127
мәндерін жоғалтады. Біз жұмысты қазіргі уақытта қазіргі нарықтағы
сұраныс пен қазіргі технологиялар мүмкіндіктері
есебімен қалай
ұйымдастыруымыз керектігі реинжинирингте маңызды болып табылады.
Сонымен, жоғарыда айтылғанды талдай отырып, реинжинирингтің
мынадай
қасиеттерін ерекшелеуге болады:
ескірген ережелерден және қатынастардан бас тарту және әрекеттік
процессті басынан бастау, бұл жиналып қалған шаруашылық
қағидалардың жағымсыз әсерлерін жеңуге мүмкіндік береді;
компанияның әрекет етіп отырған жүйелерін, құрылымдарын және
процедураларын елемеу және шаруашылық қызмет әдістерінің
радикалды өзгерісі - егер өзінің іс-әрекеттік ортасын қайта істеу мүмкін
болмаса, онда өз бизнесті қайта жасауға болады;
қызмет көрсеткіштерін елеулі өзгерістерге алып келу.
Реинжиниринг аса маңызды жақсартулардың қажеттілігі жағдай-
ларында, атап айтқанда, қол сұғуды талап ететін мұндай 3
негізгі жағдай-
лар керек:
1. Фирманың кризис күйінде болғандағы шарттарында. Бұл кризис
шығындардың бәсекелестік
емес
деңгейінде, тұтынушылардың
фирманың өнімінен жаппай бас тартуы кезінде және т.б. көріне алады.
2. Фирманың ағымдағы күйі қанағаттанарлық деп мойындау
шарттарында, алайда оның қызметтерінің болжамдары жағымсыз болып
табылады. Фирма бәсекеге қабілеттілік, табыстылық, сұраныс деңгейі
және т.б. бөлімдеріндегі өзіне деген
жағымсыз тенденцияларымен
соқтығысады.
3. Реинжиниринг мүмкіндіктерінің іске асырылуымен сәтті, тез
өсетін және агрессивті ұйымдар айналысады. Олардың міндеті – жақын
орналасқан бәсекелестерден қол үзуді тым шапшаң арттыру және бірегей
бәсекелес артықшылықтарды құрастыру.
Реинжиниринг процесі екі негізгі түсініктерге негізделеді:
«фирманың болашақтағы кейіпі» және «бизнес моделі». Фирманың
болашақтағы кейіпі - бұл түпнұсқаның басты белгісін бейнелейтін және
қосымша бөлшектерді есепке алмайтын түпнұсқаның оңайлатылған түрі.
Бизнес моделі - бұл фирманың әрекет ортасымен оларды өзара
әрекеттестікте алынған фирманың негізгі шаруашылық процесстерінің
ұсынылуы. Модельдер арнайы компьютерлік бағдарламалар көмегімен
құрастырылады және есепке алынады. Бизнес модельдері әрекет
бірлігінің негізгі процесстерінің сипаттамаларын және олардың қайта
құрылу қажеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен, реинжиниринг объектісі
ұйымдар емес, процесстер болып
табылады. Компаниялардың сату немесе өндіріс бөлімдері емес, бұл
бөлімшелердің қызметкерлері орындайтын жұмыстар реинжинирингке
душар болады.
Компаниядағы бизнесті қалыптастыратын процесстерді басқаруды
жақсарту жолдарының бірі оларға оның бастапқы және соңғы қалып-
128
күйін бейнелейтін атауларды беру болып табылады. Бұл атаулар
процесстің басы мен соңы арасындағы аралықта орындалатын барлық
жұмыстарды бейнелеуі тиіс. Бөлім атауы ретінде естілетін «өндіріс»
термині шикізатты
сатып алу кезінен бастап, дайын өнімді тиеу кезіне
дейін жүретін процесске неғұрлым ыңғайлы болып келеді. Бұл принцип
бойынша тағы да бірқатар қайталанатын процесстерді атауға болады,
мысалы:
«өнімді құрастыру» - концепцияны өндіруден бастап прототипті
құруға дейін;
«сатылымдар» - потенциалды клиентті айқындаудан бастап
тапсырысты алуға дейін;
«тапсырысты орындау» - тапсырысты рәсімдеуден бастап төлемді
жүзеге асыруға дейін;
«қызмет көрсету» - сұранысты алудан бастап пайда болған
мәселені шешуге дейін.
Процесстер сәйкестендірілгеннен кейін
реинжинирингтің олардың
ішіндегі қайсысын талап ететінін және оның реті қандай болуы керек
екенін шешу қажет. Сәйкесінше, реинжинирингтің барлық процесін
төмендегідей кезеңдерге бөлуге болады:
Реинжинирингтің негізгі кезеңдері:
I. Фирманың түрі қалыптастырылады. Болашақ түрін қалыптастыру
фирманың стратегиясын, оның негізгі бағыттарын және оларға жету
тәсілдерін құрастыру шеңберінде жүреді.
II. Фирманың нақты немесе бар бизнесінің моделі құрылады. Мұнда
жұмыстардың, әрекеттердің жүйесі жаңадан құрылады (қайта құрылады),
олардың көмегімен компания өзінің мақсаттарын іске асырады.
Компанияның негізгі операцияларының
бөлшектік сипаттамасы және
құжаттамасы жүргізіледі, олардың тиімділігі бағаланады.
III. Жаңа бизнестің моделі құрастырылады. Ағымдағы бизнестің
қайта жобалануы - тікелей реинжиниринг жүргізіледі.
Жаңартылған бизнестің моделін құру үшін келесідей әрекеттер жүзеге
асырылады:
1)
Таңдалынған шаруашылық процесстер қайта жобаланады.
Неғұрлым тиімді жұмыс процедуралары (тапсырмалар, олардан бизнес-
процестер құрылады) құрастырылады. Технологиялар (соның ішінде,
ақпараттық) және оларды қолдану әдістері анықталады;
2)
Персоналдың жаңа функциялары қалыптастырылады. Қызметтік
нұсқаулықтар өндіріледі, дәлелдеменің оңтайлы жүйесі анықталады,
жұмыс командалары ұйымдастырылады,
мамандарды дайындау және
қайта дайындау бағдарламалары құрастырылады;
3) Реинжинирингті жүзеге асыру үшін қажетті
ақпараттық жүйелер
құрылады: құрал-саймандар және бағдарламалық қамтамасыздандыру
анықталады, бизнестің арнайы ақпараттық жүйесі қалыптастырылады.
Реинжиниринг үшін қажетті ақпараттық қамтамасыздандырудың деңгейі
129
мынаны болжамдайды: әрекет бірлігінің кез келген нүктесінде ақпарат
реинжиниринг жобасының әрбір қатысушысына қол жетімді болуы тиіс және
ол әр түрлі жерлерде бір уақытта интерпретациялануы мүмкін.
4)
Жаңа модельдің тестіленуі жүргізіледі - оның шектелген масштабта
алдын-ала қолданылуы.
IV. Фирманың шаруашылық ақиқаттылығына жаңа бизнестің моделін
енгізу. Бизнестің жаңа моделінің барлық элементтері тәжірибеде іске
асады.
Достарыңызбен бөлісу: