Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет87/210
Дата09.11.2023
өлшемі5.34 Mb.
#482770
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   210
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ЖАҢАРУЫ МЕН ЖАҢҒЫРТУЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ 31 01 2019

Summary. One of the most effective ways to improve the learning activities of students in 
few complete schools is their self-employment and self-education. For independent performance of 
physical tasks in an ungraded school, students need active mental activity, for independently 
solving cognitive problems, previously acquired knowledge is used. throughout the lesson is 
cognitive activity and search abilities. 
Keyword: mall schools, original work, educational work, methods of teaching, self-
education, quality of education, new materials, methods and techniques. 
 
Шағын жинақталған мектептерде физиканы оқыту барысында маңызды 
міндеттер қойылып отыр. Себебі оқушылар ҧлттық бірыңғай тест тапсыру 
кезінде, сондай ақ мамандық таңдау кезінде ӛндірістің маңызды салаларында 
физикадан алған білімнің кӛмегі аса қажет болары сӛзсіз. 
Шағын жинақталған мектептердің оқу-тәрбие ҥрдісінде бірнеше ӛзіндік 
ерекшеліктер бар: біріншіден, бірнеше сыныппен бір уақытта жҧмыс істеу 
сабақтың қҧрылысын анықтауды, оқушы мен мҧғалімнің қызметін дҧрыс 
ҧйымдастыруды қажет етеді; екіншіден, тікелей мҧғалімнің басшылығымен 
атқарылатын жҧмыстың оқушының ӛздік жҧмысымен алмастырыла жҥргізілуі. 
Осы екі ерекшелік шағын жинақталған мектептің негізгі мектептен 
тӛмендегі айырмашылығын туғызады:
 бір сыныптын ӛздік жҧмысына бӛлінген уақыт мҧғалімнің 
басшылығымен жҧмыс істеп отырған келесі сыныпқа бӛлінген уақытқа 
байланысты;


197 
 екі сынып қатар оқытылғандықтан, сабақ кестесін, сабақ жоспарын 
дҧрыс жасау, оқушылардың ӛздері орындайтын жҧмыстарын шебер 
ҧйымдастыру, сабақ уақытын дҧрыс, тиімді пайдалану қажет;
 мҧғалім сабақ барысында ҧйымдастырлатын ӛздік жҧмыстардың мазмҧнын, 
кӛлемін, оларды орындау әдіс-тәсілдерін тҥрлендіріп, оқушылардың білім денгейіне, 
жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай лайықтап, орындау уақытын 
белгілеп, оны тиянақты орындауын ойластыруы қажет; 
 ӛз бетімен жҧмысты орындау әрбір оқушыға тҥсінікті болуы керек 
және де кӛрнекі қҧралдар, ҥлестірмелі, дидактикалық материалдар саны барлық 
балаларға жететіндей болуын қадағалау керек [1]. 
Оқушылардың ӛз бетімен жҧмыс істеуін қалыптастыру туралы сӛз 
қозғағанда бір-бірімен тығыз байланысты екі ҧғымды қарастыру керек. 
Біріншісі оқушылардың танымдық қабілеттерін ӛз бетімен дамытуын 
дағдыландыру, кӛзқарастарын қалыптастыру. Екіншісі ӛз бетімен алған 
білімдерін ғылым және практика жҥзінде қолдана білуге ҥйрету. 
Ӛзіндік жҧмыс – оқушының кҥрделі іс-әрекеттерінің бір тҥрі немесе оқу 
жҧмыстарының арнайы бір формасы болып табылады. Шағын жинақты 
мектепте оқу-тәрбие жҧмыстарының ерекше кӛңіл аударатын бір саласы – 
оқушылардың ӛздігінен орындайтын жҧмыстары. Бірнеше сыныппен жҧмыс 
істейтін мҧғалімнің негізгі педагогикалық міндеті – жеке сыныппен жҧмыс 
істейтін мҧғалімнің алдына қойған міндетпен бірдей. Ол да оқу жоспарын, 
бағдарлама талаптарын орындауға тиіс.
Ӛзіндік жҧмыс тҥрлерін ҧйымдастыруда мынандай талаптарды орындау 
керек: ӛздігінен орындайтын жҧмыстың мазмҧны бағдарлама талаптарына сай 
болуы керек; ӛзіндік жҧмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс; 
ӛзіндік жҧмыстың тҥрі, мазмҧны әртҥрлі болуы керек; әрбір орындалған ӛзіндік 
жҧмыс тексеріліп, бағалануы керек.
Ӛздік жҧмысты ҧйымдастырудың шарттары мыналар: мҧғалімнің нақты 
тапсырмалар беруі; жҧмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі; 
мҧғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мӛлшері, олардың 
жҧмысты ӛз еркімен және қалауымен істеуі; оған әсер ететін мотивтер. 
Ӛзіндік жҧмыстың тҥрлері сан алуан. Оларды топтастыру - кҥрделі 
мәселе. Оның жиі кездесетін бір тобы – сабақ мақсатына қарай қолданылатын 
жҧмыс тҥрлері: а) жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты талдау, 
мҧғалімнің ауызша баяндауының жспарын, конспектісін жасау т.б. тәсілдерге 
ҥйрену); ә) жаңа білімді бекіту (тҥрлі жаттығулар, есеп шығару, тҥрлі жазбаша, 
графикалық, практикалық т.б. жҧмыстар). 
Ӛздік жҧмысқа мынадай талаптар қойылады: тапсырма әрбір оқушының 
білім деңгейіне байланысты таңдалуы керек; ӛздік жҧмысты орындауға 
жеткілікті уақыт берілуі керек (8-15 мин. ҧзақ болмайды); міндетті тҥрде 
тексерілуі керек; жҧмыс сабақтың мақсатына байланысты (жаңа материалды 
қабылдауға, ӛткен материалды бекітуге, қайталауға, білімді тиянақтауға) 
таңдалады; ӛздік жҧмыстың мақсаты, орындау әдісі оқушыларға тҥсінікті 
болуы тиіс; ӛз бетімен жҧмысқа оқушылар білім деңгейіне байланысты әр тҥрлі 
уақыт жҧмсайтынын ескеріп, қосымша материалдар дайындап әкелу керек [2]. 


198 
Ӛздігінен орындайтын жҧмыста ҧйымдастыру − сабақтың ең кҥрделі 
кезеңі. Ӛйткені, жҧмысты оқушылардың бәрі бірдей бір мезгілде аяқтамайды. 
Қазіргі кезде білім сапасымен оқушылардың жеке басының қабілетін дамыту 
қай кездегіден де ӛткір қойылып отыр. Ол ҥшін мҧғалім оқытудың 
технологиялық жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануы керек. Ӛз бетінше жҧмысты 
ҧйымдастыруда баланың жеке қасиеттерін ескеріп, жекелей, саралай оқыту 
әдісін пайдаланған дҧрыс. 
Әр сыныпта ӛткізілетін сабаққа тиісінше уақыт бӛлінуі оқушылардың 
ӛзіндік тапсырмаларды ҧқыпты орындауына кӛмектеседі. Оқушыларға 
ӛздіктерінен жҧмыс істету тек білімді бекіту ҥшін ғана емес, жаңа материалды 
тҥсіндіруде де қолданылады. Мысалы, мҧғалім оқулықтан тиісті материалды 
оқытады, онда не айтылғанын, қалай қорытылуға болатынын ойлануды 
тапсырады немесе белгілі бір ережені оқытып, мысалдарды талдауға осы 
ережені қолдануды тапсырады. Ал, оқушылардың тапсырманы сыныпта, ҥйде 
ӛздігінен орындай білуі – оның бойында қалыптасқан білім, білік пен дағдылар 
сапасының сенімді кӛрсеткіші.
Шағын кешенді мектепте физикалық тапсырмаларды ӛздігінен орындау 
оқушылардан белсенді ой қызметін, әр тҥрлі танымдық мәселерді ӛздігінен 
шешуді бҧрынғы меңгерілген білімді қолдануды талап етеді. Сабақта 
жҧмыстың әр тҥрін орындау нәтижесінде оқушылардың танымдық белсенділігі 
және ізденімпаздығы арта тҥседі. 
Мҧғалім бір сыныпта сабақты тҥсіндірген кезде, екінші бір сыныптың 
оқушылары мҧғалім басшылығымен жҥргізілетін жҧмысқа ӛз бетімен 
әзірленеді. Тӛменгі сыныпта да, жоғары сыныптарда да жаңа материалды 
тҥсіндіру балаларға ӛздігінен істейтін жҧмыстарды тапсыруымен аяқталады. 
Оқушылар ӛздігінен істейтін жҧмыстарды, алдымен мҧғалімнің жетекшілігімен 
орындайды. Бҧл ҥшін жаңа сабақты тҥсіндіруге арналған уақыттың бірнеше 
минуты бӛлінеді. Содан кейін оқушылар ӛздігінен жҧмыс істеуге кӛшеді. Олар 
уақытқа байланысты тапсырманың бір бӛлігін сыныпта орындайды, бір бӛлігін 
ҥйде орындайды. Мҧғалім сабақтың екінші жартысында жаңа материалды 
тҥсіндірген сыныптың оқушылары сыныпта ӛздігінен орындайтын жҧмыстың 
аз ғана бӛлігін орындайды − жҧмысты сыныпта бастап, ҥйде аяқтайды.
Бір сыныпта жаңа материалды тҥсіндіру, ал екінші сыныпта ӛткенді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   210




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет