Қажетті әдебиеттер
1. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии.
Москва,1998.
2. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы,
2000.
3. Гузеев В.В. Планирование результатов образования и
образовательная технология. Моква, 2001.
4. Жанпеисова М.М. Технология модульного обучения.
Актобе,1998.
5. Амонашвили Ш.А. С.Н. Лысенкова. И.П.Волков.
Педагогикалық ізденіс. 1989.
6.
Ф.Ш.Оразбаева.,
А.К.Жанабілова.
Шығармашылық
тапсырмалар арқылы тіл дамыту жұмыстары.(6-7 сынып) А.,
2004.
92
Фонетиканы оқыту әдістемесі
Фонетика - тіл білімінің дыбыстық жүйесін зерттейтін
саласы. Әрбір тілдің дыбыстық жүйесін, түрлі заңдарын
білудің маңызы зор. Тіл дыбыстарының қолданылу, жасалу
ерекшелігін
білмей,
әдеби
тілдің
айтылу,
жазылу
заңдылықтарын игеру мүмкін емес. Фонетика тек тіл
дыбыстарын ғана тексереді. Мектеп оқушылары 4-5
сыныптарда фонетиканы ӛту арқылы әдеби тілдің жазылу
нормасы мен айтылу нормасын игереді. Адам баласы бір-
бірімен сӛйлесім әрекеті арқылы қатынас жасайды, пікір
алысады.
Мұғалім дыбыстардың ерекшелігін, маңызын кӛрсете
білуі тиіс. Тіл дыбыстарының физиологиялық, акустикалық,
қоғамдық ерекшеліктерін жете түсіндіруі қажет. Оқушы тіл
дыбыстарының белгілі бір сӛйлеу мүшелерінің жұмысқа
кірісуімен байланысты екендігін, олардың бірімен-бірі актив
екенін білгені дұрыс. Сӛйлеу мүшелерінің қатысуы арқылы
жасалатынын оқулықта берілген түрлі суреттер, схемаларды
орынды пайдалана отырып, саналы түрде оқытқан жӛн.
Қазақ тілін үйренуде тілдің дыбыстық ерекшеліктерін
меңгерудің маңызы зор. Дыбыстарды дұрыс айта білу –
түсінікті сӛйлеудің ең негізгі шарты.
Демек,
тілді
үйретуде,
сӛйлеуде
фонетикалық
дағдылардың алатын орны ерекше. Фонетикалық дағдыларды
жете меңгермей қатынас та жүзеге аспайды.
Фонетикалық дағдыларды меңгеру – сӛйлеу кезінде сӛздің
құрамындағы дыбыстарды дұрыс айта білу және жазылған
әріптік таңбаларды тілде дұрыс қолдану арқылы түсінікті
сӛйлеу тәжірибелерін жан-жақты игеру. Яғни, бұл дұрыс
сӛйлей білу мен сӛйленген сӛзді дұрыс түсіне білу
дағдыларын меңгеру дегенді білдіреді.
Тілдік
қарым-қатынаста
фонетикалық
дағдыларды
меңгеру екі жақты болуы керек:
1. Сӛйлеушінің (не оқушының) фонетикалық дағдыларды
білуі;
93
2. Тыңдаушының фонетикалық дағдыларды білуі.
Сӛйлеуші не оқушы дыбыстарды дұрыс айтуға, оқуға
дағдыланса, онда ол ӛз ойын жеткізе алады.
Тыңдаушы дыбыстардың дұрыс айтылуын білсе,
айтылған ойды дұрыс қабылдай алады, түсіне алады. Сонда
ғана адамдар арасында тіл қарым-қатынас құралы ретінде
жұмсалып, сӛйлесу, тілдесу жүзеге асады, бір адамның айтар
сӛзі екінші адамға ұғынықты болып қабылданады және оған
жауап беріледі.
Тілді үйренуде фонетикалық дағдылар сӛйлеуші үшін де,
тыңдаушы үшін де бірдей, ортақ. Ӛйткені әрбір тілдің
дыбыстық материалы мен оның жазылуы, айтылуы сол тілде
сӛйлеушілердің барлығына бірдей.
Әр тілдің дыбысталу заңдылықтары мен ерекшеліктері –
тарихи тұрғыдан қалыптасқан, тұрақталған, табиғи қасиеті
сақталған күрделі құбылыс. Оны жеке адамдар ӛзгерте
алмайды.
Фонетикалық материалдардың жазылу, оқылу, айтылу
ережелерінің дұрыс қолданылуы сӛйлеуші үшін, тыңдаушы
үшін де ортақ.
Фонетикалық дағдылар тілдік дыбыстардың екі жағына
сәйкес келеді:
1. Тілдік дыбыстардың айтылуы.
2. Тілдік дыбыстардың естілуі.
Осы екеуінің бірігуінен дыбысталу түзілімі жүзеге асады.
Дыбысталу түзілімі ауызша сӛйлеумен тікелей қатысты.
Демек, ауызша сӛйлеуді үйрену үшін, сӛздер мен сӛйлем
құрамындағы дыбыстардың айқын және дұрыс дыбысталуын
білу керек. Тілдік дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын
меңгеру қажет.
Тілдік дыбыстың материясы сӛздің негізгі кірпіші, басты
құралы болып табылады.
Фонетикалық бӛлшектерді: дыбыстарды, әріптерді,
фонемаларды, буындарды дұрыс жазу мен дұрыс айтуға
дағдыландыру алғашқы сабақтан басталады.
Басында сӛздердің дыбысталуы дұрыс айтылмаса, не
дұрыс үйретілмесе оны кейін түзету ӛте қиын. Ол әдетке
айналады да, оқушы басқаша айту нормасын қабылдамайды.
94
Сонымен қатар фонетикалық дағдыларды игеру әдістері
қанша жақсы нәтежеге жетсе де, кейіннен тоқтап қалмай,
үнемі
қайталанып,
іске
асырылып
отыруы
керек.
Фонетикалық дағдыларды игеруді күн сайын, сабақ сайын
жетілдіріп отырған жӛн.
Мұғалім дыбыстардың жасалуын оқытқан кезде олардың
жасалуына қатысатын дыбыстау мүшелері мен сӛйлеу
мүшесінің қимыл- қозғалысын да үйретеді. Оқушы
дыбыстарды айту үшін, қандай сӛйлеу мүшесі қалай
қозғалатынын білуі қажет.
Бұл мәселелер әсіресе сӛйлеу кезінде анық байқалады.
Сондықтан сӛйлесім әрекетінің тілдесім, айтылым, тыңдалым
түрлері арқылы іске асуы дыбыстардың артикулациялық
базасына қатысты болады.
Мысалы, қазақ тілінің дыбыстарының жасалуы ауыз
қуысы мүшелері мен кӛмейге байланысты. Әсіресе, ерін, тіл,
тіс, дауыс шымылдығының белсенді қимыл-әрекеті қызметі
дауыстылар мен дауыссыздарға бірдей әсер етеді. Қазақ тіл
дыбыстарының жасалу қасиеті қаншама тілшілердің
еңбектеріне ӛзекті зерттеу болады. Осының ӛзі-ақ оның
маңызды мәселе екенін дәлелдейді.
Дыбыстардың айтылуына байланысты ерекшеліктер
фонациялық
ауаның
қозғалысына
қарай
танылады.
Дыбыстарды айту, сӛздерді дауыстап жеткізу фонациялық
ауаның жиілігін, ықпалын, әуезін ескеруді талап етеді.
Мұғалім оқушылардың ӛздеріне алдымен іштей, сонан
соң дауыстап әр дыбысты айтқызып, ӛзі бұл дыбысты айтқан
кездегі еріннің, тілдің жағдайларын тағы да қайталап
түсіндіреді.
Қазақ тіліндегі дыбыстардың айтылуы мен жасалуын
үйрету мұғалімнің шеберлігін ғана емес, бірнеше тәсілді
қатар меңгерген әдісқойлығын да қажет етеді. Ӛйткені
сабақта оқытушы тек дыбыстардың айтылуымен шектелсе,
сӛйлеуді үйрету мақсатына жетпейді. Сондықтан ұстаз
дыбыстардың ерекшеліктерін сӛз ішінде, буын құрамында,
сӛйлем арасында меңгерте отырып, жалпы тілдік қатынастың
қағидаларын естен шығармайды және тілді үйретудің
жинақтық әдісін пайдаланады.
95
Дыбыстардың естілуіне қатысты ерекшеліктер олардың
жасалуы мен айтылуынан келіп шығады. Дыбыс алдымен
жасалып, сонан соң айтылғаннан кейін барып естіледі.
Естілген дыбысты дұрыс қабылдағанда, оның айтылу
ерекшелігін білгенде ғана сӛз түсінікті болады.
Фонетикалық тұлғалардың естілуі дыбыс ырғағы, күші,
созылыңқылығы,
әуені
сияқты
ерекшеліктерімен
ажыратылады. Олар лингвистикалық әдебиеттерде талданып
кӛрсетілген.
Жоғарыда атап ӛтілген тілді үйретудегі дыбыс
белгілерінің барлығы сайып келгенде оның ең басты
ерекшелігін – дыбыстарды сӛздің, сӛйлеудің құрамында
дұрыс қолдана білу ережелерін меңгерудің алғы шарттары
болып табылады.
Қазақ тілінің жалғамалы тіл ретіндегі заңдылықтарының
бәрі түбір мен қосымшаның қандай дыбыс, фонема, буындар
арқылы жалғануына байланысты екенін мұғалімдер білуі
қажет.
Оқушы дыбыстардың жүйесін дұрыс игеру үшін
графикалық талдау ойдағыдай жүргізілуі қажет. Мұғалім
оқушының жазбаша да, ауызша да сауатын арттыруға ерекше
кӛңіл бӛлгені жӛн.
М.Дүйсебаева фонетикалық талдауға мынадай талаптар
қояды:
1. Фонетиканы оқытумен орай мысалды үнемі сӛйлем түрінде
алмай, жеке сӛз, сӛз тіркесі арқылы да айтайын деген ойын
дәлелдеуге бағыт беру тиімді.
2. Оқушыларға берілетін мысал мен жаттығуларды прозалық,
поэзиялық шығармалардан алған тиімді. Поэзиялық
шығармалармен қатар мақал-мәтелдер, жұмбақтар алу
оқушыны ӛте қызықтырады, дұрыс сӛйлеуге үйретеді,
логикалық ойын жетілдіреді.
3. Сабақта алынатын мысалдардың дұрыс жазылуына, дұрыс
айтылуына ерекше назар аудару қажет.
4. Оқушының фонетика-графикалық талдау жасай білу
дағдысын қалыптастыра отырып, күнделікті сабақта ішінара
талдату, яғни ӛтіліп отырған тақырыпқа ерекше кӛңіл
аударту дағдыға айналуы тиіс.
96
5. … оқушы дыбыс үндестігі мен түрлі
дыбыстық
ерекшеліктерді жаттанды қабылдамай, оны саналы түрде
түсініп меңгеріп, іс жүзінде пайдалана білетіндей болуы
қажет.
6. … жергілікті ерекшеліктермен үнемі жұмыс жүргізіп отыру
оқушының әдеби тілдің сӛйлеу нормасын дұрыс меңгеруіне
мүмкіндік жасайды. [45].
Дыбыс пен әріпті үйреткенде бастауыш сыныптарда
алған білімдерін естеріне түсіре отырып, түсіндірген тиімді
нәтиже береді. Кӛрнекі құралдарды ұтымды пайдалану да ӛз
нәтижесін тигізеді.
Мұғалім дыбыс тілдің материалдық кӛрсеткіші, сӛз
құраудың негізі екенін мысалдар келтіре отырып түсіндіргені
тиімді. Мысалы, тал, сал, бал, қал т.б. сӛздерді бере отырып,
-т, -с, -б, -қ дыбыстарының сӛз жасаудағы рӛлін ашып
кӛрсетсе, оқушылар әр дыбыстың ӛзіндік ерекшелігі
барлығын меңгереді. Осы тәрізді мысалдар арқылы мұғалім
дыбыстардың ерекшелігін, маңызын кӛрсете білуі тиіс. Тіл
дыбыстарының физиологиялық, акустикалық, қоғамдық
аспектілерін негізге ала отырып, дыбыстарды оқытады.
Достарыңызбен бөлісу: |