткендігі, сонымен қатар, Білім
және ғылым министрлігі әкімдіктер мен бірлесіп, «Жол картасын» әзірлеуді
тапсырғандығы [9], осы жоғарыда мазмҧндалған болашақ педагогтердің
шығармашылық тҧрғыдан дамуындағы ғылыми зерттеу іс-әрекетін жҥзеге
асырумен сәйкес келетінін дәлелдейді. Себебі, бҥгінгі қоғамның талабы,
мектепке дейінгі білім мен тәрбиеден бастап, барлық білім беру жҥйесінде
ҥздіксіз педагогикалық процесс арқылы әлемдік бәсекеге қабілетті педагогердің
дамуы жҥзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: