Мұндағы а1, а2, . . . , ап - жай айнымалылар немесе апострофтар ішіне алынған символдар
тобы болуы мүмкін. Мысалы, егер В = 17.15 болып, мына команда орындалғанда:
WRITE (’В мәні =’, В) экранда В = 17.15 дерегі көрінеді.
Шығарылатын параметрлер бір бірімен үтір арқылы ажыратылып, WRITE қызмет сөзінен
соң, дөңгелек жақша ішіне жазылады.
Бүтін және нақты сандарды шығару үшін сандардың форматын беру қажет. Формат
айнымалы атынан соң қос нүкте арқылы жазылады. Нақты сан үшін формат екі саннан тұрады:
І – санға берілетін барлық орын,
ІІ – үтірден кейін алынатын бөлшек бөлік саны.
Мысалы:
WRITE ( Y : 5 : 2)
Мұндағы 5 – нәтижеге берілген барлық орын, 2 – үтірден соң алынатын бөлшек бөліктің
саны.
Жалпы түрде:
бүтін сан үшін WRITE (N : S) немесе WTITE (‘K=’, N:S), мұндағы S – формат, яғни бүтін
санға берілген орын.
Нақты сан үшін: WRITE ( ‘Y =’, Y : 8 : 3 )
Егер Y = 1.76 болса, экраннан Y = 1.760 көрінеді.
Жалпы түрде: WRITE (‘Y =’, Y : M : N).
Мұндағы – М барлық сан үшңн
берілген орын саны, N
бөлшек бөліктің орындарының
саны. Егер
операторда формат көрсетілмесе, онда нәтижеде
қанша орынды сан алынса,
сол сан
экранға шығады.
Паскаль тілінде параметрсіз шығару операторы WRITELN жаңа жолға көшіру үшін
пайдаланылады.
Егер WRITELN (а1, а2, . . . , ап); операторы пайдаланылса, онда а1, а2, . . . ап ) мәндерін
экранға шығарған соң курсор келесі жолға көшеді.
WRITE операторын түсініктеме беруге пайдалануға болады. Мысалы WRITE (‘A,B,C –
мәндерін енгіз); READ (A,B,C);
Бұл жағдайда экранға:
А,В,С мәндерін енгіз деген түсініктеме сөз шығады.
Мәндер арасына қажетті бос орын қалдыру үшін : к пайдаланылады. Мысалы, WTITE (‘ T = ’,
N : 3, ’’ : 4, ‘M = ’, M : 4 : 2) болса, онда Т-ның үш орынды мәнінен соң 4 – бос орын қалады да,
одан соң М-нің мәні жазылады.
Айталық, X=7, Y=15, Z = 11, ал, R = 450,08 болсын,
оларды экранға шығарудың әр
түрлі жағдайын көрсетейік.
Оператордың жазылуы
Экранда
Write (x,y); 715
Write (x,’- - ’, y); 7 - - 15
Write (‘x=’, x); x=7
Write (x, ‘ ’: 3,z); 7 11
Write (‘x+y=’, X+Y); X + Y = 22
Достарыңызбен бөлісу: