К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары



Pdf көрінісі
бет39/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Қоздырушыларының 
даму 
биологиясы. 
Paramphistomatata 
подотрядының барлық түрлерiнiң Қоздырғышының даму биологиясы бiрдей. 
Мысалы: L. scotra жұмыртқалары жануардың нәжiсiмен бiрге клиникалыққы 
ортаға шығып, одан мирацидий шығады. 


49 
Соңғылардың даму мерзiмi қоршаған орта температурасына байланысты. 
19-27 С
о
-та мирацидийлер 12-13 күннен кейiн шығады да, суда жүзудi 
бастайды. Содан кейiн ұлудың денесiне енiп, онда 9-12 редияға шейiн дамиды, 
одан редиялар мен церкариялар қалыптасады. Церкарийлер 1,5-3 айдан кейiн 
ұлулардан шығады және судағы өсiмдiктерге жабысып адолескарийге 
айналады. 
Соңғы иелер жайылымда жүрiп су iшкеңде адолескарийлердi жұту 
арқылы зақымданады. Жас лиорхистар iшектiң қалыңдығына енiп, онда 
дамудың ұлпалық кезеңiн өтедi және iшек-қарын жолы арқылы мес қарынға 
ретроградты жолмен орын алмастырады. Iрi қара мал мен қойда лиорхистардың 
толық жынысты сатыға дейiнгi өсу мен дамуының жалпы мерзiмi 3,5-4 ай. 
 
Эпизоотологиялық деректері. Жануарлар жайылым мерзiм iшiнде 
зақымдалады. Инвазияланған ұлулар қыстайды және ең негiзгi зақымданудың 
қайнар көзi су қоймалар болып табылады. Адолескарийлер төзiмсiз және 
биотоптар кепкеңде өледi. Көбiнесе жітi парамфистоматоздың шығуы 1 айдан 
кейiн бузауларды жайылымға шығарған соң байқалады. Ересек трематодалар 
жануарларда бiрнеше жыл тіршiлiк етедi және мес қарында жылдың әр 
мезгiлiнде кездеседi. Жайылымда жабайы күйiстiлер де зақымдануы мүмкiн.
 
Клиникалық белгілері. Iрi қара малда аурудың жiтi түрi ауыр түрде 
өтедi; көп жағдайда өлiммен аяқталады немесе созылмалы түрге айналады. 
Малдарды ауру тараған жайылымға шығарғаннан кейiн 3-4 аптадан кейiн 
клиникалық белгілері көрiнедi және 17-35 күн iшiнде байқалады, ауру малдар 
әлсiзденедi, аз қозғалады, оларда көрiнетiн кiлегейлi қабықтары бозарады
ыңырсуы, тістерiн қайрады, тәбетi жоғалады, арықтайды, жатып қалуы
қосалқы қарындардың гипотониясы мен атониясы, iш қатумен алмасып 
5 сурет. Дефинитивтік ие ішегіне парамфистоманың бекітілуі 


50 
отыратын iш өтуi, жақасты және кеуде асты аумақтарда iсiктер байқалады. Мал 
несебiнде ақ зат пайда болады. Қанда эритроцит саны азаяды, гемоглобин 
төмендейдi, лейкөпения немесе лейкоцитоз байқалады. Iрi қара малдың 
парамфистоматозының созылмалы түрi ұзақ тоқталмайтын іш өтумен, 
арықтаумен, қан аздықпен сипатталады. 
Қойларда ауру жiтi және созылмалы өтедi, бiрақ бiздiң елде сирек 
тiркеледi. Көп санды толық жынысты емес паразиттердi тапқанда, әсересе олар 
iшек қабырғасының қалыңдығы мен оның сол аппаратында орын 
алмастырғанда iш өту болады. Қойлар арық болады. Жақ аралық аумағында, 
кеуде асты аумағында және iштiң төменгi бөлiгiнде iсiктер көрiнедi. Толық 
жынысты гельминттер мес қарын мен кітапша қарында жиналғанда ауру 
көрiнбейтiн клиникалық белгiсiз өтедi, бiрақ та жануарлар өсу мен дамуы 
баяулайды, арықтауы да мүмкiн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет