Сабақ түрі: филологиялық-шығармашылық талдау.
Бақылау сұрақтары:
1.Образ дегеніміз не?
2.Образдың қандай түрлерін білесің?
3.Образдылық дегеніміз не?
Әдебиеттер
1.Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Санат, 2002.
2.Әдебиеттану терминдер сөздігі. – Алматы: Ана тілі, 1998.
№5 тақырыптың атауы: Тақырып және идея.
Сабақтың мақсаты: Әдебиеттану ғылымындағы көркем әдебиеттің негізгі компоненті
ретінде тақырып пен идея, олардың түрлері, басты ерекшеліктерін таныту.
№5 ОСӨЖ-ді орындауға берілетін әдістемелік нұсқау: Алдымен әр тапсырманың берілу
мақсатын алып, соған жіті көз жіберіңіз. Бұл пән базалық пән болғандықтан, бір жағынан
жан-жақты әдеби дүниетаным мен білім көкжиегін кеңейтуге бағытталғандықтан,
интернет материалдарын, отандық және шетелдік баспасөз деректерін пайдалану
мүмкіндіктерін де қарастыруыңызға болады. Бұл ОСӨЖ-ді жазу барысында мынадай
мәселелерті ескеріңіз:
Алдымен беріліп отырған мәселе бойынша әдебиеттерді, хрестоматияларды тауып
алыңыз.
Тақырыптар бойынша басты мәселелерді анықтауға тырысып, нақты жауаптарын
табуға тырысыңыз, яғни шығарманы белгілі бір мақсатпен оқығаннан кейін,
композициялық-сюжеттік желілерін, шығармадағы образдар жүйесін теріп жазып
отырыңыз.
Жазбаша жазылған әр жұмыс папкаға салынып отырады және ОСӨЖ сабағында
талданады. Бақылау жұмысы нәтижесінде, бір жағынан, материалды игеру дәрежеңіз
байқалады, екіншіден, әдеби дүниетанымыңыз кеңейеді, сонымен қатар есте сақтау
қабілетіңіз ұшталады.
Сұрақтар:
1.Мазмұн және тақырып.
2.Тақырып пен идея туралы түсінік.
Сабақ түрі: филологиялық-шығармашылық талдау.
Бақылау сұрақтары:
1.Тақырып дегеніміз не?
2.Идея дегеніміз не?
3.Мазмұнды нақтылауда идея мен тақырыптың ролі қандай?
4.«Тақырып - әдеби шығармада сөз болатын басты мәселе» дегенді қалай түсінесіз?
5.Мәңгілік тақырып дегенге қандай тақырыптар жатады?
Достарыңызбен бөлісу: |