П 15 Пікір жазғандар


Практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқау



Pdf көрінісі
бет27/65
Дата27.11.2023
өлшемі0.97 Mb.
#484557
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   65
әдебиет теориясы

Практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқау
№1 практикалық сабақ тақырыбы: Әдебиет туралы ғылым және оның салалары
Сабақ мақсаты: Әдебиеттану ғылымы туралы түсінік, негізгі және жанама салаларын
таныту, әдебиеттанудың ғылым ретінде дамуының алғышарттарын айқындау.
Сабақ жоспары:
1.Әдебиет туралы ғылым.
2.Әдебиеттану ғылымының негізгі салалары
3.Әдебиеттану ғылымының жанама салалары
Бақылау сұрақтары:
1.Әдебиет термині қай тілден шыққан және қандай мағына береді?
2.Әдебиеттің қандай салалары бар?
3.Негізгі сала дегеніміз не?
4.Жанама сала дегеніміз не?
5.Нағыз суреткерге тән қасиеттер қандай болу керек?
6.Эстетика дегеніміз не?
Глоссарий:
Әдебиет (араб сөзі – «асыл, үлгілі сөз») - өнердің негізгі түрлерінің бірі.
Әдебиеттану – сөз өнерін зерттейтін ғылым
Әдебиет теориясы – көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры
мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптайтын әдебиеттанудың негізгі
саласы.
Әдебиет тарихы – бір елде, жалпы алғанда бүкіл адам баласының тарихында көркем
әдебиеттің қалай пайда болғанын, қайтіп қалыптасқанын, қандай жолдармен дамығанын
зерттейтін сала.
Әдебиет сыны - әрқашан да дәл өз тұсындағы әдебиеттің тірі процесіне белсене
араласып, нақты әдеби туындыны жан-жақты талдап, оның идеялық, көркемдік құнын
белгілейтін сала.
Текстология - әдеби туындылардың мәтінін зерттеп, танудың принциптері мен
методикасын жинақтайтын арнаулы пән.
Историография - әдебиет теориясының, тарихының, сынының ғасырлар бойғы тарихи
дамуы туралы дәйектемелер мен деректер, мәліметтер мен материалдар жиынтығы.
Библиография – көркем әдебиеттің өзіне және әдебиет туралы ғылымға байланысты
көрсеткіштер мен анықтамалар, шолулар мен сілтемелер жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет