Аралық иесi – құлақ тәрiздi
моллюска Lymnaea auricularia.
Қоздырушының даму биологиясы.
Трематодалар
дефинитивтi
иелерiнiң
iшек
қабырғасына жақын жердегi ұсақ
тамырға енедi де, осында толық
жетiлмеген
жұмыртқаларын
ұсақ
тамырға
қалдырып
кетедi.
Жұмыртқада мирацидийдiң кұрылуы
және әрi дамуы иесiнiң ұлпасында
өтедi. Жетiлген жұмыртқалар iшекке
өтедi, нәжiспен клиникалыққы ортаға
бөлiнiп, мирацидий шығады, сосын
моллюскаға енедi.
Моллюскада
мирацидий
партеногенетиялы көбейтiн аналық
спороцистаға айналады, бастапқыда
ұрық жалғастырушы спороцистаға,
содан кейiн церкарийға бөлінедi.
Соңғылары моллюскадан суға шығып,
терi және кiлегей қабық арқылы
белсендi ену жолымен қой және iрi қара мал ағзасына түсуi мүмкiн.
Церкарийдiң моллюскада 28-32С
о
-та дамуы 22-ден 25 күнге дейiн созылады.
Қой ағзасында ориентобильхарцийдiң дамуы 35-40 күнде жыныстық жетiлуiне
дейiн созылады; жануар нәжiсiнде жетiлген жұмыртқалардың байқалуы
зақымдалғаннан 50 күннен соң ғана бiлiнедi.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістері аш ішектің кiлегейінде
интенсивтi гиперемия байқалады, бiрдей және бiрнеше түйiндердің кiлегейi
iсiнген.
Жарықта
қарағанда
мезентериальды
қан
тамырында
ориентобильхарцийдi оңай байқауға болады. Iшектiң кiлегей қабықпен бiрге
жұғындыда қой ориентобильхарциозбен зақымдалғанда, микроскөппен қарау
арқылы паразит жұмыртқаларын көруге болады.
Балау тiршiлiк кезiндегi диагностика үшiн қоздырғыш жұмыртқаларын
табу әдiсiн келесi қолдану ұсынылады.
Емі. Фуадиндi 0,3 мл/кг мөлшерде бұлшық етке (күн ара) еңгiзу
ұсынылады.
Эпизоотологиялық белгiлер. Қойлар мен iрi қара мал кез келген
жаста зақымдалады. Трематодаларда жылдың барлық айларында, соның iшiнде
әсерi күз-қыс кезеңiнде табылады. Жануарлар моллюска болатын тұщы судан
су арылғанда, жайылғанда зақымдалады.
КСРО-да бұл инвазияның ошағы
55
1 сызба. Orientobilharzia turkestanicа даму
схемасы
Қазақстан, Өзбекстан, Азербайжан, Түрiкменстан, Алыс Шығыста (O. bornfordi)
тiркелген. Iрi қара мал осы ауруға өте беймдi келедi.