Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары


Солдан оңға қарай: Қозыке ҧлы Әбжан, Шоқпыт ҧлы Болатбек,  Шайқыстан ҧлы Қҧлахмет. Ғайсин Жақсылық



Pdf көрінісі
бет97/210
Дата09.11.2023
өлшемі5.34 Mb.
#482770
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   210
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ЖАҢАРУЫ МЕН ЖАҢҒЫРТУЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ 31 01 2019

 
Солдан оңға қарай: Қозыке ҧлы Әбжан, Шоқпыт ҧлы Болатбек, 
Шайқыстан ҧлы Қҧлахмет. Ғайсин Жақсылық 
 
Бірде Бҧқара-Шәріпте оқып Дәмолда болып келген Қанафия деген кісіні 
дін сауаттылығын алу ҥшін, елде қалдыру керек болғандықтан, кілем тӛсеп, 
дастархан жайып қарсы алады. Тек Табай атамыз ғана бармаса керек. Себебі 
Қанафияның жасы кіші болған. Отырғандар «Табай деген кісі бар, ӛзі 
пайғамбар жасынан асқан, намаз оқымайды, ораза ҧстамайды, алыстан алты 
жасар бала келсе алпыстағы ақсақал орнынан тҧрып сәлем береді деген бар 
емес пе! Мҧнысы несі?» - деп әңгіме қылыпты екен. Атамыз тек ҥшінші кҥні 


213 
келсе бәрі намазға тҧрып қойса керек. Табекен «Бәйгеге ат қостық, қасқа бастан 
бересің бе, ӛмілдірігінен бересің бе, жоқ әлде қҧйысқаннан ба?» - деп қисайып 
отыра кетіпті. Намаз бітіп Қанафия орнына отыра бергенде Табекең сауал 
қойыпты. «Кеше бір-екі бала ҥлкенге кішілік қылмаймын деген екен. Олардың 
орны қияметте тозақта ма екен әлде жҧмақта ма екен?». Табекеннің сӛзінің 
астарын тҥсінген Дәмолда Қанафия орнынан атып тҧрып «Кешіріңіз жаздым, 
жаңылдым, Табай айтыпты деген әңгімелерді сонау Бҧхара-Шарифтен де 
естіген едім. Аллаһ тағала бір жарылқаған адамын қайтадан қарғамайды деуші 
еді» - деп Табай атамыздың иығына шапан жауыпты [4].
Елдің ол кездегі тҧлмыс-салты кәзіргіден кӛп ӛзгешелеу болған. 
Кӛшпенді ел болғандықтан кҥнкӛріс тікелей малмен байланысты болған. 
Ӛйткені байдыңда басқаныңда байлығы кәзіргідей банкідегі ақшасы, ҥстіндегі 
ҥйі, астындағы машинасымен емес табындағы жылқысының санымен 
есептелетің болған. Сол себепті бай да, кедей де малдың қамын кӛп 
ойлаған.Табай атамыз ӛзі шендес кісілер сияқты малдарын қыс жылы жаққа, 
Сыр бойына, одан әрі Сарысуға қарай айдатқан. Бір жылы ерте кӛктемде қыс 
бойы қабарсыз кеткен жылқышылардың алдынан шығуға, бір жағынан сейіл-
серуен қҧруға бір топ жақсылар аттаныпты. Қайтып келе жатқанда, елге бір 
кҥндік жол қалған кезде алдарына қатты-шоқытып шауып келе жетқан екі кісіні 
кӛрген Табекеннің жанындағы бір адам: 
Апырмай! Мыналардың жҥрісі суыт қой. Ел ішінде ӛлім-жітім болмаса 
жақсы еді - депті. Сонда Табай атамыз: «Біздің Назарымбеттерде ӛле қоятын 
адамның ыңғайы жоқ еді. Женет болмаса! - депті. Ақыры солай болып Женет 
деген кісі ӛмірден озыпты. Ол кісі ӛте адал және мейірімді болған. 18-ші 
ғасырдың 60-шы жылдары Торғайда алғаш қазақ мектебін ашуға ҥкімет 
бӛлеген ақша аздық етіп, ояздың ҧйғарымымен әр ҥйден тиындап ақша 
жиналғанда Табай атамыз ойланбастан ӛздерін ақшаға айналдырып алындар 
деп ҥйір жылқы беріп және ӛзі басқаратын дистанциядан, 700-дей ҥйден кӛмек 
ақшаны ӛзі аралап жҥріп жинап берген екен. Бҧдан атамыздың соншалықты 
саран болмағаның байқауға болады. Атамыздың елге кӛмегі онымен 
шектелмеген. Кейіннен ашылған қолӛнер училищиінен балаларға тамаққа 
шошқа етің пайдаланып жатыр дегенді естіп, жас балалар харамнан дәпм 
татпасын деп асханасына еттей кӛмек ретінде 50 қой беріпті. Орта ғасырдың 
орта кезінде кәзіргі Әйет-Тобыл бойынан Сыр еліне дейінгі аралықты 
мекендеген Орта жҥздің Арғын-Қыпшақ аталатын қалың жҧрттың ауызында 
«Торының тӛрт тіреуі» атанған беделді адамдар болған. Олар Тҥйішкенің 
Назарымбетінен шыққан Табай би, Баянтаңаттан шыққан Жандарбек, 
Қитабаның Бигелдісінен шыққан Уәйіс шешен, Ақпаннан шыққан бай Кӛбек 
екен. Олардың ішіндегі жасы ҥлкені де, орып тҥсер тілмар шешені де, тура 
билік айтар биі де Саламатҧлы Табай болған. Табай би казіргі Қостанай 
облысы, Жанкелдин ауданы, Қызыләскер ауылы, Аралбай елді мекенінде 1825 
жылы Тҥйішкенің Досым тармағынан Назарымбет руының Жаманғара 
әулиетінен Тіленҧлы Саламат отбасында дҥниеге келген. Табай 13-14 жасында-
ақ шешендігімен дҥйім жҧртқа танылған. Табай бабамыз ӛз қатарынан озық 
туған. Кіші жҥз еліне бара жатқан Арғын-Қыпшақтың жақсыларының атқосшы 


214 
есебінде Кіші жҥз еліне барған. Қарт батыр Тама Есет ауылына барғанда ҥй 
иелерінің дҧрыс қабылдамауынан еріліп қалған ҥлкендер мінезіне риза болмай 
келген қонақтар ошырайып тҧрып қалыпты. Салтанатты сегіз қанат Ақ 
Орданың оң жағында батсайы шымлдықпен кӛмкерілген қымбат кереует 
ҥстінде жағын танып алған кәрі тарлан жамбастап жатса керек. Ақ Орданың сол 
жағында екі жас жігіт карта ойнап отырып келген қонақтарға мән бермепті. 
Осы кезде кәрі батыр: 
- Әй, бҧл кімдер,ә?-деп сауал тастапты. Сонда жас Табай ортаға 
суырылып шығып: Мынау Арғын-Қыпшақтың жақсы мен жайсандары. Ӛзіме 
келсеңіз әкем-қара тҥн, шешем-қара кҥң, ӛз атым -Таз Табай. Ал енді ҥйге ит 
келді, кісі келді демей ала қағазды қиғаштап соғып отырған анау атасының 
аузын ҧрайындарын кімдер? - депті [5]. Есет батыр мҧндай ӛрескел сӛзге 
шамданып, тҧсындағы масаты кілемге айқастыра ілінген қаруларына кӛз 
тастап, атамды боқтамай-ақ жай аты-жӛнінді сҧрамаған адамды қылыш 
астынан ӛткізуші едім, әперші қылышымды - деп сес білдіргендей болады. 
Сонда Табай «Біз 11 міз,11 елдің тентегіміз, қылыштатып бекер отыра 
алмаспыз, кеше Ерназар, Бекетті жай айдап кеткенде қайда қалып еді ол 
қылышың, қашаңғы кәрі батыр қаһарының астында бҧға береміз, тартындар 
қылыштарынды», - деп топты бастап ала жӛнеліпті. Сондағы қос боз бала Есет 
батырдың немерелері екен. Келген қонақтарға тоң-теріс мінез кӛрсеткендерін 
тҥсініп, айыбын жуу мақсатында елдің ең сыйлы азаматтарын жіберіп, 
қонақтарды қайтарып, сый-сыйапат кӛрсетіп қонақ қылыпты. Осы жағдайдан 
кейің Табайдың аты ел ішінде таңыла бастапты. Атамыздың сараңдығы мен 
кесірлігі жӛніңде де біраз деректер бар. Тоқал арғынның Шақшағынан тараған 
кіші Тархан Дәуітбайдан шыққан Бірімжан балалары би де, болыс та, орыс 
думасының депутаты да,ояздың бас кенесшісі де шыққан әулиетті, бірде Табай 
шешен қабылдамай жіберіпті. Содан бірде Дәуренбек ауылына Табай шешеннің 
жолы тҥсіп бармайма, баяғыны қайтару мақсатында: Ауылда кісі 
бар,қабылдауға мҥмкҥндік жоқ! - деп айтқызады. Сонда Табай би; «Уа! Шеген 
ҧрпағы, байлығына таластым ба, билігіне арластымба, қҧдайдың берген бір 
сараңдығы бар еді, оны да маған қимағандарынба? Жарайды, онда сараңдықты 
да сендерге бердім!» - деп атының басын бҧрып ала берген ғой. Сонда 
Дәуренбек ауылының ақсақалдары «Ойбай!Ана пәлені қайтарып әкеліндер, 
атымызды жаман жағынан шығарып жҥрер» - деп сый-сыйапат кӛрсетіп 
аттандырыпты. Бірде Торы Қыпшақтың Тҥйкіше руынан шыққан тапқыр, 
Табайдың ауылдасы, Кәрім деген тарақты жігіт» Табеке, егерде сізге кӛп мал 
біте қалса, қалай ӛсіріп, кӛбейтер едініз» - депті. Табай шешен іркілместен: 
«Егерде маған кӛп мал біте қалса, әуелі ата-лағын тандап алар едім: айғырды 
ҥйірінен, қошқарды жҥнінен, бураны ҥйірінен,бҧқаны тҥсінен таныр едім. 
Аталарымыз: азынаған айғырдың ҥйірін кӛр, жҥндес қошқардың тӛлі жҥдемес, 
нар жолында жҥк қалмас, сиыр болса аладан, қатық кетпес шарадан!» - деген 
ғой. Кәрімнің тағы да «Сиырдың сҥттілігін, ӛгіздің мықтылығын, ердің 
қуаттылығын, әйелдің ҧяттылығын қалай айыруға болар еді?» - деген сҧрағына 
Табай шешен «Ӛгіз мҥйізді сиырын сҥтті болмайды, сиыр мҥйізді ӛгізін кҥшті 
болмайды, әйел дауысты еркектің қуаты болмайды, еркек дауысты әйелдің 


215 
ҧяты болмайды» - деп жауап беріпті. Шешендердің және билердің қандай да бір 
ауыздан шыққан сӛздері, сӛздің қасиетін білетіндер арқылы бҥкҥл елге тарауы 
табиғи нәрсе,біздің халық ауыс әдебиетіне ӛте шебер болған. Соның себебі де 
біздің қазақта жазу-сызу болмағаны мен жырлар, дастандар, айтыстар 
ҧрпақтан-ҧрпаққа жетіп осы заманға жеткені. Табекеннің адамды сынай 
білетінің, оның бағасын тура беретінің сезген жоғарыда айтылған Торы 
Қыпшақ мықтылары: «Табеке ауызыныз дуалы еді, балаларға баға берінізші» - 
деген сҧрақтарына Табай, Кӛбекке «Сенің анау қабантіс қараңнан бірдене 
шығады» - деген.Онысы кейін елге танымал болған,17 жасында жаппас 
Басығараны ҧялтқан Сәрінжіп болса керек. Жандарбекке «Сенің балаларын 
ҧрылармен ыңғайлас болар» - деген екен. Содан кейін «ҧрпақсыз қалған Уәйіс, 
елге белгілі баласыз ӛткен қу Табай» - деп атын қамшысымен осып-осып 
жіберген екен бар. Табайбабамыздың алты ҧлы болған. Олар: Қошқар, Ерден, 
Дҥзен, Оспан, Арыстан, Кеңбейіл. Тумасында ел сӛзін ҧстаған бабамыздың 
ӛзінің балаларына кӛп кӛңілі толмаған. Ауылдастары «Табеке ал ӛзініздің 
балаларынызға баға беріңізші» -деген сҧрақтарына «Есбергеннің жалғызы 
жанып салған бәкідей, Табайдың алты ҧлы жарға қоңған ҥкідей» - деген екен 
[6.]. Шыныңдада Есбергеннің жалғыз ҧлы Қамбар пысық, кейін болыста болған 
кісі. Тҥңгі жылқы кезегіне шыққан Табайдың балалары қамбардың жанына 
барып,уақыт ӛткізеді екен. Соны сезген атамыз «Ертен анау Қамбар қаладан не 
жаңалық әкеледі екен деп отырасындар ғой» - дейді екен. Дегенмен де Табай 
атамыздың балаларының да олқысы болмаған. Мысалы: Табай бидін баласы 
Қошқар бай деп ҧсталып, Қостанай тҥрмесіне қамалғанда, қасындағы адамдарға 
«Сен аман қҧтыласын, сені кӛп ҧзамай босатады, ал енді маған елге оралу 
жоқ!» - дейтін, деп кейінірек сол кісімен бірге тҥрмеде отырған адамдар айтып 
отырады екен. Ақыры осы айтқандарының бәрі келіп, кӛп адамдар елге қайтқан 
да ол кісі сол тҥрмеде қайтыс болса керек.Бірақта осы Қошқардың Естек деген 
бір баласынан ҧрпақтары бар. Ал Арыстаннан Козыке, Қапыш деген екі ҧлы 
және Балгҥл деген қызынан тараған ҧрпақтары бҥгінде Алматы, Астана, 
Арқалық, Қостанай және Торғай жерлерінде ӛмір сҥріп жатыр. Қозыке 
ағамыздың бір немересі Жақсылық Ғайсин ағамыз кезінде кеңшардың
Амангелді ауданыңда атақты Иманов атындағы кеңшардың директоры 
қызметтерін атқарған. Сол ағамыздың ӛз ауызымен айтқан бір сӛзін тындап 
едік: «Сталиндік нәубет кезінде 3-4 жасымда анам сотталып, 3 жыл 
Моңғолияда болды. Әке соғыста жҥр, ана тҥрмеде болған кезде атам Қозыке 
мен әжем Бибігҥлдің қолында тәрбиеленіп ер жеттім. Егерде осы ӛмірде 
шыққан биігім болса соның бәрі осы әулиеттің тәрбиесі деп білемін» - деп сӛзін 
аяқтады [7]. Қозыкенің Абай деген баласы Торғай ӛңіріндегі алғашқы тау-кең 
инжинерлерінің бірі болған. Ал Әбжәннің, Қапышынан тараған ҧрпақтары 
Астана, Арқалық қалаларында шаруашылықтың әр салаларында еңбек етуде. 
Біздің кіші отанымыз Аралбай ауылынан Аққҧмға барар жолда Әспет деген 
бҧлақты мекен бар. Табай би сол Әспетті жайлап отырған. Аққҧм жолында 
«Табай талған» - деген жер бар. Атамыз Табай осы Әспетте мекен етіп 
отырғанда, ауылдан 6-7шақырым жердегі дӛңгелек ойпаңдағы қарасуға кҥн 
ауған мезгілде барып шомылып жҥреді екен. Бірде сол дӛңгелек қарасудан 


216 
атамыз тілі байланып шыққан екен. Содан бері халық ол жерді «Табай талған» - 
деп атап кеткен екен. Бҧл кҥндері сол шҧңқырға су толмай жҥргені болмаса 
орыны қаз-қалпында сақталған. Тағыда бір аңыз-әпсана да, қәзіргі Наурызым 
ауданында Сәнтібек кӛлінің жағасындағы бір байдың ҥйіне қонып, 
танертеңгілік далаға шыққан атамыз, етегін бҥркіп біраз отырыпты. Сонда 
«Әттеген-ай! Ӛз ауылымның жҧртында қалмады ау!» - деп, анадай жерде 
жорғалап бара жатқан жыланды кӛрсетсе керек. Сӛйтсе ол кісіні шешең қылып 
сӛйлететің, қай іске болсада тайсалмай баруына итермелейтің,бойында әлгіндей 
қара жылын-иесі бар екен ғой деп ҥлкен кісілер айтып отырады екен. 
Жоғымызды тауып, кемшілігімізді тҥзеуге мҥмкіндік берген тәуелсіздік 
дәуірінде, әулие бабаның ҧрпағы Жақсылық ағамыз ел ауызында аңыз болған, 
Сыпсың жерінен, Сәңкібай кӛлінің маңынан, «Табай обасы аталып кеткен 
жерден атамыздың зияратын тапқан еді. Ӛз заманыңда адал, әділ билік еткен, 
шешен тілмарлығы мен әулие-кӛріпкелдігімен жәнеде ӛзі жҧртҧқа паш еткен 
сарандығымен елге таңылған, атамыздың басына қойылған қҧлпытасы 
табылып, атамыздың мәңгілік тыныс тапқан мекені табылды. «Табай талған» - 
деген жер ӛте киелі жер. Ауыл ақсақалдарының айтуынша мал ауруы пайда 
болса сол жерге апарып қҧрбандық шалыпадам ауырса зияратына апарып 
тҥнетеді екен. Себебі ол жерге дертіне шипа іздеп барған адамдардың кӛбісі 
дертінен қҧлан таза айығып кеткен екен. Тіпті боранды кҥндері дала аязда 
адасып кеткен малшыларда сол жерге тҥнеп аман қалған екен. Зияраттын 
биіктігі 1-1,5м. Обаға барып тәу еткен адамның тілегі қабыл болып дертінен 
айығып, бала сҥйе алмай жҥргендер балалы болады екен.
Торғай жҧртшылығы қадір тҧтқан Орта жҥздегі белді тҧлғаларымыздың 
бірі - Табай бабамыздың ел алдындағы қызметі туралы әлі де зерттеулер 
жҥргізілуде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   210




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет