Енгізу операторы
Берілген мәндерді айнымалыға жазу үшін меншіктеу операторын пайдалануға болады.
Мысалы, А : = 15: ВС := -16.4 т.с.с. Бірақ бұл жағдайда программа әмбебап (универсал)
болмайды. Программаны әмбебап етіп жасау үшін айнымалылардың мәндері өзгеретін түрде
жасау қажет, бұл жағдайда программа айнымалылының әр түрлі мәндері үшін дұрыс болады. Ол
үшін енгізу операторы READ (READ – ағылшынша оқу дегенді білдіреді) пайдалынылады.
Енгізу операторының жалпы түрі (форматы) төмендегідей:
Мұндағы а1, а2, ..., ап – айнымалы атаулары, оларды енгізу операторларының
параметрлері деп те атайды. READ операторы орындалғанда параметрлер өздеріне сәйкес
мәндерді қабылдайды, бұл міндет енгізу файлы INPUT (енгізу) арқылы жүзеге асырылады.
Параметрлер жаңа мән қабылдағанда олардан бұрын орналасқан (жазылған) көне мән өшіріліп,
орнына жаңа мәндер жазылып, программа параметрдің жаңа мәні бойынша жұмыс атқарады.
Оператор
READ
ерікті сандағы параметрлер арқылы жұмыс атқара алады.
Параметрлердің сандық мәндері бір-бірінен бос орын арқылы ажыратылып жазылады. Мәндерді
енгізіп болғаннан кейін Enter (енгізу) клавиша басылады. Мысалы, егнгізу операторы READ
(А,В,С); түрінде берілсе, параметрлерге мәндер былай беріледі: 5 – 6.2 – 4.5. Бұл жағдайда
А = 5, В = 6.2, С = 4.5 мәндер қабылдайды.
Осы мәндер бойынша программа орындалып болған соң басқа мәндер үшін программаны
қайталау қажет болса, онда программаны басынан бастап қайта орындау қажет.
Бүтін айнымалыларға бүтін, нақты айнымалыларға нақты мәндер берілуі қажет.
Айнымалы бейнеленгенде нақты ретінде бейнеленсе, оған нақты да, бүтін де мән беруге
болады, себебі нақты сан құрамына бүтін сан енеді. Ал машина «өзі» бүтін санды нақты сан
түріне келтіріп алады. Мысалы, VAR A,B: REAL; READ ( A, B ); түрінде беріліп – А, В
айнымалылары үшін 4 – 5 Enter орындалса, онда машина оларды А = 4.0, В = 5.0 түрінде
қабылдайды.
Сандар арасына бір немесе бірнеше бос орын қалдыруға болады, себебі сан енгізілгенде бос
орын еске алынбайды.
Мәндерді енгізгенде мән енгізілген жолдан келесі жаңа жолға көшіру үшін параметрсіз немесе
параметірімен сәкес READIN; , READIN (a1, a2, . . . , an) операторларын пайдалану қажет.
Сонымен READ(a1, a2, . . . , an); READIN операторларының орнына бір ғана READIN (a1, a2, . . . ,
an) операторын пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |