212
Сондай Торғай жҧртына танымал тҧлғаларымыздың бірі, ӛзінің бар
ғҧмырын ел қамына жҧмсаған, ірі парасат иесі Табай би болатын.
Табай бабамыз ӛз қатарынан оқ бойы озық туған, әрі кӛсем, әрі шешен,
дуалы ауыз айтқаны келетін, тіпті кӛріпкелдігі де бар
әулие кісі болғандығын
ауыл ақсақалдары айтып отыратын. 2008 жылы жаз мезгілінде Назарымбет
руын дҥр сілкіндірген оқиға орын алды. Ол оқиға Табай бидің мәңгілік тыныс
тапқан жері, зияратының табылуы еді. Табай бидің кӛптен бері беймәлім болып
келген Табай шешеннің жерленген жері Наурызым ауданының, Ӛлеңді елді-
мекенінен 15 шақырым жерде Сәңкібай кӛлінің жағасынан Табай обасы бар
екені, Табай атамыздың басына қойылған қҧлпытасы табылып, жерленген жері
дәлелденді. Бҧл жағдайды Назарымбеттіктерге
таратқан Жақсылық Ғайсин
ағамыз еді. Ақсақалдардың айтуынша ертеде ол зияраттын маныңда «Табай
обасы» атты оба болған деседі. Әлі де солай аталады. Казіргі кезде ол обаны ел
қадір тҧтып, касиетті орын санап, қастерлеп, жоғын іздеген, кӛлденең кеселге
шалдыққандар
шипа іздеп, тҥнеп зиярат ететіндер кӛп. Ондай адамдарға
әруақтың шипасы тиіп, тілектері қабыл болады деседі. Обаға кезінде кӛктас
қойылыпты. Қҧлпытаста араб жазуымен «Бҧл жерде Қыпшақ тайпасы,
Назарымбет руы, Саламатҧлы Табай, 1889 жылы 64 жасында опат болды» - деп
тасқа ойылып жазылған [3]. Табай атамыздың ҧрпақтары тәу ету ҥшін жан-
жақтан жиналды. Соның ішінде ҥлкені Әбжан атамыз еді. Біздің тарихымызда
мың ӛшіріліп мың кӛшірілген. Қазакта бай да, би де, батыр да кӛп болған.
Біздің қыпшақтан тараған еімдері аңызға айналған тӛрт арысымыз бар. Олар:
Уәйіс, Кӛбек, Жандарбек, Табай деген кісілер. Бҧлар атқа қатар қонған,
ҥзеңгілес ағайынды адамдар. Тӛртеу тҥгел болса тӛбедегі келеді деген осы
кісілерге қарап айтылған. Бірінің алдын бірі кеспеген, сыйласып ӛткен адамдар.
Достарыңызбен бөлісу: