132
Электронды үкімет құру идеясы Елбасымызға тиесілі, әрі алғаш рет
тоғыз жыл бұрын ауызға алынған болатын. Осы уақыт ішінде электрон-
ды үкіметіміз қалыптасуы мен дамуының іргелі төрт кезеңінен өтті. Ол
кезеңдердің қай-қайсысы болса да қазақстандықтардың мемлекетпен
өзара әрекеттестігіне көмегін тигізгені сөзсіз.
Ақпараттық кезең - осы кезеңде электронды үкімет порталы іске
қосылып, ақпаратпен толтырылды.
Мемлекеттік органдар, олардың
жұмысы мен халыққа көрсететін қызметтері жайлы ақпараттар пайда
болды. Оған қоса, қызмет көрсетудің реттемесі келтіріліп, танысу үшін
нормативтік-құқықтық актілер ілінді.
Екіншісі
- интерактивті кезең, порталда электронды қызметтерді
тұңғыш рет ұсынуымен есте қалды. Аталмыш кезең барысында порталды
пайдаланушылар түрлі мекемелерден кезекке тұруға уақыт жұмсамай-ақ
анықтама алу, үйден шықпай-ақ кез келген мемлекеттік органға сұраныс
жіберіп, оның мәртебесін қадағалап отыру мүмкіндіктеріне ие болды.
Электронды үкімет порталына интерактивті қызметтерді енгізу
құжаттарды жинауға кететін уақытты үнемдеуге едәуір көмектесті. Бұл
кезеңде мекемелік ақпараттық жүйелер, мемлекеттік деректер қоры,
электронды түрде
лицензиялау, және электронды үкімет шлюзі енгізілді.
Электронды үкімет дамуының үшінші кезеңі - транзакциялық кезең.
Бұл кезеңде азаматтар
мемлекеттік баж салығын, алымдар, айыппұлдар
және коммуналдық қызмет ақыларын төлеуге мүмкіндік алды. Егер де
осыған дейін қызмет ақысын төлеу үшін банкке бару керек болса, енді
онлайн жүйесінде қызметті пайдалануға да, оның ақысын төлеуге де
болады.
Электронды үкімет дамуының бүгінгі, төртінші кезеңі - түрлендірмелі
кезең. Бұдан былайғы басты мақсат - азаматтарға
қызмет көрсетудің
мейлінше жылдамдығы. Дәл осы мақсатқа қол жеткізу үшін
интерактивтік және транзакциялық қызметтер қазақстандықтар үшін
айрықша маңызға ие кешенді қызмет түрлеріне біріктірілуде. Жыл
басынан бері азаматтар 15 минут ішінде
заңды тұлғаны тіркеу, жеке
Достарыңызбен бөлісу: