3. Электронды бизнес 13. Электронды оқыту



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата02.12.2023
өлшемі0.57 Mb.
#485232
1   2   3   4   5
VLSIYDBASDFY01122023195600

13.2 Электронды оқыту 
Электронды оқыту (E-Learning) деп аппараттық және бағдарламалық 
шешімді қамтитын жаңа ақпараттық және қатынастық технологиялар 
(АҚТ) арқылы оқыту үдерісінде білім беруді, басқару мен 
ұйымдастыруды түсінеміз. Электронды оқытудың негізгі мақсаты білім 
алушыға қажетті білімді оперативті түрде жеткізу болып табылады. Оқу 
ресурстары шексіз көлемде таратылады. Осыған байланысты оқу 
процесінде барлық қатысушылармен байланыста болып, барлық 
жағдайдан хабардар болуға мүмкіндік туады. 
Электрондық оқыту жүйесін білім саласына енгізудегі басты мақсат - 
білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурс-
тары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету. Ал бұл 
мақсатты жүзеге асыру үшін оқу үрдісін автоматтандыруды енгізуге 
жағдай жасау қажет. Мақсатқа қол жеткізу оқу сапасын, білімді басқару-
дың тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық кірігуін арттырады.
Білім беру жүйесін басқаруды қолдаудағы басты құрал болуы себепті 
электрондық оқыту жүйесі білім беру ортасы жайлы барлық қажетті 
мәліметтерді сақтауы тиіс. Сондай-ақ, ол - білімді дамытудың ақпарат-
тық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету құралы, екіншіден, 
электрондық оқыту жүйесінің кез келген түйінінен мәліметтерді 
орталықтандырып жинақтау арқылы білім беру жүйесінің мониторингін 
жасау құралы, үшіншіден, білім беру жүйесі туралы қажетті статистика-
лық мәліметтерді және түрлі аспектілер бойынша есеп беруді қалыптас-
тыруды қамтамасыз ететін шешім қабылдау құралы ретінде әрекет етуі 
тиіс. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру 
жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, 
ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға 
және білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа 
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру» - деп білім беру 
жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көрсетілген. Солардың бірі білім 
беруді ақпаратттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы 
болып компьютер саналады. 
Қазіргі заман талабы - оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. 
Оқытудың жаңа технологияларының бірі - ақпараттық технология. 


130 
Компьютерлік техника мен интернет желісінің қарыштап дамуы 
қоғамның барлық салаларына өз ықпалын тигізуде. Интернеттегі 
ақпараттар легін, компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін кең 
қолдану күнделікті қажеттілікке айналды. Электронды оқыту жүйесі 
компьютерлік телекоммуникациялардың бай дидактикалық мүмкіндік-
теріне негізделген. Мысалы, кез-келген форматтағы ақпаратты жедел 
тасымалдау, компьютер жадында сақтау, жеңіл өңдеу және баспаға 
шығару, мультимедиалық, интерактивтік мүмкіндіктер, білім беру 
үрдісіне қатысушылардың желі арқылы қашықтан қарым-қатынас жасай 
алуы, әр түрлі мәліметтер қорын бірлесе қолдануы, желілік теле-
коммуникациялық жобалар жасау, т.б. 
Электронды оқытудың негізгі компененттері 
E - learning жүйесімен жұмыс жасау бірнеше негізгі компоненттерден 
тұрады: 

Мектепті басқару жүйесі (SMS).

Сыныпты басқару жүйесі (CRMS).

Оқу үрдісін басқару жүйесі (LMS).

Тестілеуді басқару жүйесі (TMS).

Пәндер бойынша электрондық әдістемелік жүйелер (MMS).

Электрондық психологиялық - мониторингтік жүйе (MPsMS).

Ақпараттық - анықтамалық жүйе(IMS).
Оқытуды басқару жүйесі - (Learning Management System) оқу 
қызметін басқару жүйесінің негізі, өңдеу, басқару және оқу oнлайн 
мариалдарын тарату үшін қолданылатын бірлескен рұқсатпен 
қамтамасыз етілетін жүйе. Жүйенің негізгі бағыты оқыту ортасында 
тапсырмалар мен үйрету материалдарын кез-келген педагог жасай 
алатындығымен сипатталады. Жүйенің құрамына әр түрлі жеке 
тапсырмалар, аз топтың жобалары және барлық мектеп оқушылары үшін 
мазмұндық компонентке негізделген элементтер мен коммуникативтік 
оқу құралдары енеді. 
CRMS - Classroom Management System (сыныпты басқару жүйесі)
мұғалімге оқушыны дербес компьютермен толық бақылап және 
басқаруға, сабақтың қызықты өтуіне және тиімді болуына мүмкіндік 
беретін арнайы Бағдарламалық қамсыздандыру. Бұдан басқа, CRMS 
лездік дауыс қатынастары және диалогтардың берілу мүмкіндігі бар 
бағалы лингафон сыныбының атқаратын қызметтері болуы керек, 
сонымен бірге бейне және аудиофайлдарды таратып, оларды нақты 
уақытта демонстрациялауға болады. 
Электрондық оқыту жүйесін енгізудің тиімділігі:

кез-келген уақытта ашық - бүгінгі немесе болашақтағы ұстаздар 
білім беру қорларын, курстарды, он-лайндық қоғамдарды немесе қайта 
даярлау бағдарламаларын өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта бағалай 
алады;


131 

кез-келген жерде ашық - үйренушілер басқалармен катынасады 
немесе қорларды пайдалана алады, Интернет желісіне қосылған 
компьютер бар болса, кез келген орыннан нұсқау және сараптама алады;

бірлескен жұмыс және желілік қоғамдар - э-оқыту ұстаздарға 
бірлескен жұмыстар және зерттеулер өткізу үшін, сонымен бірге пробле-
малық мәселелерді бірлесіп шешуде, инновациялық технологияларды 
енгізумен және оқу бағдарламаларындағы тақырыптарды бірлесіп 
талқылау мен тәжірибелерін ортаға бөлісу үшін жаңа мүмкіндіктер 
ашады;

жаңа педагогикалық амалдар - э-оқыту дәстүрлі парадигманың 
өзгеру үрдісінде катализатор қызметін көрсете алады;

э-оқыту дәстүрлі әдістермен салыстырғанда интерактивті ортада 
оқытуды бірлесіп құрастыруға мүмкіндік туғыза алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет