Айтылым - адамдар арасындағы тілмен түсінуді жүзеге
асыратын сӛйлесім әрекетінің бір түрі. Ол - тілдік қарым-
қатынас барысында адамның ӛз ойын жарыққа шығару
процесі.
Айтылым, яғни сӛйлеу, негізінен, бір адамға тән әрекет
болғанымен, тілдік қатынаста екі жақты байланыстың
болуын қажет етеді. Адам ӛз ойын екінші біреуге жеткізу
үшін айтады, сол үшін сыртқа шығарады. «Сӛйлеуге үйрету»
немесе «айтылым» дегенде мынадай ұғымға мән беріледі:
бұл - адам мен адамның тілдік қарым-қатынаста бір-бірімен
тілдесуі, сӛйлесуі, яғни бір адамның ӛз ойын екінші адамға
ауызша жеткізу, сӛйлеуі, айтуы. Сонымен бірге айтылған
ойдың адамға түсінікті болып, оны қабылдау арқылы екінші
39
адамның оған ӛзіндік реакция жасауы немесе жауап
қайтаруы. Мұның ӛзі сӛйлеуге үйретудің тек бір адамға ғана
байланысты мәселе емес екенін кӛрсетеді. Ол тілдік
коммуникация арқылы жүзеге асады. Ауызша сӛйлесімнің
нәтижесінде түсінуге жол ашылады.
Сондықтан оқушыны қазақ тілінде ойын ауызша жеткізе
білуге үйрету деген - ең алдымен ӛмірде оны екінші адаммен
түсінісе білуге үйрету, ойын ауызша жеткізіп қана қоймай,
оған жауап ала білуге, ӛзара ұғынысуға, қарым-қатынас
жасай білуге үйрету деген сӛз.
Айтылым әрекетіне қатысты ең маңызды мәселе - сӛзді
дұрыс айта білудің заңдылықтарын және қалыптасқан
нормаларын
меңгеру.
Бұл
туралы
тілші-ғалым
Р.Сыздықованың түйген ойларының қай-қайсысы болсын тіл
үйренушіге де, оқытушыға да пайдалы: «Тілдік нормалар
оның барлық қаттауында: сӛздік саласында /лексикасында/,
грамматикасында, дыбыстар жүйесінде, стильдік-кӛркемдік
тәсілдерінде болуы шарт. Норма сондай-ақ тілдің қолданылу
түрлерінде де, яғни жазба және ауызша түрде қызмет ету
барысында да орын алуы қажет. Сондықтан ана тіліміздің
жазба түрімен қатар, ауызша түріне қойылатын талаптардың
да күшейе түсуі заңды»[4,5] Сӛйлесім
әрекетіне
тән
айтылымның қатысымдық табиғатын айқындайтын белгінің
бірі - адам мен адамның ұғынысуы қажеттігін ӛтейтін
тыңдалым процесі. Ауызша сӛйлеу іске асқан жерде есту де,
тыңдау да қатар жүреді. Адамның ауызша сӛйлеу арқылы
жарыққа шыққан ойы екінші адамның есту қабілетін ұштап,
есту мүшелеріне әсер еткенде ғана ұғыныңқы болады.
Сондықтан сӛйлесім мен естілім екеуі екі түрлі процесс
болғанымен, бір-бірімен қатар жұмсалып, қатар жүреді.
Сонымен қатар сӛйлесім - тілді үйрену жолындағы
маңызды баспалдақ, қажет шарт қана емес, ол - адамзаттың
қоғамдағы әлеуметтік орнын, қызметін кӛрсететін күрделі
әрекет. Ӛйткені сӛйлесім адамдық қасиетін білдіретін басты
ӛлшемдердің біріне айналады.
40
Сӛйлеуге үйрету - тілді жалаң меңгеру емес, адамның
жалпы ойлау қабілетін кеңейту, жетілдіру деген сӛз.
Сӛйлесімге деген қажеттілік оқытушы тарапынан да,
оқушы тарапынан да бірдей болу қажет. Және қатып қалған
қалыпты емес, мүмкіндігінше тілдік қарым-қатынасқа
итермелейтін, еркін болғаны абзал.
Мәселен, оқытушы оқушыны сӛзге тарту үшін сӛйлесуге
түрліше қадам жасайды. Ол:
-Кешке үйде боласың ба?- десе оқушы:
-Жоқ, болмаймын,- деп, диалогты бірден үзе салуы мүмкін.
Ал егер:
-Кешке не істейсің? Мен сенің кешке уақытыңның қалай
болатынын білгім келеді,- десеңіз, ол:
-Мен үйде боламын. Сізге менің қажетім бар ма?
немесе:
-Мен кешке футболға барамын. «Уақытыңыз болса, бірге
барайық» немесе «Маған айтар тапсырмаңыз бар ма?» т.б.-
деуі мүмкін. Осындайдан барып ӛз-ӛзінен туындап жатқан
сӛйлесудің үлгілері пайда болады.
Демек, сӛйлеуге үйренудің сыртқы жағдайлармен қатар,
ауызша тілдесудің ішкі жағдайларға қатысты қажеттілігіде
маңызды рӛл атқарады. Мұғалім оқыту барысында олардың
барлығын ескеріп отыруға тырысады.
Ауызша сӛйлеуге үйретуде қоршаған орта мен
жағдайдың алатын ӛзіндік орны бар. Қоршаған орта мен
жағдай әр түрлі себептерге байланысты шартты түрде
ұйымдастырыла береді.
Сол сияқты сӛйлеуге үйрету кезіндегі жағдай
жалпылама, не нақтылы болып келуі де мүмкін.
Сӛйлеуге үйретуде қоршаған орта мен жағдайдың әсерін
ескеру оқу процесін тікелей ӛмірмен жалғастырады. Сол
себепті ситуациялық кӛрініс ӛмірде болып жатқан
құбылыстарды бірден түсініп, ауызша тіл арқылы жеткізіп
беруге жол ашады.
41
Сабақты ӛткізу барысында алынатын белгілі бір
жағдайдың ӛтетін орны мен мерзімі анықталады. Содан
кейін сабақта сӛйлесімді атқаратын кейіпкерлер белгіленеді.
Әр оқушы ӛзіне тиеселі болған кейіпкерлердің рӛліне кіріп,
жағдайға байланысты ойын жарыққа шығарып айта
бастағанда, басқалары оған сай жауап қайтарады. Сӛйтіп
сӛйлеу жүзеге асады. Сӛйлесімдік ортаға қатысты жағдай
одан әрі жалғасады т.б. Мұндайда сӛйлеудің барлық
формалары /монолог, диалог, полилог/ сӛйлеушілердің
ыңғайына қарай атқарыла береді.
Қазақ тілінде сӛйлеуді меңгеру оқушының жеке басының
қабілетін ескеріп, соны дұрыс бағыттаумен тығыз
байланысты жүреді. Олардың әрқайсысының ӛзіне тән
мінезі, сезімі, қабылдауы, зеректігі, қызығуы, жақсы кӛретін
және жек кӛретін құбылыстары бар. Осыған қарай олар
сӛйлеуде не белсенді, не енжер болады; кейде тез, кейде
баяу, кейде тиянақты болып кӛрінеді.
Сӛйлеуге үйретуде мұғалімге оқушының жеке басына
тән ӛзіндік қасиеттерін, мінез-құлқы мен қабілетін үнемі
ескеріп отыруға тура келеді. Мұның ӛзі әр оқушымен жеке-
дара жұмыс істеуге, әрқайсысымен қарым-қатынаста болуға
мәжбүр етеді. Сӛйлеуге үйрету - айтылар ойдың түпкі
мақсатын анықтап алумен тығыз байланысты, ӛткені сӛйлеу
кезінде сӛйлемдер қалай болса солай, бет алды айтыла берсе,
ой жүйесіз, түсініксіз болады. Түсініксіз, жүйесіз айтылған
сӛз қарым-қатынас тудырмайды. Сондықтан екінші біреуге
арнап айтылған ауызша сӛйлеу оған түсінікті болу үшін,
белгілі бір мақсатты қатысымдық мақсат деп есептей
отырып, тілдік қарым-қатынастың сапалы орындалуына
себін тигізетіндігін ескерген жӛн.
Достарыңызбен бөлісу: |