Курсы бойынша студенттердің алған білімдерін тексеру мақсатында тест тапсырмалары берілген. Еңбекті студенттер мен мектеп мұғалімдері оқу құралы ретінде пайдалануына болады



Pdf көрінісі
бет13/66
Дата21.11.2023
өлшемі0.94 Mb.
#483900
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   66
Kazak tili okytu adistemesi Orazbaeva

Ақпатарттық - оймен, идеямен, кӛңіл-күймен, әр түрлі 
хабарламен алмасуы. 
Ықпалдық - тілдесушілердің бір-біріне әсері, ӛзара 
әсершілдіктің болуы. 
Қабылдамалық - адам мен адамның түсінісуі, бірін-бір 
қабылдауы. 
Оқушыға үйретілетін тілдесім процесінің ішкі мазмұны 
қандай мәселе тӛңірегінде болмасын ертең ӛмірде қажетке 
жарайтын 
қатысымдық 
мақсатты 
іске 
асыратын 
проблемаларға қатысты болу керек. Мұндай мәселелер
әрине, кӛп және әр қилы. Дегенмен, ӛмірде жиі ұшырасатын 
бірнеше тақырыптарды атап ӛтуге болады: 
1. Қоғамдық-әлеуметтік оқиғалар. 
2. Соңғы жаңалықтар. 
3. Кӛпшілік қауымға ортақ ақпараттар. 
4. Белгілі бір нәрсеге кӛзқарас. 
5. Ой иірімдері. Толғаныстар. 
6. Пікірталас. 
7. Кӛпшілік назар аударатын жаңалықтар /Сенсация/. 
8. Тіршіліктің қосалқы жақтары т.б. 
Тілдесім процесі жүрмей, оқыту да іске аспайды. Ӛйткені 
оқытудың негізі - тілдік қарым-қатынас, сӛйлесу, тілдесу. 
Тілді оқытудың, үйретудің бәрі сӛйлеу әрекетінің 
ерекшеліктерін меңгерумен байланысты: тілдесім арқылы 
оқыту, тілдесім арқылы жазғызу, тілдесім арқылы тыңдату, 
тілдесім арқылы сӛйлету.
Сондықтан тілдесім - тіл 
арқылы қарым-қатынас - барлық оқыту процесінің маңызды 
тірегі, қажетті шарты. 
Оқушылардың білім дағдысын қалыптастыру мен жетілдіру 
тіл білімінің салалары мен материалдарын тізбектеп оқыта 
берумен есем, керісінше, олардың ішінен сӛйлеуге қажетті 


46 
ең керектілерін сұрыптап ала білумен, сӛйлеу құралдары мен 
амалдарын танумен, оларды дұрыс қолданумен, сӛйлесім 
әрекетінде тиімді пайдалана білумен ерекшеленеді. 
Семинар сабағының тақырыбы 
1. Тілдік қатынастың қоғамдық-әлеуметтік негізі. 
2. Айтылым әрекетін іске асырудың жолдары. 
3. Оқылымның 
түрлері, олардың тілдік қатынастағы 
маңызы. 
4. Тыңдалымға қойылатын талаптар. 
5. Жазылым әрекетін іске асырудың жолдары, түрлері, 
амал-тәсілдері.. 
6. Тілдесімнің ерекшелігі мен қызметі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет