Сызбалар, тапсырмалар мен ситуациялар: Түркі әдебиетінде өкілдердің
туындыларындаңы әдебиеттану ғылымына қатысты еңбектердің хронологиялық
таблицасын жаса
Блиц - тест: 1) Әл-Фараби поэтиканы нешеге бөледі?
А) 3 Ә)2 Б) 4 В) 5 Д) 6
2. Әбу-Насыр Әл-Фараби «Поэзия туралы» атты еңбегінде бәйіт жазудың неше түрлі
шартын атап береді?
А) 5 Ә) 6 Б) 7 В) 10 Д) 11
3. «Диуани лұғат ат-Түрік» еңбегінің авторы
А) А.Иүгінеки Ә) Ахмет Яссауи Б) М.Қашқари В) М.Дулати Д) Бақырғани
4. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанын ғылыми деңгейде зерттеген қазақ ғалымы
А) А.Ісмақова Ә) С.Қасқабасов Б) Т.Жұртбай В) А.Егеубаев Д) З.Қабдолов
5. Ыбырайдың қай еңбегі әдебиеттің қоғамдық мәні туралы ғылыми ұғым кеңейтілді?
А) «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» Ә) «Қазақ әдебиетіндегі өлең жүйесі» Б)
«Қазақ хрестоматиясы» В) «Өлең – сөздің патшасы» Д) «Диуани лұғат ат-Түрік»
6. Түркі халықтары поэзиясына кең тараған эпикалық көлемді туынды
А) Дастан В) Поэма С) Қисса Д) Арнау өлеңдер Е) Өлеңмен жазылған роман
7. Көркем шығармада реалды уақытқа сәйкес келмейтін ұғым:
А) Объективті уақыт В) Градация С) Субъективті уақыт Д) Дәуір Е) Мәңгілік
8. Әдебиет теориясының зерттеу пәні:
А) Өмір заңдылықтары В) Таным заңдылықтары С) Тағылым заңдылықатры
Д) Ой заңдылықтары Е) Шығармашылық заңдылықтары
9. «Рамаяна» мәдени ескерткішін тудырған ел:
А) Үнді В) Вавилон С) Шумер Д) Греция Е) Қытай
10. М.Әуезовтің соңғы романы:
А) «Өскен өркен» В) «Абай жолы» С) «Қиялы заман» Д) «Жетім» Е) «Өскен өңір»
Әдебиеттер: 1.Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы, 1992.
2.Баласағұн Ж. Құтты білік. Құрастырған, аударған А.Егеубаев. – Алматы, 1995.
3.Абайдың шығармалар жинағы. 2 томдық. Алматы: Ел, 1995.
№3 практикалық сабақ тақырыбы: Көркем әдебиет табиғаты және шеберлік шарттары
Сабақтың мақсаты: Көркем әдебиеттің табиғаты мен ерекшелігін таныта отырып,
суреткерге тән шеберлік шарттарын оқыту.
Сабақ жоспары:
1. Көркем әдебиет дегеніміз не?
2. Көркем әдебиеттің табиғи сипаты
3. Шеберлік деген не?
4. Шеберлікке қойылатын басты талаптар.