3. Электронды бизнес 13. Электронды оқыту



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата02.12.2023
өлшемі0.57 Mb.
#485232
1   2   3   4   5
VLSIYDBASDFY01122023195600

куәлік, төлқұжат немесе жүргізуші куәлігін алу мүмкіндігіне ие болды. 
Әлеуметтік маңызды қызметтерге айрықша көңіл бөлінеді, міне 
сондықтан да олардың барлығы электронды үлгіге ауыстырылды.
Электронды үкіметтің жетістіктері 
Құрылғанынан бергі жылдар ішінде Қазақстан Республикасының 
электронды үкіметі қалыптасу мен даму кезеңдерінен өтті, дүниежүзілік 
қауымдастық тарапынан оң көзқарасқа ие болып, жоғары бағаланды. 
Халықаралық және республикалық рейтингтердегі жоғары көрсеткіштері 
мен байқаулардағы ие болған номинациялары осыған куә. Қазақстандық 
электронды үкіметтің даму дәрежесі «дамушы» (emerging leaders) 
сатысында деп бағалануда және аса табысты үкіметтердің бірі саналады.
WSIS Project Prizes 2013 халықаралық байқауының нәтижелері жария 
етілді. Байқау ақпараттық қоғам мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі 


133 
бүкіләмдік кездесу Форумы шеңберінде өтті. Қазақстанның электрондық 
лицензиялау жүйесі (www.elicense.kz) «E-Business» категориясы 
бойынша ең үздік жоба деп танылды. Байқауға әлемнің 64 мемлекетінің 
280 жобасы қатысты. Жоба жетістігінің тарихы Халықаралық 
электробайланыс одағының ресми ресурсында жарияланды.  
2013 жылдың сәуірінде Дүниежүзілік экономикалық форумның 
(WEF) баяндамасы жарияланды, соған сәйкес Қазақстанның желілік 
әзірлік индексі 144 елдің ішінде 43-орында тұр. 2012 жылмен және 55-
орынмен салыстырғанда, еліміз көптеген көрсеткіштер бойынша 
рейтингтерде қарқынды өсуін көрсетті және ТМД елдерінің арасында 
үздік деп танылып отыр. Желілік әзірлік индексі еліміздегі ақпараттық-
коммуникативтік технологиялардың (АКТ) даму деңгейін анықтайды 
және 
АКТ-ның 
экономикаға 
қосқан 
үлесін, 
сондай-ақ 
осы 
технологияларды пайдалануға әзірлікті байқататын 54 көрсеткіштен 
тұрады. 2013 жылы Қазақстанның айрықша ілгері басуы Интернет 
желісін пайдаланушылар саны, ұялы байланыс абоненттерінің саны, 
ұялы байланыс тарифтері және басқалары бойынша белгіленді.
Әрбір екі жыл сайын Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық 
және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті электронды үкіметтің 
әлемдегі (192 ел) даму деңгейін бағалау бойынша зерттеулер жүргізіп 
отырады. 2012 жылы Қазақстан Республикасының электронды үкіметі 
аталмыш рейтингте 38-орынға ие болды. Сонымен қатар, онлайн-
қызметтердің индексі 10 көрсеткішті басып озса, телеқатынас 
инфрақұрылымының индексі 14 орынға алға шықты. Азаматтардың 
үкіметпен қарым-қатынас жасау мүмкіндігін анықтайтын е-қатысу 
индексі бойынша Қазақстан Сингапурмен бірге 2 орынға ие болды.
Электронды үкіметтің жетістіктері қоржынында қазақстандық 
марапаттар да бар. 2012 жылдың соңында Award.kz-2012 Ұлттық 
интернет-бәйгесінің X мерейтойлық марапаттау салтанатында элек-
тронды үкімет порталы «Билік және өзін-өзі басқару органдары» 
номинациясында бірінші орынға ие болды, сондай-ақ, қос тілді сайттар 
арасында үздік деп танылды. Жобаға деген қызығушылықты қазан 
айында өткен электронды үкімет порталының редизайны тудырған 
болатын, соның нәтижесінде беткі безендірілуі ғана емес, материалдар 
құрылымы мен орналастыру қисыны да өзгерді.
Электрондық Үкіметтің көмегі: 

мемлекеттік қызметті алу, мысалы: жеке тұлғаның жылжымайтын 
мүлкінің жоқ (бар) екендігі жайлы анықтама алу, баланың туылуын 
тіркеу, ӘЖК алу және т.б.; 

коммерциялық қызмет көмегін алу, мысалы: теміржол немесе 
әуебилеттерін броньдау, ұялы байланыс қызметтеріне ақы төлеу және 
т.б.; 

өтініш беру және лицензия алу; 


134 

бюджеттік төлемдерді төлеу, мысалы: төлқұжат алғаны үшін, жол 
жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұл, жылжымайтын мүліктің 
заңдастырушы құжаттарының көшірмесін алғаны үшін төлем және т.б.; 

мемлекеттік органдардың басшыларына блогтары арқылы тікелей 
хабарласу; 

мемлекеттік органдардың жұмысы жайлы ақпарат алу; 

электрондық цифрлық қолтаңба (ЭСҚ) рәсімдеу;

кез келген мемлекеттік органнан ҚР заңнамасын түсіндіру, мемле-
кеттік қызмет көрсету процедурасының түсіндірмесі, қайсыбір жағдайда 
лауазымды тұлғаның әрекеттерінің заңдылығы және т.б сұрақтар 
бойынша On-line кеңес алу. 
Электрондық үкімет деп лицензияны рәсімдеу үшін ЖСН ғана керек 
болатын (басқа ақпараттың бәрі дағдылы сұранымдар арқылы алынады), 
коммуналдық қызмет ақылары мен айыппұлдарды онлайн жүйесінде 
төлеуге болатын, анықтама алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» 
мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа жеке куәлік қана талап етілетін
бизнесіңізді өз бетіңізше тіркеуге, немесе электрондық үкімет 
порталында небәрі 10-15 минут ішінде анықтама алуға, күн-түн демей, 
кез келген уақытта баланың балабақшаға кезегін көруге, мекенжай 
анықтамасын ұялы телефонға алдыртуға болатын және осы секілді басқа 
да көптеген жағдайларды айтамыз. 
«Электрондық үкімет» – мемлекеттік қызметтерді онлайн көрсетуге 
арналған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіретін 
жалпы мемлекеттік жүйе. www.egov.kz веб-порталы арқылы әрбір 
қазақстандық тәуліктің кез келген уақытында, еліміздің, тіпті әлемнің кез 
келген нүктесінен өтініш бере, анықтама ала, салық немесе айыппұл 
төлей алады немесе қандай да бір қызметті қалай алуға болатыны туралы 
біле алады. Мысалы, Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – жеке 
сәйкестендiру нөмiрi - жеке тұлға, соның iшiнде өзiндiк кәсiпкерлiк 
түрiнде 
қызметiн 
жүзеге 
асыратын 
жеке 
кәсiпкер 
үшiн 
қалыптастырылатын бiрегей нөмiр. 
ЖСН Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің бет 
жағында туған күнінен төмен қарай берілген 12 цифрдан тұрады. 
Қазақстан Республикасы азаматының паспортында 32-бетте орналасқан.
ЖСН енгізудің мақсаты белгілі бір тұлғаға қатысты мәліметтерді 
тіркеудің бірыңғай жүйесіне өту болып табылады. Бұл нөмір бұл адамға 
өмір бойына берілетін нөмір болады. Іс жүзінде ЖСН-ды СТН, ӘЖК, 
статистика органдарының коды және т.б. алмастырады, бұл кейін қоғам 
мен мемлекеттің өзара іс-қимыл жасауын жеңілдетеді. «Сәйкестендіру 
нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 
2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223 Заңының 23-бабының 2-тармағына 
сәйкес жеке куәліктерінің бет жағында ЖСН көрсетілмеген жеке басын 
куәландыратын құжаттарды (Қазақстан Республикасы азаматының 


135 
паспорты мен жеке куәлігі) қайта ресімдеу 2007 жылғы 13 тамыздан бері 
басталды. 
Қазақстан Республикасы көптеген азаматтарының жеке куәліктерінде 
ЖСН бар екенін атап өту қажет, себебі аталған нөмір жеке куәліктере 
1997 жылдан бері басылып жүр. Заңның 13-бабының 5-тармағына сәйкес 
жеке сәйкестендiру нөмiрi бар құжаттарды беру бұрын берiлген 
құжаттарды тiркеушi органға тапсырған жағдайда, бюджет қаражаты 
есебiнен жүргiзiледi. ҚР азаматының паспортын және жеке куәлігін 
қайта ресімдеу үшін азаматтар тіркелген жері бойынша «Азаматтарға 
арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ, ол болмаған 
жағдайда аумақтық әділет органдарына келесіні ұсынуы қажет: 
- ҚР азаматының паспорты немесе жеке куәлігі (тексеру үшін 
түпнұсқа және көшірме); 
- мекенжай анықтамасы немесе азаматтарды тіркеу кітабының 
көшірмесі ((үй кітабы) (тексеру үшін түпнұсқа және көшірме)); 
- 2 фотосурет (3,5 см х 4,5 см). 
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, Қазақстан Республи-
касында тұруға ықтияр хатының бет жағында ЖСН көрсетілмеген, 
сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ 
тұлғаның куәлігінің 32-бетіндегі мәтінде 12 цифрдан құралған ЖСН 
көрсетілмеген шетел азаматтары бұрын берілген құжаттарын ЖСН бар 
Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хатқа немесе азаматтығы жоқ 
тұлғаның куәлігіне қайта ресімдеу үшін келген орны бойынша аумақтық 
ішкі істер органдарына хабарласады.
ЖСН-ның 12 цифрының мәні (сурет 18) 
18-суретЖеке сәйкестендіру нөмірінің көрінісі 
Төрт бөлімнен тұрады: 
Бірінші – 6 цифрдан тұрады: жеке тұлғаның туған жылы (соңғы екі 
цифр), айы, күні көрсетіледі. 
Екінші – 1 цифрдан тұрады: жеке тұлғаның жынысы мен туған 
ғасыры көрсетіледі (мысалы, өткен ғасырда туған ер адам код 3 алады. 
Ал осы ғасырда туған әйел адам 6 нөмір коды беріледі). 
Үшінші 4 цифрдан тұрады: оған жүйедегі тіркеудің реттік нөмірі 
кіреді. 


136 
Төртінші 1 цифрдан тұрады: бақылау цифры. 
Электронды үкімет порталын пайдалану қызметтері (сурет 19,20,21) 
көрсетілген. 
19- сурет. Порталға кіру 
 
20-сурет. Жеке кабинетпен жұмыс 
 
Электрондық Үкіметтің іс-әрекетінің қызмет ету тетігі ақпараттық 
технологияларды кеңінен қолдануға негізделген және азаматтар мен 
ұйымдарға барынша қызмет көрсетуге бағытталған. Қысқаша айтқанда
Электрондық Үкімет дегеніміз мемлекет атқаратын барлық қызметтер 
мен функциялардың электронды түрі. 


137 
21-сурет. Виртуалды кеңесші сайты
Бақылау сұрақтары: 
1. Электронды коммерция түсінігі.
2. Электрондық коммерцияның негізгі неше түрі бар?
3. Бизнес процесс дегеніміз?
4. Жаңа бизнес-процеске көшу нені жүзеге асырады?
5. Реинжинирингтің қандай қасиеттерін ерекшелеуге болады?
6. Электронды оқытудың негізгі мақсаты?
7. Электронды оқытудың негізгі компененттері?
8. Электрондық үкімет дегеніміз?
9. Электронды үкіметтің жетістіктері?
10. Электрондық Үкіметтің көмегі?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет