92
Қауіпті заттар біздің ағзамыздың мүшелері мен жүйелерінің қызметіне,
қан және сұйықтықтардың химиялық құрамы мен жағдайына, сал болуға, тұншықтыру
және өлімге де алып келуі мүмкін. Зиянды және қауіпті заттардың жиналу дәрежесі де
маңызды қауіпті екенін білуіміз керек.
Тағам өнімдерінің бұзылу себептері – қоршаған ортаның әсерінен өнімдегі
химиялық заттардың өзгеруіне алып барады. Химиялық заттардың өзгеруі сыртқы
түрінен де байқалуы мүмкін, яғни құрылымынан, бояуынан, түсінен, дәмінен. Әдетте
қауіптісі, зиянды және қауіпті заттардың өнім ішінде жиналуы немесе өнімнің сыртқы
ортадан сіңіруі. Сыртқы орта факторлары физикалық, химиялық, биологиялық болып
бөлінеді. Физикалық факторларға температура, қысым, электрлі тоқ,
сәулелердің әр
түрлі түрлері. Ең маңызды және әсер етушілердің бірі – қоршаған орта температурасы.
Химиялық факторларға ауа құрамын жатқызуға болады, сонымен бірге өнімдерге
күшті әсер ететін қышқылдар мен тұздар жатады. Тағам өнімдеріне қатт әсер ететін
биологиялық факторлар, яғни әр түрлі тұтынушы түрлері
- малдар, микроағзалар,
адамдар. Әр түрлі себептерге байланысты тағамға қолдануға болмайтын, өнімнің
қасиеттерінің өзгеруі, тіпті тағамдық қасиеттерінің жоғалуы бұзылудың арқасында
пайда болады. Сонымен бірге тағам өнімдерінің «пайдалы» бұзылуы болуы мүмкін.
Мысалы сүттің сүт қышқылды микроағзалардың әсерінен ашуында сүт
қышқылды
өнімдер түзіледі. Олар өз кезегінде адам ағзасына химиялық құрамымен құндырақ
және оңай сіңіріледі. Спирт түзуші микроағзалар шырынды шарапқа немесе сұлы
қайнатпасын сыраға айналдырады (процесстің бір бағытта өтуі барысында).
Достарыңызбен бөлісу: