2.9 Етқоректiлердiң описторхозы
Описторхоз – сүтқоректiлер қатарының, көбiнесе ит, мысық, терiсi
бағалы аңдар, сирек шошқалардың, сонымен қатар адамның Opishorchidae
тұқымдасы, Opistorchis felineus трематодасымен шақырылатын бауырдың өт
жолдарында, өт қабында және сирек ұйқы безiнде тiршiлiк ететiн табиғи –
ошақты ауруы.
Қоздырушысы. Трематода денесiнiң ұзындығы 8-13 мм, енi 1-3,5 мм.
Ауыз сорғышынан кейiн фаринкс орналасқан, өңешi бар, ол екi iшек бұтағына
бөлiнiп, трематоданың артқы жағына жақын тұйық болып аяқталады. Құрсақ
сорғышы дененiң бiрiншi және екiншi дене бөлігінің аралығында орналасқан.
Еннiң алдында жұмыртқалықпен iрi шәует қабылдаушы орналасқан. Дене
ұзындығының ортасынан үштен бiрi бөлігін жатыр iлмегiмен толған. Жыныс
тесiктерi құрсақ сорғышының алдында орналасқан.
Аралық иелер – Bithynia leachi тұшысу ұлуы, қосымша иелері – тұқы
балықтарының көптеген түрлерi: шабақ балық, қара балық, сазан тұқымдас
кішкене балық (язь), тұқы, табан балық, шабақ, сазан және т.б.
Қоздырушының даму биологиясы. Клиникалыққы ортаға бөлiнiп
шыққан трематода жұмыртқаларында қалыптасқан мирацидий болады.
Жұтылған жұмыртқасынан мирацидий аралық иенiң iшегiне шығады, iшек
қабырғасы арқылы қуысқа енiп, спорацистаға айналады. Бiр айдан кейiн
спороцистадан редия құрылады, онда церкарийлер дамиды. Церкарий редияны
тастап, ұлудың ас қорыту безiнде инвазиялық сатысына дейiн пiсiп жетіледi.
Кейiн шамамен екi айдан сон церкарий ұлу организмiнен шығып, суат түбiнде
жүзедi. Осындай инвазионды церкарийлер қосымша иелерге – тұщы су
балықтарына жабысып, олардың терi жабындысы арқылы бұлшықет және
дәнекер ұлпасына енедi, онда олар қабықпен қапталады да метацеркарийге
айналады. Балық бұлшықетiне енген метацеркарийлер тек 6 апта өткең соң
инвазионды сатысына жетедi: олар беткей және терең арқа бұлшықеттерiнде,
қабырғааралық бұлшықетте, желбезекте, жүзу қанатында, ішек қабырғасында
және уылдырықта тiршiлiк етедi. Соңғы иелер описторхоз метацеркариймен
зақымдалған шикі, қақталған немесе тоңазытылған балықты жегенде
зақымданады. Соңғы иенiң жiңiшке iшегiнде олар цистадан босатылып,
бауырдығы өт жолдарына өт өзегi арқылы енедi. Мұнда паразиттер тоқтайды
да, өседi және 3-4 апта өткесiн толық жынысты сатысына жетедi. Осылай
Opistorchis felineus жұмыртқадан толық жынысты сатысының Қоздырғышының
даму биологиясы 4-4,5 айға дейін созылады.
|