2.8 Iрi қара малдың және қойдың парамфистоматоздары
Парамфистоматоздар. Paramphistomatatа
подотрядының,Paramphistomatidae тұқымдасы
трематодаларымен шақырылатын, жiңiшке
iшекте, мес қарында, сирек күйiстiлердiң тақия
қарынында тiршiлiк ететiн паразиттер iрi қара
мал, енеке, сирек қой, ешкi, сонымен қатар
солтүстiк бұғылар мен кейбiр жабайы күйiстi
жануарлардың гельминтоздары. Жiтi және
созылмалы өтедi. Жiтi парамфистоматоз 1,5-2
жастағы бұзауларда байқалады және жiңiшке
iшектiң кiлегейлi қабығы мен ұлтабарда орын
ауыстыратын трематодалармен шақырылады.
Созылмалы түрі – қосалқы қарындарда,
ұлтабардың кiлегейлi қабығында тiршiлiк
ететiн ересек гельминттермен шақырылады.
Ауру айтарлықтай экономикалық зиян
тигiзедi: жiтi өткеңде iрi қара мал төлдерi 50 –
100 %-ға дейiн өлiмге ұшырайды және
физиологиялық дамуы күрт баяулап, малдың
өнiмдiлiгi төмендейдi.
Қоздырушылары. Paramphistomum,
Calicophоron, Gastrothylax, Liorchis туыстығына
жататын парамфистомататтың бiрнеше түрi, iрi
қара мал мен қойда тiршiлiк етедi. Оның iшiнде
ең
көп
таралған:
Liorchis
scotiae,
Paramphistomum
ichikawai,
Calicophoron
calicophorum, Gastrothylax crurneniier. Олардың денесi ұршық немесе цилиндр
тәрiздi, көлденен кесiндiде көбінесе дөңгелек пiшiндi келеді. Трематода
ұзындығы 5-20 мм. Ауыз сорғышы жоқ, ауыз тесiгiнен кейiн күштi фаринкс
орналасқан, құрсақ сорғышы жақсы дамыған және дененiң артқы жағына
жақын орналасқан.Трематодалардың қомақты денесi анатомоморфологиялық
құрылысын зерттеу үшiн тотальдi препараттарды дайындауда қиындатады.
Аралық иелері. Planorbidae тұқымдасындағы тұшы су ұлуларының
түрлерi – катушкалар, Planorbis planorbis, Gyraulus filiarus, Segmentiija nitada
және тағы басқалары.
Достарыңызбен бөлісу: |