44
Кәсіби тілдесім - тіл үйренушілерге белгілі бір
мамандықтың саласына байланысты сӛйлесудің үлгілерін,
мамандыққа қатысты сӛздерді, тілдік қолданыстарды,
терминдерді
үйрету.
Оқушылар
арасындағы
тілдік
қатынасты әр түрлі мамандық иелерімен қалай сӛйлесіп, тіл
табысуға болады, соған қарай құруға тура келеді.
Адамның қоғамдағы орнын, беделін, қызметін ескере
отырып құрылатын
тілдік қарым-қатынас - әлеуметтік
тілдесім болып табылады. Мұнда сӛйлеуші адамдар бір-
бірінің қоғамдағы әлеуметтік роліне, атқарып отырған
қызметіне, жасына, жолына т.б. қарап тілдеседі.
Дербестік тілдесім - адамның қызметіне, беделіне,
әлеуметтік орнына қарамай, жеке басының қасиеттеріне
қарай, ӛзіне тән барлық ерекшеліктерін. ескере отырып,
тілдесу, сӛйлесу.
Бұл - кісінің жеке адамшылығын,
білгірлігін, ақылдылығын танып, оны үйрене білумен қатар
жүреді. Дербестік тілдесім- оқытушы мен оқушының тең
дәрежеде, бірін-бірі құрметтей, бірінің
кісілігін бірі танып
тілдесуге мүмкіндік жасайды, тілдік қатынасты арттырады,
адамдардың ӛзара достасуына, түсінісуіне жол ашады.
Сондықтан мұндай тілдесімді меңгерген бүгінгі шәкірт ертең
жақсы ұстаз болатындығына сенуге болады.
Әрине, тілдесім процесі қарым-қатынасты іске асырудың
амалдарын, сӛйлесудің жолдарын меңгеруге де тікелей
байланысты. Бұл ретте тіл үйренушінің адамдармен тез тіл
табыса білуі немесе мінез-құлқы да елеулі рӛл атқарады.
Оқушы сӛйлесуші адаммен тез түсінісу үшін,
мынадай
қасиеттерді ескеру керек:
а/ Сӛйлесуші адамның кӛңіл-күйін сезіну және білу.
ә/ Тілдесуші адамдардың бір-біріне деген құрметі,
сыпайыгершілігі.
б/ Адамды сӛзге тарта білу.
в/
Әңгімелесу
кезінде
сӛйлесушіні
қолдай
білу,
шабыттандыра білу.
е/ Пікірлесуді жалғастыра білу т.б.
45
Жалпы адамдар арасындағы тілдесім үш түрлі болуы мүмкін:
1. Ақпараттық.
2. Ықпалдық.
3. Қабылдамалық.
Достарыңызбен бөлісу: